Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы

Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтардың барлығында әсіресе қоңыржай, суық климатты обылыстарда, Арктикаға дейін кең таралған. Түрлер саны 3 мыңдай (350 туыс). Олардың барлығының туыстық байланыстылығы тығыз байланысты, морфологиялық айырмашылығы жоқ. Қалыпты жағдайда жапырақтары кезектесіп келетін қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары тұтас немесе тілімделген болып келетін өсімдіктер. Бұларда глюкозиттер жиналады. Олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы бір тектес гүл асты, гүл үсті жапырақтары болмайды. Гүл шоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиморфты, қос жынысты гүл серігі қосарланған. Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан. 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4, ол бір шеңбер түзеді. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзын, екі қысқа сыртқы шеңбер түзеді. Гинецейі ценокарпты екі жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты екі ұялы. Гүл формуласы Са4 Со4 А2 .4 Cl(2). Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын екі жақтауы ашылды. Дәндерінің эндоспермі болмайды.
Көкнәрлар тұқымдасы (Papaveracea). Құрамында 450 түр 28-30 туысы бар. Шөптесін өсімдіктер тропикалық, субтропикалық, қоңыржай климатты обылыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шеттері тілімделген қосалқы жапырақшалары жоқ. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалойдтар бар : морфин, кодейн, пантопин басқа апиыны бар сүтті шырындары болады. Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиономорфты, сиректеу зигоморфты. Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде түсіп қалатын 2 данадан тостағанша жапырақшадан, күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлте жапырақшадан тұрады, кейде 12 –ге жетеді. Күлтесі 4 дұрыс қапталған жапырақшадан тұрады. Андроцейі шеңбер спираль бойы мен орналасқан. Олардың саны 4 немесе 6-12 – ден аспайды. Гинецейі целокарпты. Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні 2 немесе көп ұялы. Гүлдері үлкен бояулы. Жемісі қорапша.
Көкнәр туысы – мак Papaver. 120 түрі бар, БОР-да 50, Қазақстанда 11 түрі кездеседі.Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен бояулы апиын көкнәрі – мак снотворный В Sommifrum май алатын дақыл ретінде себіледі. Құрамында май болады. Медицинада апиын алынады. Шығыс көкнәрі Р. Orentalis гүлі үлкен ашық түсті сәндік үшін егіледі және сеппе көкнәр түрі бар. Гүл формуласы Са2 Со2.2 А Со.
Асқабақтар тұқымдасы – Cucurbitaceae. Бұл тұқымдасқа 1 мыңдай түр 120 туыс жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық, субтропикалық аймақтарында кең таралған. Түрлерінің пайда болған орталығы Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік Шығыс бөлігі, Оңтүстік Америка. Көпшілігі өрмелеп, сиректеу жерге төселіп өсетін бір жылдық өсімдіктер. Сабақтарының сыртында түктері болады. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары тілімделген сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған мұршалары жапырақтың қолтығынан шығатын бұтақ болып табылады. Гүлдері актиномофорты аталықтары біріккен зигоморфты. Гүл бөліктері 4 шеңбер түзіп орналасады. 5 мүшелі дара жынысты. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдік тостағаншасы 5 тісті күлтежапырағы 5 жақтаулы, қоңырау тәрізді күлте жапырағының түсі сары немесе ақ болады. Аталық гүлдің 5 аталығы болады. Тозаң қабы екі ұялы S- әріпі тәрізді. Гинецейі ценокарпты, үш жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні үш ұялы болып келетін бүйірлік жағындары болады. Тұқым бүрі көп аналықтың мойны қысқа, жемісі жидек тәрізді. Жемістері үлкен кейде 100 кг дейін болады.
Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы – Compositae. Бұл тұқымдасқа 18-20 мыңдай түр (мың туыс) жатады. Өмірлік формалары кішігірім ағаштар, бұталар, лианалар, жартылай бұталар, көп, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар көп жағдайда өрмелеп өседі, кейде скуленттер. Жер бетінің барлық құрылықтарында таралған. Көптеген туыстары өзгергіш келеді. Түрлері, тұқымы және вегетативтік жолмен көбейеді. Бұтақтарына жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде розетка түзеді. Тұқымдасқа тән белгілер: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады. Олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Орама жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауда ең қажетті белгілер. Гүлдері алуан түрлі біреулері біршама үлкен және қанық боялған, екіншілері ұсақ, көрінсіз. Олардың барлығы 4 шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 5 мүшелі тостағаншасы жел айдарға айналып кеткен редукцияға ұшыраған. Андроцейлері жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен тозаңдықтардан тұрады. Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Аналығы 1 гүл түйіні төменгі
1 ұялы аналық мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады. Жемісі тұқымнан көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары (легушка) болады.
Күлтежапырақтың құрылысына қарай гүлдердің түрлері: трубка тәрізді, тілше, жалған тілше, воронка тәрізді екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады. Гүл формуласы : Са (5) Со (5) А(5) Ge(2).
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын дәрілік, бояулық, сәндік, хош иісті өсімдіктері көп. Кейбіреулері арамшөптер тұқымдас 2 тұқымдас тармағына бөлінеді : трубкагүлділер және тілше гүлділер.
Жусан туысы – Artemisia. 400 түрі бар. БОР-да 134 түр, Қазақстанда 81 кездеседі. Ареалы Европа, Азия, Солтүстік Американың қоңыржай климатты аудандары. Шөптесін көпжылдық екі жылдық, бір жылдық өсімдіктер немесе жартылай бұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі. Жапырақтар кезектесіп орналасқан. Жапырақтары қаты тілімделген, сиректеу тұтас, эфир майлы гүлдері трубка тәрізді. Жусан түрлері шөлейт аймақта, жартылай шөлдерде ланшафт түзеді.