Түрлерінің жалпы саны 1.5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттердің бірі болып табылады.Қоңыр балдырлардың таломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан эволюцияның дамуын ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен 60-100м жетеді.Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық арқаулық және механикалық өткізгіштік ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге ризоидтарға өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.
Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хромотофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болады. Артық қор заттары ламинарын (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қысытырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары немесе қозғалмайтын тетроспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы сиректеу көп клеткалы зооспораларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады.
Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері – бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.
Классификациясы. Үш кластан тұрады : изогенераттылар класы (isoqeneratae), гетерогенераттылар класы (Нeteroqeneratal) және циклоспоралар класы (Cyclosporeal).
Гетерогенераттылар класы – Нeteroqeneratal.
Өкілі ламинария (laminaria). Ол ресейдің қиыршығысындағы теңізінде және Солтүстік Мұхитта өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100см-ден аспайтын цилиндр формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді.Ламинария көп жылдық өсімдік.Оның сағағы мен ризоиды қыстап шығады, жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді.Көктемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады.Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында онда көптеген бір клеткалы зооспорангиялардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Зооспоралар біраз жүзіп жүргеннен екйін қозғалысын тоқтатып судың түбіне шөгеді де ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді.
Аталық өскенше тарамдалған жіпшелерден тұрады одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде бірнеше аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы оогониден сыртқа шығады. Оны антеридиден босаған аталық ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі. Зигота диплоидты өсімдік (спорофит) береді.
Бұл бөлімге тиісті балдырлар микроскопиялық, негізінен бір клеткалы, көбінше екі талшықты, суда еркін жүзеді.Клеткасы дорзовентраль түзілген.Олардың сыртында бойына және еніне қарай жайғасқан бір – бірімен қосылған жерінде түрлі ұзындықта 2-ден талшық шығады. Клеткасы қабықсыз немесе целюзолалы көпшілігі құмтаспен оралған. Хромотофоры клетканың шетінде жайласқан, құрамындағы хлорофилл, каротин және ксантофил пигменттері клеткаға ақ, қоңыр, қоңыр, кейде сарғыш, қызғыш түс береді. Қор заттары ретінде крахмал, май пайда етеді, жай бөліну жолымен көбейеді.Пиррофит балдырларда жыныссыз көбеюде кездесіп тұрады. Мұнда екі талшықты зооспора немесе қозғалмайтын аплоноспора пайда болады. Ыңғайсыз жағдайда цистаға айналады.Жыныстық көбею кездеспейді. Парофитт балдырлардан судың биологиялық анализыда оның ластанулық дәрежесін анықтауда пайдаланады.Пиррофит балдырлардың 1100 – ден артық түрді өз ішіне алады.
2 класқа бөлінеді : крифтофиттер және динофиттерге бөлінеді.
Пиррофит балдырлардың динофиттер класынан церацкумва перидиумды атап өтеміз.
Церацкум – Ceratium hirundinella. Клеткасы бойына ұзыншақ түзілген балдыр. Клетканың кең бөлімінде көлденең каналша болып, оны екі бөлімге бөледі. Алдыңғы ұзын өсіндіні апикал жағы, екі немесе үш әртүрлі ұзындықтағы қайрылған өсінділі бөліміні апика бетт деп аталады. Екі талшықтан бірі алдыңға қарай бағытталып, екіншісі денені каналша бойлап орап алады.
Көбеюі. Клетканың қарапайым жолмен екіге бөліну арқылы өтеді.
Перидиум – Peridinium. Клеткасы шар, немесе жұмыртқа тәрізді көрініске ие. Клетка қабықтары құм заттары мен тойынған қалқан көрініске ие. Протопласта бір ядросы бар. Хромотофоры қоңыр реңді пиреноидтары жоқ. Фотосинтез нәтижесінде крахмал және май тамшылары пайда болады.Клеткаларының тең екі бөлімге жай бөлінуі жолымен көбейеді.Су қоймаларында планитонда өмір сүреді.