Бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia caries) басқа қаракүйелер секілді паразит. Зақымданған масақ зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені олардың дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір – бұдыр болады. Астықты бастырғанда споралар дәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді, соң фрагмобазидия дамиды. Оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Екі гетеральды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гидза пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызынаның астынан соң ұрықтың өсу конусына одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Соң гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Дәннің іші телиоспораға тола болады. Қарабидайдың, арпаның қатты қаракүйелері болады.
Бидайдың тозаңды қаракүйесі (ustilaqo tritici) өмірлік циклі біршама күрделі. Зақымдалған масақтың дәннің қауыздары жыртылып қара түсті телиоспоралармен жабылады. Олар бидайды қатты телиоспораларына қарағанда ұсақ және үсті кедір – бұдыр емес тегіс болады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалмаған масақтың гүліндегі аналығының аузына келіп түседі, өнеді, олардан фрагмобазидия дамиды. Бірақта базидиоспоралар түзілмейді, фрагмобазийдің гаплоидты клеткалары екеу – екеуден қосылып, дикарионды гифалар айналады. Дикарионды гифалар гүл түйініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды. Зақымданған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді. Зақымдану топырақта емес, өсімдік гүлдеген және дән байлаған кездерде жүреді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды. Осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конусына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжып қоректік заттар жиналатын гүл шоғырында ерекше қарқынмен өсіп ұлғаяды.
Клеткалар бөлініп, қалың қабықшамен қапталып, теллоспораға айналады. Бұл жағдайда гүл шоғырының түрі өзгеріп қаракүйенің ұсақ тозаңына айналады. Бұлармен күресу басқа қаракүйелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Олармен күресу үшін тұқымды 3-4 сағат бойы 28-320 градустағы жылы суға салу керек, бұл кезде мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин, 52-530 градустан астам суға салады. Бұл кезде өскен мицелий күйеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Егістікке таза сортты сұрыптап алу керек.