Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal. Тұқымдасқа 80 туыс 1800 түр жатады. Тропик, субтропик, қоңыржай климатты облыстарда кең таралған. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін тамырсабақты немесе түйнекті – пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты, желек тәрізді түтікке біріккен 6 – жапырақтардан тұрады, сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3 гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльца) тұрады. Жемісі синакарпты қауашақ. Гүлінің формуласы Р3.3А3С(3).
Бордың флорасында 5 туысы 166-ден астам түрлері, Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі. Гүлді өсімдік, кейбір түрлері техникалық өсімдіктер.
Құртқашаш туысы – iris гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған. Гүлсерігі дұрыс (түтікті) 3 сыртқы 3 ішкі желектері болады. Аналығының ауызы (3) ұзын еткенді желек тәрізді бөліктен тұрады.
Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста өседі.
Гладиолус туысы – Qyladiolus. Гүлді түйнек пиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, ашық түске боялған. Борда 9 түр, Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Лалагүлдер тұқымдасы – Liliaceal. Тұқымдасқа 470 түр (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Өмірлік формалары ағаштар, лианалар, жартылай лианалар негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл, жаздық жасыл, сирек біржылдықтар. Бейімделушілік процессінің эволюциясында вегетативті органдары өзгерістерге ұшыраған. Олар баданаларға, тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды – көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты 3 өлшемді. Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарпты 3-4 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Лалагүл тұқымдасы : лалагүл туысы, қызғалдақ туысы, қаз жуа туыстарына бөлінеді.
Асфоделалар тұқымдасы – Аsphodelaceae. Бұл тұқымдасқа 40-50 туыс, 1400-1450 түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы. (Эремурс — Eremurus) – ланцет тәрізді ұзын жапырақты топтасып жертаған түзетін өсімдік. Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5-2м болатын жалғыз сабақ кетеді. Ол әдетте үлкен өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүлшоғырымен аяқталады.
Шырыштардың, БОР-дың Оңтүстік аудандарында 23 түрі, Қазақстанда 13 түрі өседі. Сәндік өсімдік мәдени жағдайға ендірілген.
Алоэ туысы – Аloe. Оның 250 түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады.
Ағаш тәрізді алоэ – Aloe arborescens. – көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін суккулент биіктігі шыққан жерінде 4м дейін барады. Жапырағы өте жуан етжеңді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау – сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді.
БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мәдени жағдайда закавказыва өстіріледі. Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады.
Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Халық медицинасында алоэның жапырағын және одан алынатын дәрі ретінде әртүрлі сыртқы және ішкі ауруларға пайдаланады.
Гиаценттер тұқымдасы – Hyacinthaceae. Көп жылдық шөптесін, пиязшықты өсімдіктер, жапырақтары жатаған, гүл сабақтары жапырақсыз сәнді өсімдіктер. Гиацинтус ориенталис, мускари – жылан пияз, зилла – сибирика өсімдіктері жатады. Жалпы бұл тұқымдасқа 40 туыс 900 түр жатады.
Гиацент (Hyacinthus) – тің гүлсерігі воронка тәрізді. Туыста 30 түр бар олар Жер Орта теңізі жағалауында, Африкада өседі. БОР –да 3 түр кездеседі. Олар Копет-да тауларында өседі.
Жуалар тұқымдасы – Alliaceae. Тұқымдасқа 32 туыс, 750 түр жатады. Олар Австралиядан басқа құрылықтың барлығында кездеседі. БОР территориясында 2 туысы, 323 түрі, Қазақстанда 1 туыс 109 түрі өседі.
Жуа туысы (лук — Allium) дүниежүзі бойынша 400 – дей түр оның 250 БОР-дың территориясында, Қазақстанда 109 түрі кездеседі.
Баданалы және тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады. Трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүл формуласы Р3.3А3.3 Са(3).
Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кезеңдерінде гүл асты жапырақшасы болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз қатпарлы жуаның (А.Сера) жапырағы трубка тәрізді басында гүлі болатын сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді. Көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ – А Sativum жапырағы жалпақ, баданасы көптеген пиязшықтан тұрады. Құрамында сарымсақ майы болады.