Аннелидтер (латынша «annulus» — сақина) немесе буылтык кұрттар типі — жоғарғы сатыдағы кұрттар, целом куысты (соеlоmаtа) жануарлар. Буылтық кұрттар төменгі сатыдағы кұрттардан -морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардын денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) кұралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сырткы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік кабықталған қабаты бар қуыска айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен кұралған.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан кұралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық кұрттардың денесі арқақұрсақ (дорза-вентральды) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер –
Және белдеулілер — сlіtеllаta.
Буылтық құрттар типі — аnnelida
Белдеусіздер тип тармағы — асlitellata
Көпқылтандылар класы — роlүснаета
Кезбешілер немесе еркiн жүзушілер класс
Тармағы — errantia
Отырғыштар немесе бекініп тіршілік ететіндер
Класс тармағы — sedentaria
Белдеулілер тип тармағы — сlitellata
Азқылтандылар класы — оligochaeta
Найдоморфа отряды – naidomorpha
Люмбрикоморфа отряды — lumbricomorpha
Сүліктер класы — нirudinea
Ежелп сүліктер класс тармағы – аrchihirudinea
Қылтанды сүліктер отряды — асаnthobdellida
Нағыз сүліктер класс тармағы – euhirudinea
Жақты сүліктер отряды — gnathobdellida
Белдеусіздер тип тармағы — асlітеllata
Белдеусіздер тип тармағына — теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар кұpттар жатады. Бұларға бір класс жатады — көпқылтандылар — роіусhаеtа.
Көпқылтандылар класы — роlүснаета
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді, тек маnауикіа bаісаlеnsіs тұщы суларда кездеседі. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (еиnісе qіqаntеа). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, «үйшіктер», түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы. Полихеттердің денесі құрт-тәрізді, созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден тұрады, сегмент-терінің саны 5-тен 800-ге дейін болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе олигомерлі полихеттер деп атайды (dinophilus, myzostomum туысынан), ал көп болса — көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.
Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе — просто-миум және ауыз сегменті — перистомиум. Простомиумда көру мүшелeрі, қармалағыштары /антенна/ және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда – ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары – цифралары.
Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан тұрады: арқа /нотоподия/ және құрсақ /нейроподия/. Параподидің арқа және кұрсақ бөліктерінде мұртшалары /цирралары/ және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар жіңішке, хитинге жақын органикалық заттан құралған. Осылардың арасында ацикула деп аталатын қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады. Қылтандарының көп болатындығынан класс көпқылтанды кұрттар деп аталады.
Параподиялардыц және қылтандарының көлемі, формасы, саны әр түрлі. Кейбір қозғалып өмір сүретін полихеттерде параподияларының үстінде тарамдалған өсінділері бар, олар — желбезектер / еuniсе тұсында/. Бекініп тіршілік ететін түрлерінде параподиялар денесінің алдыңғы жағында ғана дамиды, ал денесінің артқы жағында олар жойылып, тек қылтандары ғана сақталған, солар арқылы кұмды қазады. Ал dinophilus — туысының өкілдерінде параподиялары мен қылтандары жоқ.
Зәр шығару жүйесінің тағы бір ерекшелігі нефридия түтіктеріне жыныс воронкасы немесе жыныс жолдары келіп қосылады, сонымен аралас нефридия немесе нефромиксиялар пайда болады. Нефромиксия-лар жыныс клеткалары мен несеп заттарын сыртқа шығарады.
Нефридиялардан басқа зәр шығару қызметін ірі хлорагогенді клеткалар атқарады. Олар қан тамырлары мен перитонеальды эпителий қабатында орналасып, өздерінің бойына зат алмасудың соңғы қалдықтарын жинап, целом куысына өтеді де, нефридия арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі. Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл денесімен, кейбір түрлері параподияларында орналасқан желбезек арқылы тыныс алады, ал желбезектері қан тамырларына бай келеді.
Қан айналу жүйесі тұйық қан тамырларынан тұрады. Ең басты ұзын арқа және кұрсақ қан тамырлары. Олар көлденең сақина тәрізді тамырларымен жалғасқан. Осы қан тамырлардан ішкі мүшелеріне, желбезектеріне, терісіне ұштасқан майда қан тамырлары және капил-лярлары тарап отырады. Қан басты тамырлардан майда тамырларға және капиллярларға өтіп, олардан қайта басты тамырларға оралып келеді, сондықтан қан айналу жүйесі жабық немесе тұйық- арқа қан тамырының және баска қан тамырларының мезгіл-мезгіл қысқарып жиырылуы нәтижесінде қан ағып отырады.
Арқа тамырындағы қан денесінің артқы жағынан бас жағына қарай ағады, одан кейін алдыңғы сақиналы тамырлары арқылы кұрсақ тамырына өтіп, бұл жерден, яғни бас жағынан артқы жағына қарай ағады. Қан тамырларының қуысы бірінші қуыстың (схизоцель) қалдығы болып саналады.
Полихеттердің басым көпшілігінің қандары қызыл түсті, плаз-маның құрамындағы гемоглобиндердің болуына байланысты (nerеіs, агеnісоlа туыстарының), қалғандарының қаны жасыл, себебі плазманың кұрамында гемоглобинге жақын хлороклуорин т. Б. Заттар болады.
Олигомерлық полихеттерде dinорhіlus, мугstomum туыстарының және glусегісdае түқымдасының қан айналу жүйесі жойылған, оның қызметін куыстың сұйық заты орындайды.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина -коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты ганглиясы құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ тізбегі — метамерлі (әрбір сегментіңде) орналасқан нерв ганглияларынан тұрады.
Полихеттердің төменгі сатыдағы түрлерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары — бір-бірімен көлденең комиссурамен жалғасып сатылы нерв тізбегін құрайды (dіnорhіous туысында), ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары бір-бірімен қосылып, тұтас құрсақ нерв тізбегіне айналған. Ганглиялар коннектива арқылы жалғасады. Екі сегментте жатқан ганглияларды жалғастыратын көлденең сала -коннектива, бір сегменттегі екі ганглияны жалғастыратын – комиссура.
Нервтер орталық нерв жүйесінен тарайды. Миы антенналарды (мұртшаларды), пальпаларды, көздерін нервтендірсе, құрсақ бөліміндегі әрбір ганглиялар өз сегментіне сай келетін мүшелерді нервтендіреді.
Еркін тіршілік ететін түрлерінде сезім мүшелері жақсы жетілген. Эпителиальды сезгіш клеткаларынан басқа, терісінде арнайы иіс және химиялық әсерді сезу мүшелері бар. Бұл қызметті атқаратын простомиумда орналаскан антенналар, пальпалар, талшыктар, кірпікшелі шүңкырлар және параподиядағы мұртшалар (цирралар). Тепе-теңдікті сезетін статоцисталар өте аз.
Простомиумның арқа жағыңда, миының үстінде кору қызметін атқаратын 2 немесе 4 көздері бар, олар эпителий клеткаларымсн астарланған көз ұяшығында орналасады. Эпителий қабаты тор қабық-тың (сетчатканын) кызметін атқарады. Ол екі түрлі клеткалардан тұрады. Оның бір түрі жарық сезу клеткалары немесе ретинальды клеткалар. Олар бір жағынан жарық сезу таяқшасына айналса, скінші жағынан нерв жүйесімен жалғасады.
Аlсіорhidае түқымдасының көздері күрделіленіп, тері кабатынан бөлектеніп, түйык көз көпіршігіне айналған. Оның мөлдір қабығы, тор кабығы, шыны тәрізді дене және көз жанары болады. Төмснгі сатыдағы полихеттердін көздері түбінде көру клеткалары бар пигменттік бокал сияқты турбелляриялардың көздеріне үксас инверттелген.
Жыныс жүйесі қарапайым. Полихеттер дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Жыныс клеткалары алдыңғы және артқы сегменттерінен басқа барлык, сегменттерінде куыстың перитонеальды эпителий қабатының астында орналасады. Жыныс клеткалары тез бөлініп, жинакталып, сыртынан перитонеальды эпителидің жүқа қабатымен капталады. Осылайша целоммен тығыз байланысты гонада түзіледі. Даму барысында алғашкы жұка перитонеальды эпителимен капталған гонада жарылады да, жүмырт-қалары немесе сперматозоидтары целом куысына түседі. Осы жерде жұмыртқалар дамып жетіледі. Кейбір полихеттердін жүмыртқа шығарғыш жолдары жоқ, сондықтан олардын үрықтары дененің кабырғасын тесіп сыртқа шығады. Саріісііісіае түқымдасының екілдерінде кірпікшелермен қапталған целомодукт деп аталатын жыныс воронкасы (оймышы) бар. Жыныс клеткалары сол воронка арқылы түтікшемен сыртқа шыгарылады. Қалған түрлерінде цсломодуктілср немесе түкым шығарғыш жолдары нсфридия түтікшелерімен бірігіп кетеді де, жыныс клеткалары нссеп заттары-мен аралас нефридия немесе нефромиксиялар аркылы сыртка шығарылады. Жұмыртқалар сырттай ұрыктанады.
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де байқалады. Мысалы, кегеіііае, ешііскіае тұкымдастарының өкілдері жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. Бүлардың дснесі екі ерекше бөлімдергс бөлінеді: алдыңғы атокты және артқы эпитокты.
Екеуінің айырмашылықтары: артқы бөлімінің ішкі мүшелерінің құрылысы және сегменттері сол күйінде сақталып қалады, тек жыныс клеткалары бұларда дамымайды, ал эпитокия бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге ұшыраған, яғни ішкі мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс жұмыртқаларына толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, теңіздің жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс клеткалары сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар ұрықтанып, бөлшектену кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол мекен ететін жерлерінде қалып, регенерациялық қабілеттілігіне байланысты жойылған сeгменттерін қалпына келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло өкілдерінде эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп немесе бірнеше біріккен сегментгері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына көтеріледі; аutolytus соrnutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырайтын жeрінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгдe особьқа айналады; мугіаnіdа fаsсіаtа-лар эпиток бөлімінде жыныс зооидтарды немесе бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп түспей тұрып, екіншісі, үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бласто-зооидтар түзіледі. Кейін олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену байқалады, басқа түрлерінде эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық бағытта өтеді.
Полихеттердің жыныссыз көбеюі жыл маусымының белгілі бір уақытында өтеді. Мысалы, тынық мұхитта тіршілік ететін палоло -еunісе viridis жылдың қазан немесе қараша айларында жаңа ай туған мезгілде жыныссыз жолмен көбейеді. Осы уақытта фиджа жәнe самоа аралдарының жергілікті тұрғындары теңіздің бетінде қалқып жүрген эпиток бөлімдерін жинап, тамакка пайдаланады. Атлант мұхитында тіршілік ететін еuпісе fuсаtа шілде айында көбейеді.
Полихеттердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Дамуындағы басты ерекшеліктері: зиготаның спиральды, детерминативті бөлінуі, трохофора личинкасының пайда болуы және мезодермалық жолақтың ажырауынан мезодерманың түзілуі.
Полихеттердің эмбриональды дамуына толық, спиральды детерминативті-бөлшектену тән. Ұрықтанған жұмыртқа (зигота) алдымен меридиональды екі рет бөлініп, біркелкі төрт бластомерлері құрылады — а, в, с, о (бовери ұсынған система бойынша бласто-мерлерді әріппен белгілейді). Бұлар негізгі квартет, болашақ. Ұрықтың құрсақ (в), арқа (э), сол жақ (а), оң жақ (с) қатарын түзейді. Осы төрт бластомерлер енді көлбеген жазықтық бағытында бөлшектеніп төрт ұсақ жоғарғы (анимальды) және төрт ірі төменгі (вегетативті) бластомерлерді жасайды. Сонда төрт микромерлі және төрт макро-мерлі квартет түзіледі — 1А, 1В, 1С, ы, 1а, 1в, 1с .
Бластомерлердін азырақ (45°) ылдилау бағытында бөлшекітенуінің нәтижесінде микромерлер макромерлердің дәл үстіңгі жағына шықпай, сәл қисықтау орналасып макромерлердің аралығына орнығады. Мысалы, 1А микромер 1а, ів макромерлердің шекарасын-да орналасқан. Келесі бөлшектенулерде микромерлер оң және сол жаққа бұрылады. Осындай бөлшектенуді спиральды деп атайды.
Әрбір бластомердің дамуы алғашқы кезеңінде-ақ айқындалады. Мысалы, алғашқы үш квартеттің микромерлері (1А, 1В, 1С, ід; 2А, 2В, 2С, 2&, за, зв, зс, 3{і) личинканың эктодермасын калыптастырады,
4D — целомдық мезодерманы, ал қалғандары — энтодерманы (4А, 4В, 4С; 1а, 1в, 1с, ю; 2а, 2в, 2с, 20; за, зв, зс, ж; 4а, 4в, 4с, 4о). Бұл детерминативті даму.
Бөлшектену кезеңінің нәтижесінде — шар тәрізді ұрық бластула пайда болады. Осыдан екі қабатты ұрық гаструла қалыптасады да, ол дамып полихеттерге тән личинка трохофораға айналады.
Трохофораның денесі шар, эллипс немесе алмүрт тәрізді. Трохофораның анимальды (жоғарғы) полюсіндегі төбелік тақтаның үстінде ұзын кірпікшелерден тұратын айдары (сұлтан), ал экваторлық полюсінде екі қатар кірпікшелі белдеушелері бар: біреуі ауыз үсті немесе прототрох, екіншісі — ауыз асты — метатрох. Осы белдеушелері трохофораны екі жартыға бөледі — эписфера (үстіңгі) және гипосфера (төменгі). Екеуінің арасында құрсақ жағында ауыз тесігі орналасқан, ол эктодермалъды алдыңғы, қап тәрізді энтодермальды ортаңғы және қысқа эктодермальды артқы ішекке жалғасып, денесінің төменгі жағында аналь тесігімен аяқталады. Ішектің жанында протонефридиялары орналасқан, ал ішек пен терінің арасында — бірінші қуыс. Артқы ішектің екі жанында мезодермалық жолақтардың негізін кұрайтын, 4D 1 микромердің ұрпағынан түзілетін екі ірі мезодерма клеткалары немесе алғашқы телобласт (мезобласт) клеткалары орналасқан.
Кірпікшелерінің көмегімен трохофора біраз уақыт судың жоғарғы қабатында жүзіп жүреді де, кейін су түбіне түсіп, метаморфозға ұшырап, келесі метатрохофора личинка сатысына ауысады. Метаморфоз өзгерісіне ұшыраған кезінде трохофораның үстіңгі эписфера жартысы метатрохофораның бас қалақшасына — простомиумға айналады, төбелік тақтасының клеткалары — ми ганглиясына, томенгі гипосфера жартысы созылып перистомиумға және үш сегментке neris, роlmаtосеrus туысында, ал қалғандарында 9-13-сегменттерге дейін бөлінеді. Сегменттерінде параподиялары, қылтандары дами бастайды. Сонымен қатар трохофора ішегінің бүйірлерінде орналасқан екі телобласт клеткалары тез бөлініп ұзарған мезодермалық жолақтарды тудырады да, олар сегмснттерінің санына сәйкес тығы орналасқан клеткалар тобына немесе сомиттерге белінеді. Кейін сомит клеткалары ішек нен теріге қарай ысырылып, ортасында целом қуысы пайда болады. Трохофораның артқы үшы метатрохофораның аналь қалақшасына немесс пигидиясына айналады.
Сонымен, сегменттелмеген алғашқы дене куысы, протонефри-диялы жүйесі бар трохофора келесі личинкалық кезең — метатрохо-фораға — ауысады. Түзілген метатрохофора бас бөлімі (простомиумнан, перистомиумнан), бірнеше ларвальдық (lагvа — личинка) немесе личинкалық сегменттен және кішкентай анальды бөлім — пигидиумнан тұрады. Метатрохофора біраз уақыт суда жүзіп жүреді де, кейін ересек түріне айнала бастайды. Осы кезде пигидия (аналь) бөлімінің алдыңғы жиегінде өсу зонасы түзіледі. Өсу зонасының клеткалары үздіксіз бөлініп, жаңадан сегментгерді бере бастайды, бұлар ересек формасының сегменттері немесе постларвальды (ларвальды сегменттен кейінгі) сегменттері. Әрбір сегмент пайда болған сайын өсу зонасы да соған ауыса береді.
Сегменттерінің әрқайсысының ішінде, ішектің екі жанында орналасқан сомиттерден целом қапшығы қалыптасады. Бұл өзінің дамып өсу кезінде біртіндеп бірінші қуысты ығыстырып шығарады. Осыған байланысты бірінші қуыс сомиттердің арасында, ішектің маңында ұзынша саңылаулар (синус, лакуна) түрінде қалады.
Целом қуысының арнайы қабаттары болады: теріге жанасатын -париетальді кабаты немесе соматоплевра; ішекке — висцеральды немесе спланхноплевра; ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасқан арқа-кұрсақ мезентериялар; екі сегментгің қуысы бір-бірімен түйіскен жерінде диссспимент құрылады. Осы қабаттардан клеткалар бөлініп, олардан ішкі мүшелер калыптасады: соматоплеврадан — бұлшықеттер, спланхноплеврадан — ішек бүлшықеттері, мезентериялардан — арқа-құрсақ қан тамырлары, диссепиментгсн -жыныс воронкасы (целомодукт). Целом қуысы қалыптасып болғаннан кейін әрбір сегменттерінде параподиялары және ішкі мүшелері дамиды.
Сонымен, метаморфоз өзгерісінде екі түрлі сегменттер кұралады: ларвальды және постларвальды. Бұлардың ерекше белгілері: ларвальды сегменттер ең алдымен жәнс бір уақытта түзіледі, сегменттациясы сыртқы жағынан басталады, метанефридиялары және жыныс клеткалары болмайды;постларвальды сегменттер ларвальды сегменттерден кейін түзіледі және бір уақытта емес, сегменттациясы ішкі жағынан мезодермадан басталады, метанефридиялары, жыныс бездері дамиды.
Полихеттердің дамуын зерттеуде эмбриолог п. Ii. Иванов (1912, 1928, 1944) зор еңбек етті. Ол полихеттердің сегмеиттерінің екі жақ-тылық тегінің теориясын дамытты. П. П. Иванов метатрохофораның аздаған сегменттерін ларвальды деп, ал онан кейін пайда болған сегменттерді постларвальды деп атады. Олигомерлі полихеттердің денесі тек қана ларвальды сегменттерден тұрады, сондықтан олар метатрохофораға ұксас (dinophilus, муzоstоmum). Полимерлі полихеттердің денесі әр түрлі тектес бөлімдерден кұралған: бас бөлімі — простомиумнан, перистомиумнан; бірнеше ларвальды; көптеген постларвальды сегменттерден және аналь бөлімі — пигидиядан.
Классификациясы. Көпқылтандылар класы екі класс тармағына бөлінеді: кезбешілер немесе еркін жүзушілер — еггапtіа және отырғыштар немесe бeкініп тіршілік eтетіндер — sedentaria.
Кезбешілер класс тармағы — еrrаnтіа
Бас қалақшалары және параподиялары жақсы дамыған, сегменттері гомономды, нефридиялары метамерлі орналасқан, көбінесе еркін жүзіп немесе жорғалап жүретін жыртқыштар. Теңіз жағалауларында, литораль аймағында мекендейді, 1 метрден 8 метрге дейін тереңдікте кездеседі, ал аlсіорe vаnаdis — планктонды, мелдір полихет. Негiзгі тұқымдастары:
Арhгоdіtidае, рhуllocіdae, тоmорtегіdае, sу1lidае, neгеidae, eunicidae.
Ро1уqогdіdае, ргоtodrilidae тұкымдасының өкілдері су түбін қазып, ал жіп тәрізді балдырлардың арасында тіршілік етеді. Денелері өте ұсак, қарапайым құрылысты. Бұлар алғашқы полихеттерге жатады.
Муzostomіdа тобындағы полихеттер тікентерілілердің (теңіз жұлдызы, теңіз лалагүлі) паразиттері. Кезбешілер көбіне ащылау суларда мекендейді, әсіресе жерорта, қара теңіз түбінде. 1940 жылдары азов теңізінен каспий теңізіне жерсіндіріліп (акклиматизацияланып), олар жаңа ортаға бейімделіп кең тараған, бұлардың балықтарға корек ретінде манызы зор
Отырғыштар класс тармағы — 8еоемтакіа
Бас қалақшалары және параподиялары нашар дамыған, кейде редукцияға ұшыраған, сегменттері гетерономды, нефридиялары және желбезектері дененің алдыңғы сегменттсріндс орналасқан, ін қазып немесе түтікше, «үйшік» жасап, солардың ішінде тіршілік етеді, ұсақ организмдермен, детритпсн қоректенетін жануарлар. Негізгі тұқымдастары: агеnісоlіdае, сhаеtоргегіdае, serpulidae. Құм құрттары {агеnісоlа mагіnа), ұзындығы 30 см-ге дейін, құмға ін салып, қалғандары терісі шығаратын заттардан жасалынған мүйізді.