Азия муфлогы жабайы қойлар туысына жатады. Ірілігімен үй қойларына жақын келеді. Бойы 1 м-ге жуық, салмағы 70-80 кг. Жаз айларында сарғыш-қызыл, құрсағы ақ түсте, муфлонның мүйізі күшті. Мүйізінің ұзындығы 80-90 см-ге жетеді. Түсі сарғыш болады. Сашкалары мүйізі кіші әлсіз болады. “Азия муфлоны” үстіртте, 250-300 м таулы аудандарда жасайды. Олар тобында 10-15 болып жасайды. Еркектері бөлек жасайды. Қосылу уақыты қараша айлары болып сәуір айларында балалай бастайды. 1-2 қозы туады. Балалары алғашқы күндері әлсіз болып жасырын жатады. Бір айлардан кейін шөп жеуді бастайды. 3 жылдан соң ересек болып жетіледі. Азия муфлондары шөппен қоректеніп көбінесе жусан масақты егіндер жеп қоректенеді. Олар шөлді аласа таулы аймақтарда жасағаны үшін үй жануарлары іше алмайтын тұзды суларды іше алады.
Олардың жауы қасқыр және гепард. Азия муфлондары еті тәтті, терісі құнды болғандығы үшін алғашқы дәуірлерде өндірісте қолданылған. Адамдар аулаумен бірге үйгеде үйрете бастаған. Қазіргі уақытта аулауға тиым салынған. Азия муфлондарының 10 түр асты болып, бізде 4 түр асты кездеседі. Олар барлығы бір-бірінен ірілігі, түсі, мүйізімен ажыратылады.
Архар. Ол айтарлыдай ірі муфлон болып, бойы 125 см, салмағы 200 кг дейін, самкалары 100 кг-ға жуық, түсі сарғыш, сұрғылт, құрсағы ақ, мойын жүндері болмайды. Қошқар және қойларында мүйіз болады. Мүйіздері 1,5-2 рет айналып ұшы сыртқа қарай бағытталған, түстері сары. Оның терісі қатты, жүнді және қалың болғаны үшін жылы болады. Сәуір-мамыр айларында түлейді. Бізде Алтай, Тянь-шан, балшықтың солтүстгінде кездеседі. Тегістеу таулы аймақтарда жасайды. Олар шыңдарға шыға алмайды, бірақта қасқырлар шыға алмайтын шыңдарға шығады. Олардың әрекетіне қалың қарлар әсерін тигізеді. Соның үшін қыста таудың оңтүстігіне өтеді. Олар күндізі жайылады, жазда таңертең кешке белсенді өмір сүреді. Қошқарлары бөлек жүреді, қойларынан 500-800 м-дей жоғары жайылады. Қойлар 10-15 басы бірігіп жүреді. Қыс айларының басында қосылады, сәуір айларында жалғыз, кенен-кем егіз балалайды. 1-2 күнде балалары анасына ереді. 1 айда шөп жегенімен 6-7 айға дейін анасын емеді. 4 жаста ересек болады. Олар шөппен қоректенеді, қыста қураған шөптерді жейді. Олардың жаулары көп емес, қасқырлар көпшілік болып қуып ұстайды. Барыстар қауіпті жауы болып есептеледі. Архарлар аңшылық және өндірісте көп пайдаланады. Оларды аулауда арнайы әдіспен пайдаланылады. Олар өте сақ аңдар, құлағы жақсы естейді, ұзақты жақсы көреді. Қазіргі уақытта аулауға тиым салынған. Кейбір мәліметтерге қарағанда архар үй қойларының алғашқы атасы есептеледі. Архардың 9 түр асты болып бізде 4 түрі жасайды.