Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншіктермен шашақталған, басының алдыңғы жағыда сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің үш жағына орналасқан. Эпидермисті жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасады да, сыртқа ашылатын орқайсысының жеке жолдары болады.
Ет системаеының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.
Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтықаншақ екі тарамға балінеді: жоғарғы тараммен қоректік заттар ішке қарай кетеді. Ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіл жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысына етуін баяулатып, оның толық қорытуына себепші болады.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.
Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.
Сезім органдары — өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.
Зәр шығару органы — мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалардан шыққан заттар дененін ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына келіп құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты.
1-отряд. Миногалар — (Petromyzoniformes)
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.
Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.
2-отряд. Миксиндер — (Myxiniformes)
Балықтардың уақыттша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілігіне икемделіп маманданған. Миксиндердің арқа қанаттары болмайды. Нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды, құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұсқасы бар.
Ауыз воронкасының жиегінде 4 жұп қармалағыштары, тілінің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілікте желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әр бір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жұтқыншақпен байланысады да, ылайға көміліп тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5-15 жетеді. Миксиндер қос жынысты организмдер. Жұмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларының сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады да, сонымен қатар ұшы ілмекті жіпшелері болады. Миксиндер 20-30 жұмыртқа, ал миногалар 20-30 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индия мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20-50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500-1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады. Миксиндер балықтардың терісі мен скелетінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе, ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді.