Сүтқоректі жануарлардың жұмыртқалары өте майда болады. Мысалы адам зиготасының диаметрі 100 мкм болады, ал оның көлемі бақаның жұмыртқасынан мың есе кіші. Ооцит овуляция кезінде аналық безден шығып жатыр түтігінің воронкасына түседі де осы жерде ұрықтанады. Сол кезде мейоз бөлінуі аяқталады да, шамамен бір тəулік өткеннен кейін бөлшектену басталады.
Сүтқоректі жануарлардың жұмыртқалары жануарлар əлеміндегі ең баяу бөлінетін жұмыртқалар. Бір бөліну 12 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. Сол уақытта жатыр түтігінің кірпікшелерінің көмегімен ұрық жатырға қарай жылжып тұрады.
Сүтқоректілердің екінші ерекшелігі бластомерлердің бөлшектену кезіндегі орналасуы. Бірінші бөліну кəдімгі меридианалдық болса, екінші бөлінуде бір бластомері меридианалды бөлінеді, ал екіншісі экваториалды. Бөлшектенудің бұл түрі rotational (кезектесетін) деп аталған.
Сүтқоректілердің үшінші ерекшелігі бөлшектену ең басынан ассинхронды болады. Басқа жануарлардағыдай 2,4,8 бластомерлі сатысы кейде болмайды, 5,9,11 болуы мүмкін. Төртінші ерекшелігі бластомерлер үшінші бөлінуден кейін тығыздалып, шар түзеді. Сыртқы клеткалар арасында тығыз клеткааралық байланыстар пайда болады. Соның арқасында сыртқы клеткалар іште жатқан клеткаларды сыртқы ортадан қоршап тұрады. Шардың ішіндегі клеткалар арасында саңылаулы контакттар пайда болады. Сол саңылаулар арқылы кіші молекулалар мен иондар бір клеткадан екінші клеткаға өтіп тұрады. Клеткалар əрі қарай бөлініп 16клеткалық сатысына морулаға айналады. Сыртқы ақшыл клеткалардан трофобласт пайда болады. Трофобласт болашақта хорионға айналады да плацента құруға қатысады. Моруланың ішкі күңгірт клеткаларынан ұрықтың денесі пайда болады, оны эмбриобласт дейміз. Алғашында моруланың ішінде қуысы болмайды. Бірақ трофобласт клеткаларының сұйықтықты бөлу арқасында қуыс пайда болады да морула бластоцистаға айналады. Эмбриобласт клеткалары бластоцистаның ішінде бір қабырғасына бекініп тұрады.
Сонымен, бөлшектену нəтижесінде екі түрлі клеткалық топтар пайда болады эмбриобласт пен трофобласт. Бұл даму барысындағы ең алғашқы дифференциация болып табылады.
Ұрықтың 4бластомерлі сатысында барлық бластомерлер биохимия, морфология жəне потенция жағынан бірдей болады. Клеткалар тығыздала бастағанда 8бластомер сатысында, ішкі клеткалардан эмбриобласт дами бастайды. Бластоцистаның ішінде су жиналып көлемі едəуір үлкейеді. Бластоцистаның сыртында мөлдір қабат пайда болады. Ол қабат бластоцистаның жатыр түтігінің қабырғаларына жабысып кетуінен сақтайды. Бластоциста жатыр түтігіне жабысып қалғанда «түтікті жүктілік» (трубная беременность) пайда болады. Бұл өте қауіпті жағдай. Себебі қан ағу басталуы мүмкін. Жатырға жеткен бластоциста мөлдір қабатынан айырыла бастайды. Трофобластың бір клеткасы мөлдір қабатқа жанаса бастайды. Сол жерінен стрипсин деген протеаза бөлінеді. Стрипсин мөлдір қабатын ерітеді де тесік пайда болады. Сол тесікті кеңейтіп бластоциста сыртқа шығады да жатырдың қабырғасына бекіне бастайды. Трофобласт плазминоген активаторы деген басқа протеазаны бөледі. Ол фермент жатырдың қабырғаларын ерітіп, бластоцистаның соған енуіне жағдай жасайды.
Егіздер
Адам егіздерінің екі түрі болады: монозиготты (бір жұмыртқалы) жəне дизиготты (екі жұмыртқалы). Дизиготты егіздер екі тəуелсіз ұрықтанған жұмыртқадан пайда болады. Ал монозиготты бір ұрықтан пайда болады. Бірақ ол ұрықтың клеткалары бірбірінен əр түрлі жағдайда бөлініп кетеді. Сонымен сүтқоректілердің жекеленген бластомерінен толық ұрық пайда бола алады. Seidel (1952) үй қоянының 2бластомерлі сатысында бір бластомерін жойған. Қалған бластомерден толық ұрық пайда болған. КеІІу 1977 ж. тышқанның 8 бластомерінен 1 бластомерін бөліп алған. Содан толық организмді өсірген.
Сонымен, монозиготты егіздер бластомерлердің бөлінуінен пайда болатыны дəлелденген. Кейбір жағдайларда бір бластоцистаның ішінде эмбриобласт екіге бөлініп екі егізді бере алады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша егіздердің 33%н бөлек хориондары болады. Бұл ұрықтар трофобласт қалыптаспай тұрғанда жүктіліктің 5ші тəулігінде бірбірінен бөлінген. Қалған егіздердің 67% ы трофобласт қалыптасқаннан соң жүктіліктің 58 тəулігінде бөлінген. Сондықтан олар бір хорионның ішінде жатады. Кейбір жағдайда 9 тəуліктен кейін бөлінген егіздер бір хорионмен қатар бір амнионның ішінде жатады. Осындай егіздердің кейбір дене мүшелері екіге бөлінбей қалады да, сиам егіздері пайда болуы мүмкін.