Кіші қожан (жарқанат). Бұл ірі жарқанаттар тобына кіреді. Денесі 6-7,5 см, құйрығы 4,5-5,5 см, иығы 5-5,5см. Орта Азияда барлық аудандарда кездеседі. Таулы аудандарда 1200-1500 метрден жоғары шықпайды.
Олар көбінесе ескі үй – жайларда, кемірек жарықта кездеседі. Олар үлкен коллония түзіп тіршілік етеді.
Жарғанаттар бау-бақша, ауыл арасында ұшып насекомдар және қоңыздар тәрізділермен қоректенеді. Самкалары екі дана тірі бала туады. Жас жарқанаттар 20- июньда ұша бастайды, қыркүйекте қыстауға кетеді. Ол түрлі зиянды қоңыз және насекомдарды қырумен пайдалы жануарлар қатарына кіреді.
Огнева қожаны. Ол кіші қожанның өзіне сәйкес келеді. Денесі кіші 4,5-5,5 см, иығы 4-4,5 см. Оның кіші қожаннан ерекшелігі үсті сары, асты ақ болса, мұның құрсағында қоңыр түсті болады. Огнева қожаны Маңғышлақ, Үстірт, Алматы аудандарында көптеп кездеседі. Олар таулы – тасты аудандарда көп мекендейді. Олардың балалауы июнь айына дұрыс келеді. Олардың қоректенуі әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Екі түсті қожан. Орта Азияда ең әдемі жарқанат деп есептеледі. Оның екі жағы қызғыш болып, жүннің ұшы күміс түсті жылтырақ, құрсақ жағы сұрғылт. Сырт көрінісі күміс түсті ақшыл болып көрінеді. Денесі алдыңғыларға сәйкес, 5,5-6 см, құйрығы 3,5-4,5 см, иығы -4-4,5 см. Олар жарықтарда ескі үй, тау – тастың арасын немесе ауылды жерлерді паналайды. Ұрғашысы май айында балалайды. Баласының үлкендігі 2 мм болады. Олар июнь айында қатарға қосылып, еркін ұша бастайды.
Ұзын құлақ жарқанат. Бұл жарқанаттың басқа жарқанаттардан ерекшелігі үшінші орта сүйелі (ұзын саусағы ) басқаларына қарағанда үш есе үлкен болады. Сол үшін оны ұзын қанат жарқанат деп те атайды. Оның денесі 5-6 см, құйрығы 4,5-6 см, иығы 4,5-5 см. Денесі толық сұрғылт, асты (құрсағы) ашық сұр түсті. Олар августта балайды, бір бала туады. Олар күн батқаннан ұша бастайды. Түрлі көбелектерді аулауды. Коллония болып жасайды. Бір коллониясы бір тәулікте 150тоннаға дейін көбелектерді құртады. Бір маусымда 22 тонна насекомдарды жеп ауыл шаруашылығына үлкен пайдасын тигізеді.