Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі.
Қызыл балырлардың талломы ұзындығы 2м – ге жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Ұлпаларға дифференциациялану байқалады. Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады. Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклында қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хромотофоралары көп жағдайда диск тәрізді келеді, Сондықтан да мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикі зат ретінде пайдаланады.
Екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап тұрады, әртүрлі өрнек түзеді. Мұндай түрлер коралырифтердің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин, ксантофил,қызыл фикоэритрин, көк фикоциан пигменттері болады. Осыларға байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық – қызылдан, көкшілдеу – күлгін түске дейін боялады.
Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі сиректеу үзілген талломдарында арнайы өсу бүршіктері пайда болады. Олардан жаңа особьтар жетіледі.
Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралары спорангияның ішінде бір – бірден немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады соң судың түбіне шөгіп өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір – бірден өседі. Карпогон – колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды.Антеридиден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.
Ұрықтанғаннан соң трихогина жойылып кетеді. Карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да жаңа талломға айналады. (спорофитке).
Классификациясы. Бөлім екі класқа бөлінеді:бангиевалылар класы (Вanqiophyceal), флоридеялылар класы. (Florideophyceal) олардың әрқайсысында 6- дан қатар бар. Бангиевалылар класында 20туыс, 70 түрі бар. Көп тараған туыстарына порфира (рorhyra) комсопогон (Comsopoqon) т.б жатады. Флоридеялылар класында 49 тұқымдас бар.Бұл класқа леманеа (Lemanea), батрахосперум (Ваtrachospermum), полисифон (Polysiponia) т.б туыстар өкілдері жатады. Қызыл балдырлар кондитер, басқа өнеркәсіптерде пайдаланады.