Хорион түкшелерінің жатырдың кілегей қабығына енуіне байланысты сүтқоректілердің плацента түзуі әртүрлі . Оны төрт типке бөледі .
Эмпителийхориалды плаценталарда, немесе жарылай плацента бір қатар дорбалы (сумчатые) жануарларға және түйе, жылқы, шошқа сияқты жануарларға тән. Бұл типтің ерекшелігі хорион түкшелері жатыр эпителийімен тек жанасады. Хорион түкшелері кілегей қабықты ыдыратпай тек олардың қыртыстарына батып тұрады. Эмброин қорекпен оттегін жатырды кілегей қабығының секреті , сөлі арқылы алады . Босанғанда хорион түкшелері жатыр бездерінің түсігінен босайды , сөйтіп жатыр құрылымдары бұзылмайды.
Десмохориалды немесе дәнекер тканды плаценталарда хорион түкшелері жатыр эпителийіне еніп кетеді . Оны ыдыратады, сөйтіп астындағы дәнекер тканымен байланысады. Хорион түкшелері қан тамырларына жақындай түседі. Мұндай платенца типінде де эмбрион мен анасының арасындағы байланыс онша жақын болмайды . Бірақ ол , есесіне байланысатын ауданның көп болуы арқылы эмбрион керекті заттармен қамтаиасыз ете алады. Мұндай плацента типі жұптұяқтыларға тән . Босағанда жатыр біраз эпийтелиден айырылады. Дегенмен бұзылған эпителий қабаттары тез – ақ орнына келеді.
Эндотелиохориалдв плацента жыртқыштырға тән. Мұндай плацента жатыр қабырғасына жабыса отырып жолындағы эпителий қабатын, оның астындағы дәнекер тканын және қан тамырларының қабырғасын эндотелийге дейін ыдыратады Хорион түкшелері тікелей эндотелиймен шекткседі. Мұндай плацента типтеріненде эмброин қаны анасының қанын тек жұқа эндотелий клеткаларының қабытымен ғана ажырасып тұрады . Мұндай плаценталар эмброинды оттегімен де, басқа қоректік заттармен де басқа типтегі плаценталармен салыстырғанда әлде қайда жақсырақ қамтамасыз етеді . Босанғанда жатырдың кілегей қабығы плаценьалармен бірге кетеді де, аздаған қан кетеді. Дегенмен жарақат көп өтпей – ақ қайта қалпына келеді .
Ал гемохориалды плацента адамдар мен басқа да приматтарға тән. Мұндай плацентада хорион түкшелері жатырдың эпителий қабатын, астындағы дәнекер қабатын жарақаттап жатырдың қан тамырларының қабырғаларынан тікелей өтіп анасының қанына батып тұрады . Гемохориалды плаценталардыңөзі лабиринтті және түкшелі болып екіге бөлінеді. Лабиринтті плаценталар насеком жегіштермен кемірушілерде болады . Олардың плаценталарында трофобласт күрделі лабиринттер түзеді . Олар түзген лабиринттермен ансының қаны ағып отырады .
Түкті гемохориалды плацента тек адамдар мен приматтарға ғана тән , олардың плацентасы көптеген тармақтар түзеді . Осынысының арқасында анасының қанымен байланыс күшеие түседі. Босанғанда плацентамен жанасқан жатыр қабаттары бөлінеді де , бірталай қан кетеді . Жатыр қабатының бүлінген бөлігі мол болғандықтан оның регенерациясы да ұзақ уақыт жүреді. Онтогенез организм пайда болғаннан өлгенге дейінгі дамуы, жетілуі, кемелденуі және қартайып кері кетуі , жыныссыз көбейгенде онтогеноз аналық организмнің бөлігуінен басталады. Немесе арнайы клетка, я клеткалар тобының пайда болуынан басталады. Ал жынысы көбейгенде жаңа организмнің пайда болуы аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылып, мзигота түзілуінен басталады . Онтогенез бір клеткадан тұратын тұқымның әртүрлі ткандардан , органдардан тұратын көп клеткалы организмге айналуы, оларда әртүрлі күрделі құрылымдар пайдп болуы, олардың қызметі , өсуі биохимиялық түрленуі, қоршаған ортаның әсерінен өзгеруі – мұның бәрі онтогенез әртүрлі көрінісі .
Онтогеноз ұзақтығы әртүрлі организмднрде әр түрлі. Ол бірнеше мимнуттан мыңдаған жылдарға жетеді. Онтогенез филогенезбен тығыз байланысты. Жануарлар филогенгезі бастауын әлі клетка пайда болмаған кедегі организмдер –прибионттардан алады.Олардан бактериялар,көкжасыл балдырлар сияқты прокариоттар пайда болған.Ал ертедегі клониялы бір клеткалы организмсдерден көп клеткалы организмдер пайда болған.Мұны олардың эмбрионалды дамуын бағдарлай отырып байқауға болады.Бірақта онтогенгез филогенездік абсалютті көшірмесі емес. Организм жеке даму кезінде қоршаған ортаның әсерінен өзгерістерге ұшырап отырады.Сөйтіп оларды тегінде болмаған белгілер пайда болуы мүмкін. Егерде ондай өзгерістер генетикалық аппаратын да болса ,ол өзгерістер тұқым қуалайды. Осылайша онтогенезден филогенгез пайда болады.
Организмдердің даму кезеңдері деп онтогенездегі зерттегенде ,салыстырмалы түрде өзінше бірақ бірімен бірі тығыз байланысты дамудың кезеңдерін айтады. Жынысты жолмен көбейетін организмдердің онтогенезін тұқұымалды,эмбрионалды және постэмбрионалды деп үш кезеңге бөледі. Тұқымалды кезеңі деп жыныс клеткаларының организм жаңа пайда болғаннан ұрықтануға дайын болғанға дейінгі дамуын айтады. Ал эмбрионалды даму кезеңі тұқымның қоршаған ортада немесе анасының құрсағында дамып жылдам көп клеткалы организмге айналады. Адамның эмбрионалды дамуы өзкезегінде: бастапқы ,тұқымдық және эмбрионалдық деп дүш кезеңге бөледі. Бастапқы кезең эмбрионалды дамудың алғашқы аптасын қамтиды. Ол тұқымның зигота пайда болғаннан имплантация болғанша даму кезеңі. Тұқымдық кезеңі екінші аптадан бастап сегізінші апта біткенше созылады. Бұл кезең органогенез процесі мен ,тұқымның белгілі бір қоректену сиптамен ерекшеленеді. Бұл кезеңде тұқым жатырдың кілегейлі қабығының серетімен,плазмодиатрофобласт клеткаларның әсерінен ыдыраған жатыр ткандарымен қоректенеді. Көпке дейін плаценталық қан айналымының болмауымен сипатталады. Осы кезде адам тұқым өзіне тән сипат алады.
Эмбрионалды дамудың ақырғы кезеңін эмбриондық дамуы кезеңі немесе феталды эмбрионалды даму кезеңі деп атайды. Бұл кезең ұрықтанғаннан соң тоғызыншы аптадан туғанға дейін созылады.Бұл кезеңде эмбрион қарқынды
өсіп ,пішін қалыптасу процестерімен, кезеңге тән қоректену сипатыменерекшеленеді.Бұл кезең плаценталық қан айналумен сипатталады.
Адамдар мен сүтқоректілерде пост эмбрионалдық кезең эмбрионалдық тұқым қабынан шығып босануынан басталады. Бұл процес шын мағынасында анасының да, баласының да бір-бірінен босакгуымен сипатталады. Пост эмбрионалды кезеңде организм дамуында анатомиялық және функционалдық көптеген өзгерістер болады.Оны жасына байланысты ерекшеліктер деп атайды. Адамның постнаталды дамуіын жасына қарай әр түрлі кезеңге бөледі.Бірақ ол кезеңдердің арасында ерекше шекарасы болмайды. Дегенмен бір жас кезеңі мен екінші жас кезеңнің арасында дамудың мына белгілерін негізге алады. Олар тістің шығуы ,қаңқасының сүектенуі,денесі мен органдардың көлемінің өсуі,денесінің массасының артуы,жыныстық жетілу дәрежесі,физикалық күшінің артуы,жетілуі ішкі секреция бездерінің дамуы сияқты белгілер. Бұл белгілер организмнің өсуі, жетілуі, және клеткаларының, ткандарының, органдарының,функцияналды мамандануымен тығыз байланысты, Ол гистологиялық зерттеулерді қажет етеді. Адамның постнаталды дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Жаңа туған -1-10күн нәресте -10 күннен 1-жылға дейін, бал-1жастан 12жасқа дейін, жеткіншек -13тен-16жасқа дейін, бозбала мен бойжеткен-17-ден-21ге дейін, жетілген жас кезеңі 22-60 жасқа дейін, 61-ден 71жасқа дейін кемпір-шал, ал 90-нан жоғары –көп жасағандар. Бұл негізінен ер адамдар үшін, бұл процес қыз бала үшін 1-2 жасқа ерте түседі.