Организмдер кездесетін кеістіктің әртүрлілігі де биоценоздың күрделі түзілісіне себеп болады. Ортаның және ондағы түрлердің әртүрлілігі. Жер түзілісі – рельф үлкен әсер көрсетеді.
Кеңістік бір түрлі екендігі өсімдіктердің әртүрлілігінен келіп шыққан болуы мүмкін. Солтүстік Американың шөл райондарында кесірткелердің 12 түрі анықталған, сол жерлерде кесірткелердің кездесуі өсімдіктердің даму дәуірін анықтайтын орташа температураға байланысты, солдәуір ұзақ және тұрақты болса өнімділік жоғары, өсімдіктер типтері әртүрлі болып, сол жердің микроклиматына бейімделген жануарлар түрлері және түр өкілдерінің саны артып барады.
Биоценоз ішінде түрлердің әр түрлілігі түрлер ара бәсекелестік және жыртқыштарда көп әсер етеді. Бір жерде немесе жақын жерлерде кездесетін түрлердің көбею дәуірлерінің созылуы мен олардың ішіндегі бәсекелестік біраз азаюы мүмкін. Құстар ішінде көбею дәуірінде азықтың және мекен- жай ұя қою үшін күшті бәсекелестік болады.
Тропикалық жағдайда табиғи такңдау олардың тығыздығы көптігіне байланысты болмаған жағдайда өтеді. Кейбір пікірлерге қарағанда тропикалық жағдайларда жыртқыш және паразиттердің көптігіне байланысты түр өкілдері және түрлер ара бәсекелестік аз болып, олжа жыртқыш өмірін сақтап тұтады.
Табиғи ортада биологиялық өнім жоғары болса, сол жердің биоценозында түрлер әртүрлі болады. Тұрақты ортада энергияның жойылуы аз және оның көп бөлігі тірі заттарда сақталады. Биологиялық өнімділіктер көптігіне байланысты популяция және биоценоз өз орнын үлкейтеді және өзгерушендік келіп шығады. Азықтың көптігі түрлердің ұзақ топтарға бөлінуіне алып келеді, ажыралған популяциялар пайда болады, олар өз ретімен биоценоздар дәрежесіне жетеді.
Биоценоздың ең үлкен ерекшелігінің бірі оның өзгергіштігі әрқандай биоценоз өзінің биотопты және кері, әр бір биотоп сол жердің биоценозы әсерінде болады. Климат, геологиялық және биотикалық факторлар әр уақытта өзгеріп тұрады. Бірақ биоценоздыңдамуына түрлі нәрселер себеп болады. Оларға биотоптың биоценозға әсері /акция/ биоценоздың биотопқа /реакция/ және организмдердің бір-біріне әсері /коакация/ жатады. Биотоптың биоценозға әсері /акция/ әртүрлі көріністе болады, яғни климаттық және геологиялық әсерлердің биоценозға әсерінен түрлі өзгерістер болады. Мысалы: түтлердің морфологиялық, физиологиялық және экологиялық ортаға бейімделуі немесе түрдің жасап тұруы және жойылуы, түрлер санының басқарылуы және басқалар.