«Табысты» адам және «спортпен шұғылданатын» адам түсініктері тұрмыстық санада синоним болғанда ғана спорт бұқаралық сипатқа ие болады.
Гиппократ айтқандай, гимнастика, дене жаттығулары, жүру жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын, бағалы және қуанышты өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті тұрмысына ену керек. Заманауи адам өміріндегі бұқаралық спорттың ролін бағалау қиынға соғады. Спорт адам үшін ең негізгі болып табылатын – денсаулық әкеледі, ал бұл жеке меншік капитал, бұған мансап, амандық және болашақ тәуелді болады.
Түсініктерді ауыстыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы дене шынықтыру минуттары, өндірістік гимнастика өткен кеңестік кезеңде қалды, олар ұмыт болды.
Бүгінгі күні жастар назарын БАҚ арқылы экстремалды спорт түрлеріне, күш фитнесіне бұру тенденциясы қалыптасты, ал қол жетімді, бұқаралық белсенділік түрлері, мысалы жаяу және велосипедтік жүрістер, сауықтыру жүгірісі, спорттық жүріс, қарапайым гимнастика жаттығулары назарсыз қалуда. Бәлкім, әлдекімдерге экстрим қажет те шығар, бірақ ол бұқаралық спорт сияқты кең насихаттауды қажет етпейді. Бұқаралық спорт қауіп-қатермен және жарақатпен байланысты болмау керек.
Ал ірі қалаларда жылына бір рет өткізілетін бұқаралық жүгірістер мен марафондар – салауатты өмір салтын дәріптеудің тамаша формасы, алайда бұл бұқаралық спорт емес.
Плюс статистика
Спорттық нысандарды тұрғындар үшін қол жетімді ету – әлеуметтік жаңғыртудың басым міндеттерінің бірі. Әзірге елдегі спорттық нысандардың жетімділігі туралы статистикалық мәліметтер қуанарлықтай емес: 25,7 % мектепте спорт залдары жоқ, спорттық ұйымдардың 9000-нан астамы 1991 жылға дейін, 2000-нан көбі – 1998 жылдан бастап салынған, олардың тек 69 %-ы қанағаттанарлық жағдайда, 6 %-ына күрделі жөндеу жүргізу керек, 1 %-дан астамы апаттық жағдайда болғандықтан әрекетсіз.
Спорт және дене шынықтыру мәдениеті ісі жөніндегі агенттігі жергілікті атқарушы органдармен бірге 2012 жылдың қыркүйек айында мектептердің спорттық инвентарьмен материалдық-техникалық жабдықталуына талдау жүргізді. Білім беру ұйымдарының орташа шамамен 40 %-ды құрады.
Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, спорттық секциялардағы сабақтармен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі бүгінгі күні 27 % ғана құрап отыр, ал әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш 80 % деңгейде. Дене мәдениеті мұғалімдерінің секцияларды жүргізгені үшін алатын үстеме ақы да қуантарлық емес. Үстеме ақы заңда негізгі еңбек ақы мөлшерінің 45 %-дық мөлшері (бұл 8000 мың теңгені құрайды) қарастырылғанмен, мұндай ең аз деген үстеме ақыны 40 % мұғалім ғана алады.
Жастарда бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға ынта аз, БАҚ-да әйгілі спорттық бағдарламалар аз. Бұқаралық жүгірістермен шектеліп қана қоймау керек, бұл қанша дегенмен бір реттік шаралар ғана, бұқаралық спортты дамыту керек.
Бұқаралық спорт тұрақты жүйелі сабақтарды қажет етеді. Кадрларды дайындау және олардың жұмысын лайықты бағалау керек, өз ісінің энтузиасттары қажет, қоғамды креативті ақпараттандыру керек. Әр ауданда спорттық кешен болу керек. Мысалы, бұқаралық хоккей – әр ауладағы, әр ауылдағы хоккей қорабы.
Өкінішке орай, спорт өте қымбат болып барады, өйткені төлемі жоғары фитнес-орталықтар спорттық секциялар ретінде ұғынылып жүр.
Тәжірибе – үздік мұғалім
Мемлекет еңбекке қабілетті, яғни дені сау тұрғындарға мүдделі болу керек.
АҚШ-та бұқаралық та, жоғары жетістіктер ретіндегі спортқа дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінеді. Спорт онда білім берудің негізгі бөлігі болып табылады, Америка мектептеріндегі әр алтыншы сабақ – бұл дене шынықтыру сабағы. Балалардың спорттық демалысына ата-аналар комитеті жұмылдырылады, олар секцияларды ұйымдастыруда жәрдемдеседі. Әр мектепте шамамен 20 спорттық секциялар жұмыс істейді: америкалық және еуропалық футбол, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, бейсбол және т. б. Мектеп басқармасы спортқа жұмсайтын бюджет әр мектепте болатын спорттық департаментке түседі. Егер бөлінген қаражат жеткіліксіз болса, онда мұндай департаменттер ерікті қайырымдылық қорларына жүгінуі мүмкін.
Қытайда спортты зерттеу жөніндегі бірнеше ғылыми-зерттеу институттары бар. Спорттық инфрақұрылым елде жаппай салынады. Нәтижесі белгілі: аптасына кем деген 2-3 рет спортпен айналысатын адамдар саны Пекин Олимпиадасының алдында жалпы тұрғындар санының 41 %-ын құрады.
Күш біріктіру
Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты бір-бірімен тығыз байланысты. Егер елде бұқаралық спорттың дамуы үшін қолайлы орта жасалмаса, жоғары жетістіктер спортының дамуына да негіз болмайды.
Бұқаралық спорт және дене тәрбиесі қазақстандықтардың көбі үшін әлі де жеке құндылық болмай отыр. Алайда дене тәрбиесімен және спортпен айналысу үшін адамның жалғыз тілегі жеткіліксіз. Мемлекет пен бизнестің қолдауынсыз, инфрақұрылымды дамытуға үлес қоспаусыз, БАҚ-тың қатысуынсыз оны дамыту өте қиын.
Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесінің дамуына жұмсалатын шығын медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды азайтады. Адамдар аз ауырады.
2050 Стратегиясында салауатты өмір салты ұлт саулығының кілті ретінде аталған. Сондықтан ҚР Үкіметі дене мәдениетін, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру-сауықтыру нысандарын типтік, сонымен бірге аулалық жобалар бойынша салу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Осылайша, 2014–2016 жылдардағы бюджетте Қазақстанның бірқатар аймақтарында дене шынықтыру кешендерінің құрылысына арналған қаражат салынған. Барлық бағыттағы жұмыс өте көп, ал бүкіл қоғамның бірлескен күшінің нәтижесі әрқайсымызға зор пайда әкеледі!