Көмірсулар және липидтер, олардың классификациясы және зат алмасудағы энергетикалық маңызы

Көмірсулар табиғатта кен таралған органикалық қосылыстар. Оларға құрамында көміртек, оттек және сутек бар органикалық қосылыстарға жатады. Көмірсулардың жалпы формуласы Сm Н2n Оn

Көмірсулар: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер болып бөлінеді. Көмірсуларды кейінгі кезде глицидтер деп атайды. Көмірсулар қасиеті жағынан әр түрлі және түрлі құрылымдық формада болады. Олардың ішінде үлкен, кіші молекулалы, кристалды және борпылдақ, суда жақсы еритін, ерімейтін, гидролизденетін, оңай тотығу процесі жүретін қосылыстар көптеп кездеседі. Әр түрлі химиялық қасиеттері бар көмірсулардың жалпы организмде тіршілік процесі үшін, әсіресе жануарлар мен өсімдіктердің тканін құруда ролі өте күшті. Көмірсулар көптеген органикалық қосылыстардың құрамды бөлігі болумен қатар, организмдегі заттардын алмасуына активті түрде қатысады.

Көмірсулардың биологиялық маңызы

Көмірсулар деп молекуласы кэбінесе химиялың элемент-терден — көмтртек, сутек және оттегінен түратын органика-лык коспаларды айтады.. Көмірсулар деп аталуы, олардың ал-ғашкы зерттелген өкілдері /С6 Н 12 О6 мен көміртек атомы-нан құралған тәрізді. Жалпы формуласы: Сn Н2 Оn . Тарихи аты сол уақыттардан бері сақталып отыр.

К.А.Тимирязев есімдіктердің жасыл жапырағында ауадан алынатын көміркышқыл газы мен тамыр арқылы келетін судан күрделі органикалық заттардың құралатынын, осы процесс кезінде ауаға өсімдіктерден оттегінің бөлініп шығатынын дәлелдеді. Бұл процесті фотосинтеэ /»фото»-сәуле, «синтез» — жинау деген грек сөздерінен алынған/ дейді. Тұтас алғанда, фотосинтез процесінің мәні химиялық мынандай процестермен өрнектеледі:

6С02 + 6Н2 О + 2874 кДж → С6НІ206 + 602

Фотосинтез процесі күн сәулесімен хлорофилдің көмегі-нің аркасында жүреді. Фотосинтез — табиги лаборатория, жер бетіндегі теңдесі жок физиологиялык процесс. Күн сәулесі жыл сайын жер бетіне 5-10 ккал энергия береді. Күн сәулесі табиғаттың тыңайтқыш күші болып есептеледі. Ал өсімдік болса «заводтар» мен оның «цехтарында» органикалық заттардың /көмірсулардың/ мол корын жинақ тауға жағдай жасайды.

Көмірсулар табиғатта кен таралған, олардың үлесіне өсімдіктердің 80-90 °/с құрғақ заттары, ал жануарлардың 1-2 70 құрғақ заттары жатады.

Көмірсулардың маңызы көп қырлы. Олар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры /крахмал/ түрінде жиналады. Жануар мен адам организмінде көмірсулар химиялық энергияның ең басты көзі болып табылады. Жануар организмінің тканьдертнде гликоген түрінде қор болып жиналады.

Көмірсулар химиялық құрамы жөнінен 3 класқа бөлінеді: Т. Моносахаридтер — қарапайым қанттар /глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза/.

Дисахаридтер — әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады /сахароза, мальтоэа, лактоза/.

Полисахаридтер — өте күрделі заттар /крахмал, клетчатка, гликоген/.

Биологиялық жағынан пентозалар мен гексозалар үлкен маңызга ие.