Ішкі секреция туралы ілім-Эндокринология деп аталады. Ішкі секреция деп, бездің секретінің тікелей ішкі ортаға-қаңға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түсуін айтады. Сондықтан ішкі секреция бездерін эндокриндік органдар деп аталады.
Сонымен қатар сыртқы секторлы функцияны атқаратын органдар болады. Олар сектертерін белгілі бір қуысқа арнайы өзектер арқылы бөліп шығарады. Сыртқы секреция бездері: сілекей, тер, қарын, т.б.
Ал ішкі секреция бездерінде мұндай өзектер болмайды. Бұл бездердің құрлысы әр түрлі, бірақ олардың барлығында қабырғасы өте жұқа қан тамырлар жүйесі жиі орналасады. Ішкі секреция бездерінің негізгі түрлері: гипофиз, эпифиз, үйқы безі, бүйрек үсті, қалқанша безі, қалқан серік безі, айыршық немесе тимус, жыныс, қарын асты, т.б. Ұйқы, жыныс және қарын асты бездері ішкі және сыртқы секцрециялық қызмет атқарады.
Ішкі секреция бездерінің өнімдерінің секреция бездерінің өнімдерін гормондар (гармао-қозғаймын, қоздырамын) деп аталады. Гармондар деп атауды Ағылшын физиолгтар Бейлисс және Старлине ұсынды, ХХ Гармондар арқылы түрлі органдар бір бірімен байланысады. Олар өте аз мөлшерде әсер етеді, энергияның әсерінен бұзылмайды және ұлпа түзуде пластикалық материал ретінде қатыспайды.
Гармондық реттеу кез келген басқа реттеу жүйелері сияқты, арнайы бөлімдерден құралады. Мысалы: басқарушы аппарат, ақпаратты тура және кері жеткізу каналдары, ақпаратты беретін сигналдар, атқарушы органдар және басқарылатын объектілер болады.
Эндокриндік бездер қызметі екі жолмен басқарылады:
- ОЖЖ-нің құрылымдары арқылы бірден іске асады. Яғни нерв импульстері гармон синтездейтін (жасайтын) және бөлетін эндокриндік құрылымдарға тікелей беріледі. Бұл жолда нервтік, цереброгландулярлық (ми-без) немесе парагипофиздік (гипофизден тыс) деп аталады. Бұл барлық эндокриндік жасушалар қызметіне ортақ механизм.
- Гуморалды-ОЖЖ-нің реттеушілік әсері түрлі эндокриндік жасушаларға гипофиз арқылы беріледі, оны церебропитуитарлық (ми-гипофиз) немесе гипофизарлық деп аталады.
Гипофизде жасалатын троптық гармондар әрекетімен қызметін өзгертетін эндокринді бездер (қалқанша без, бүйрек үсті безінің қыртысы) басқарылады. Бұлардан басқа, кейбір эндокриндік жасушалар қызметін басқарудың негізгі жолы-кері байланысқа негізделген жергілікті реттелу болып есептеледі. Мысалы: Лангеранс аралықтарында жасалатын, қандағы қант мөлшшерін реттейтін гормонның секрециясы қандағы глюкоза шамасына орай, паратин, кальцитонин гормондарының секрециясы қандағы кальций мөлшеріне байланысты өзгереді. Мұндай нейро-гуморальды басқарудың бөлімдері тек жергілікті өздігінен реттелуді күшейтеді немесе әлсіретеді.
Эндокриндік функцияларды басқарушы орталық құрылым-гипоталамус. Бұл бөлімі басқарудың екі жолы да нервтік пен гипофизарлық іске асырылады. Гипофизаламус нейро-секреторлы функция атқарады, арнайы жасушаларды реттеуші пептидтер-нейрогормондар синтезден, нейросекреция бөледі. Бұл жасушаларда нервтік (әрекет потенциалымен тудырушы) және секторлы (гормон жасушылық ) қызметтер атқарылады.
Эндокриндік жасушалар жасайтын гормондар химиялық табиғаты тұрғысынан үш топқа жатады:
- Амин қышқылдарының туындылары: тиреодты гормондар, адреналин, эпифиз гормондары.
- Пентидті жәнебелокты қосылыстар: гипоталмустың нейропентидтер, гипофиз, қалқанша серік безі гормондары:
- стреоидтылар: бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының, жыныс бездерінің гормондары және бүйректе жасалатын гормонкальцитрал.
- Гормондар синтезделуі үздіксіз жүреді. Синтезделу қарқыны мен секреция (бөлініп шығу) қарқыны өзара байланысты.
Жасушада секрециялану өссе синтезделу өседі және керісінше.
Гормондар әсер етуінің түрлері, жолдары және механизмдері.
Гормондардың организдегі әрекетінің бес түрі бар: метаболикалық, морфогенетикалық, кинетикалық, корреляцияланушы (түзуші) реактогендік.
- Нысана ұлпадан зат алмасу процесінің өзгерістеріне үш түрлі гормондық әсерлер іске асырады. Біріншіден, гормондар жасуша мен оның органоидтары мембранасының өткізгіштігін өзгертеді, яғни метаболиттердің тасмалдауына керек (молекулалар, ферменттер, иондар) жағдайлар өзгереді, нәтижесінде метаболизмнің барлық түрлері өзгереді. Екіншіден, олардың құрылымы мен конфигурациясының өзгеруінен, кофакторлармен байланыстың жеңілдеунен фермент молекулаларының ыдырау қарқыннының азайып-көбеюіне, проферменттер белсенділігінің келіп-күшеюіне көрінеді. Үшіншіден, гормондар жасуша ядросының генетикалық аппаратына тікелей немесе жанама жолдармен әсер ету арқылы ферменттер синтезін белсендетеді және тежейді.
- Морфогенетикалық әсер жасушаның генетикалық аппаратында және зат алмасуда жүретін өзгерістер нәтижесінде пішін түзілу, жіктелу (диффференцировка), құрылымдық элементтер өсуінен көрінеді.
- Кинетикалық әсер белгілі бір қызметтің, орган әрекетінің іске қосылуынан көрінеді. Мысалы: адренамен бауырдағы гликогеннің ыдырауына, қанға глюкозаның түсуіне себепші.
- Корреляциялаушы әсер-қызмет атқарып тұрған органның жұмыс қарқынын кемітуден немесе өсіруден көрінеді. Мыс: адренами бауырдағы глиногеннің ыдырауын жақсартады.
- Реактогендік әсер ұлпаның сол гармонға басқа гармондарға, нерв импульсін жеткізуші медиаторларға жауап беру қабілетінің (реактивтік) деңгейін өзгертуден көрінеді. Мысалы: кальций реттеуші гормондар нефронның дистальды бөлімінің вазопреесин әсеріне сезгіштігін төмендетеді, фолликулин прогестеронның жатырдың кілегей қабығына әсерін күшейтеді.
Гормондардың әсер ету механизмінің екі түрі бар:
- жасуша мембранасы арқылы өте алмайтын немесе өтуі қиын пептидты гормондар мен катехоламиндер үшін.
- мембрана арқылы өтіп, жасуша цитоплазмасындағы рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде өз әрекетін іске асыратын стеройдты гормондар мен қалқанша без гормондары үшін.
Пептидты, белокты гормондар және катехоламиндер жасуша мембранасының сыртқы бетіндегі спецификалық рецепторлармен гормон-рецепторлық кешен түзеді. Кешеннің әрекетімен өз қызметін цитоплазмада, ядрода және органоидтарда іске асыратын, яғни гормондық реттеуші эффект тудыратын соңғы аралық қосылыстар (посредники) пайда болады.
- Аденилатциклаза-йиклды еденозин-моно-фосфат 1ц АМФ
- Гуанилатциклаза-циклды гуанозин-моно фосфат (цГМФ)
- Фосфолиплаза С-инозитол-үш-фосфат (ИФ3)
- Иондаған кальций
Оганизм жасушаларының көпшілігінде аталған соңғы аралық қосылыстардың барлығы (ц. ГМ-тан басқасы) жасала алады және олар бір-бірімен түрліше өзара байланыс орнатады. Мысалы:
- Гормондық эфектіні тудыруда тең құқықты түрде қатысу.
- Аралық қосылыстар тиісті кезеңнен бірінің әсерінің келесіні жалғастыру.
- Аралық қосылыстардың бірінің негізгі рол атқаруы.
- Бірінің әсерін келесілерінің қайталай алуы (бірі екіншісінің орнына жүре алу)
- Аралық қосылыстардың антогогнист болуы (бір-реакцияны тудырады, екіншісі-оны тежейді)
Стеройдты гормондардың әсер ету механизмі оларды мембраналық рецепорспецификалық түрде “танып”, жасушаның ішіне өткізеді. Онда ерекше цитоплазмалық белок рецептор болады. ол гормондармен байланысқа түседі. Осындай күйде ол жасуша ядросына өтеді. Ол жерде үшінші рецептор бар. Онымен қосылудан горман-ядро рецепторы кешені түзіледі. Бұл кешен хроматинді акцептормен, спецификалық қышқыл белокпен, ДНК-мен байланысады. Сонында спецификалық м РНК транскрипциясы жанданады: тасымалдаушы және рибосомдық РНК синтезделеді, осы тәріздес белок пен ферменттер синтезіне керек реакциялар цитоплазма, рибосомада да жалғасады. Бұл процестер жүру үшін ядрода гормон-рецепторлық ешен бірнеше сағаттар бойы болуы керек. Сонымен қатар стероидты гормондар әсерінен жасушадағы ц. АМФ және иондаған кальцийдің мөлшері көбейеді. Олар жасушадағы соңғы аралық қосылыстардың жүйесін жандандырады. Ал пентидті гормондар өз тарапынан жасуша ядросындағы гендер транскрипциясына таңдамалы түрде әсер етеді алады. Бұл жасушаның сыртқы бетінен аралық қосылыстар көмегімен, яғни пентидтер гормондардың жасуша ішіне өтуі арқылы жүзеге асады. Пентидті гормон-рецепторлы кешеннің интернализациясы (ішкі өтуі) эндоцитоз арқылы жүреді. Цитоплазмада гормон-рецепторлық кешені бар көпіршік пайда болады. Оны лизосома бұзады. Бірақ ол белсенділік көрсетеді.