Кілегейлілердің таралуы

Бөлімнің құрамына 500-дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференцияланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазматикалық масса – плазмодий түрінде болады.

Оның мөлшері үлкен – диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, негізінен сапрофиттер, сиректеу паразиттері кездеседі. Сапрофиттерінің плазмодийі көп жағдайда сары, қызғыштау және де басқа түрлерге боялған немесе түссіз болады. Олар субстрат, қоректік және су бар жерлерге жылжып отырады, бірақта ашық күн түсетін жерлерден қашып отырады. Кілегейлілер секундына 0;4мм жылдамдықпен қозғалады. Қор заттары жиналған сайын плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да көптеген спорангийлер береді. Оның әрқайсысының қалың қабықшасы болады.

Көптеген түрлерінің спорангийлері жастықша тәрізді эталий деп аталатын жиынтық түзеді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады.

Эталийлері мен спорангийлерінің ішіндегі заттары мейоз жолымен бөлініп бір клеткалы спораларға айналады. Көптеген түрлерінің цитоплазматикалық массасынан капненций деп аталынатын жіпшелер түзіледі. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды және эталидің немесе спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдайлар туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді. Зооспоралар талшықтарын тастап миксоамебаларға айналады. Миксоамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процессі миксоамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижеде олардан диплоидты миксоамебалар диплоидты плазмодийлер түзіледі. Өмірлік циклінде диплоидты фазасы басым болып келеді.

Паразит миксомицеттердің спорангийлері болмайды. Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.

Классификациясы. Кілегейлілер бөлімі мынадай кластардан тұрады : протостелдтер, миксогастралар немесе нағыз кілегейлілер, плазмодофоралар, акаризиалар.

Ең көп таралғаны плазмодиофоралар. Плазмодиофоралар класының өкілдері клетка ішілік паразиттер. Көп тараған түрі плазмодиофора ол капустаның, брюкваның, капуста гүлдерінің паразиті.