Жұмыр құрттар типінің систематикасы

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жок. Сондықтан бүлар космополиттік топ болып табылады.

Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің қүрылысы өте қарапайым.

Жұмыр қурттар типі 5 класқа бөлінеді:

  • НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ — НЕМАТODА
  • АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ
  • СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ
  • Қ¥РСАҚ КІРШКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ
  • КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ
  • ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ
  • КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ

СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Топырақта, тұщы суларда шіріктік ортада кеңінен тараған нематодтар, сонымен қатар көптеген түрлері адамның, жануар-лардың және өсімдіктердің паразитгері (шамамен 3000-ға жуық паразиттік түрлері белгілі).

Тері сезу мүшелері — папиллалар түрінде және тек бас бөлімінде орналасқан. Амфидалары нашар жетілген, кішкене шүңқыр тәрізді. Фазмидалары жақсы дамыған, жұптасып құйрық бөлімінің екі бүйірінде жатады. Жарық сезгіш пигментті дақтары (фоторецептор-лары) болмайды. Гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері жоқ. Аталықтарында бурсальды қанатшалары жақсы дамыған. Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі бұтақталған, екі немесе бір бүйір экскреторлы түтігі бар. Кутикуласы берік, қорғаныш қабілеті жақсы.

Сецерненттер класс тармағы бірнеше отрядтарга бөлінеді, солардың ішінде ең маңызды отрядтары: Аscaridida,Rhaditidaжәне Spirurida..

Аscaridida отряды. Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы –Ascfris lumbricoides, жылқы аскаридасы — Рагаscaris еquorum, шошқа аскаридасы – Аscaris suum т.б. Туғызатын аурулары — аскаридоз.

Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының үзындығы 20-40 см, аталығы — 15-25см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейіп тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.

Аскарида жүмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15 күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жүқтыру) сатысына ауысады, яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.

Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жүғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып түрған личинка шьгғады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады.

Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. Оның себебі құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жүтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады. Осы уақытта баланың түншығу қауіпі туады. Аскариданың личинкалары миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді.

Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар профилактикалық алдын алу шараларын бүлжытпай орындау, түрғын жайды таза ұстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек, себебі аскарида жүмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік тыңайтқышына түседі, сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы жұмыртқаларын жұтуымыз мүмкін. Сонымен бірге, аскариданың жұмыртқаларын шыбындар, тарақандар тасуы ықтимал Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына апарып, немесе жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын жұқтырады. Топырақтағы жүмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, сол суды қайнатпай ішкен адам ауырады.

Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің түрғындарының тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқьпн ретінде шашылады.

Rhabditida отряды. Қең тараған нематодтар, көп түрлері

топырақта, түщы суларда, өсімдік пен жануарлардың денесінде тіршілік етеді. Rhabditida отрядына көптеген түқымдастары жатады, солардың ішінде адамға, жануарларға және өсімдіктерге аса зиян келтіретін негізгі түқымдастарының өкілдерін қарастырамыз: Охуигіdае түқымдасының өкілі балалар острицасы – Еnterobius vermiculfris; Ankylosmidae-ның өкілі ішек угрицасы – Strongyloides stercoralis түқымдасының өкілі — он екі елі ішектің свайнигі – Ankylostoma. Tylenchidaeтұқымдасының өкілдері насекомдардың паразиті (түкті араның) және өсімдіктердің паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы, қызылша , бидай, картоп сабақ нематодасы.

Балалар острицасы – Еnterobius vermisculfris адамның, көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы үшы спираль тәрізді оратылған, аналығының — 9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жүмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жүмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.

Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай- ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау — денені таза үстау, гигиенаны сақтау қажет.

Ішек угрицасы – Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі — еркін тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродитті формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. Жұмыртқалардан екі типті личинкалар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық ересек формасына айналады да, үрықтанып личинкаларын тірідей туады. Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.

Он екі елі ішектің свайнигі – Аnkulostoma duodenale адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөліп шығарады.

Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жүмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бүрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.

Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады. ТМД-да анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.

Sphaerulfria bombi — түкті араның паразиті. Ересек түрлері топырақта тіршілік етеді. Ұрықтанған аналығы түкті араның дене қуысына еніп, содан кейін паразиттің жыныс тесігінен жатыны айналып шығады да, кеңейіп, жұмыртқаларға толады. Жұмыртқа-лардан дамыған личинкалар, араның денесін тесіп, сыртқа топыраққа түседі де ересек түрлеріне айналады.

Туіепсһіаае тұқымдасының көптеген түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктердің елеулі зиянкестері болып фитонематодтар (фитогельминттер) тобын құрайды. Олар өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін жарақаттап зақым келтіреді.

Лекция 16.

Тақырыбы. Жұмыр құрттардың табиғаттағы маңызы

Жоспар.

  1. Бұзғынша (галла) нематодасы табиғаттағы маңызы.
  2. Қызылша нематодасы және бидай нематодалары.

Бұзғынша (галла) нематодасы — көп қоректі зиянкестер, олар бақша және көкөніс, сонымен қатар жеміс-жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары алмұрт немссс кұмыра тәрізді, ұзындығы 0,8-1,0 мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар өсімдіктердің тамырына өтеді. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректеніп, төрт рет түлеп, өседі. Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің тамыр тканьдері, қалыптан тыс ұлғайып өсіп, тамырларының үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады. Бұл ісіктер біртіндеп үлкейе береді. Алғашқы кезде олар қатты, кейіннен көпсіп, шіріп жұмсарады. Осы бұзғыншаның ішінде личинкалар өсіп ересек түріне айналады. Аналықтары жұмыртқасын арнайы бездердің бөлінуінен пайда болған оотека деп аталатын жұмыртқа қапшығына салады. Дамыған личинкалар оотекадан шығып, шіріген бұзғыншаны тастап, топыраққа немесе басқа өсімдіктердің тамырына өтеді.

Бұзғынша нематодасымен зақымданған өсімдіктер өспей, ерте солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердің бастысы — ауруға төзімді сорттарды таңдап алу, арам шөптерді құрту, топыраққа нематоцид препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары көтеру.

Қызылша нематодасы – Hetereodtra schachtiiкөкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.

Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді.

Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр — жемісінің қүрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі төмендейді.

Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан үшін карантин объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.

Бидай нсмагодасы – Аnguina trica бидай және басқа да астық тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және фитонематодтар ішіндегі ең ірісі. Аналығының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,2 мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп, бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас масақ тарта бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан бүұғыншалар (галла) түзіледі. Бұзғыншаның ішінде личинкалар өсімдік шырынымен қоректеніп, өсіп ересек түріне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның ішінде бұлардың тіршілік уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін өлмей өмір сүре алады.

Бұзғыншалар бидай түқымымен бірге жерге себіледі де, оның ішінен личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ арасына түскен личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. Сондықтан бидайды себу алдында оның тұқымдарын мүқият тазалау қажет.

Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың сабағы өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бүз-ғыншалар (галла) пайда болады. Бұзғыншалар пішіні және үлкендігі жағынан бидайдың сау дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті бүдыр-бүдыр болады.

ТМД елдерінде Қырым, Кавказ, Балтық теңізі жағалауларында, Украинада және Орта Азия республикаларында кездеседі.

Картоп сабақ иематодасы — картоп түйнегінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, жіңішке, үзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.

Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейіннен түйнектеріне өтеді.

Бұлармен күресудің басты шарты — картопты қоймаға сақтау алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5°С-дан аспайтын температурада сақтау керек (нематоданың дамуының ең қолайлы температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да зақымдалмаған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу қажет.

Ришта — ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке күрт, аналығының үзындығы 32-100 см, аталығы — 2 см . Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп (ойық жара) жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып түрады. Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың (шаянтәрізділер) денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.