Экожүйелердің гомеостазы

Тарихи қалыптасқан экожүйе жай ғана қосынды, яғни оның құрамына кіретін жекелеген организмдердің жиынтығы ретінде қарастырмауы тиіс. Сыртқы ортаның біршама тұрақтылығы жағдайында өзінің орнықтылығын сақтайтын бұл жүйе сыртқы ортадағы және экожүйенің өз құрамындағы алмастырулар нәтижесінде сан алуан өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Экожүйенің өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі гомеостаз деп

аталады. Гомеостаздың инегізінде кері байланыс принципі жатыр, оны популяция тығыздығының азықтық ресурстарға тәуелділігі мысаклында көрнекі түрде түсіндіруге болады. Егер өнім – датчикке ықпал ететін болса, кері байланыс пайда болады. Популяция тығыздығының оптимумнан әрі не бері ауытқуы нәтижесінде не туылым, не өлім – жетім артады, оның нәтижесі тығыздықтың оптимумға сәйкестендірілуі болады. Бұндай кері байланыс, яғни қалыты деңгейден нормадан ауытқушылықты кемітетін байланыс теріс кері байланыс деп аталады. Оң кері байланыс болса бұндай ауытқушылықты ұлғайта түседі. Экожүйенің гомеозтазы сақталу үшін әсіресе теріс кері байланыстың маңызы зор. Атап айтқанда, нақ осы байланыстың арқасында қоректік заттардың қорлануы мен босатылуы, органикалық қосындылардың өндірілу және ыдыратылу процестері реттеледі. Басқаша айтқанда, экожүйедегі эаттар айналымдары мен энергия ағындарының әрекетесуі өздігінен коррекцияланатын түзелетін гомеостаз құрады, яғни оны сақтап тұру үшін сыртқы басқарудың қажеттігі жоқ. Экожүйенің гомеостазы белгілі-бір аралықтарда ғана сақталады. Экожүйе теріс кері байланыс ықпалының шеңберінен шығып кеткен жағдайда оң кері байланыс күшіне енеді. Теріс кері байланыстың ықпал ету аймағын гомеостаздық үстірт түрінде кескіндеуге болады. Ол сатылардан тұрады; әр саты шегінде теріс кері байланыс әсер етеді. Датчиктегі өзгерістерге байланысты гомеостаз бір сатыдан екінші сатыдағы ауысуы мүмкін. Айталық, азықтық ресурстардың мөлшері артуы кемуі гомеостазды басқа деңгейге көшіреді. Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде егіс өнімділігінің артуы көп жағдайда тыңайтқыштардың шамадан тыс берілетіндіктен, гомеостаз жүйесі теріс кері байланыс ықпалының жоғары шегінен шығып кетеді, соның салдарынан агроценозда егістік жерлердің тозуына әкеліп соғатын қалпына келмес өзгерістер басталып кетеді. Осылайша тыңайтқыштарға әуестену Орта Азиядағы көптеген мақта алқаптарының эрозияға ұшырауына әкеліп соқты.