Орта Азияда жасайтын барлық жануарларды оңай ажыратуға болады (кірпі). Оның арқасынан бауырына дейін өткір инелермен қоршалған. Ол түрі өзгерген қылшықтар деп есептеледі. Оның инелері түрлі түсті болып реттесіп боялған. Алыстан қарағанда қоңыр түс береді. Кірпінің құрсақ жағын ақ қылшық қоршаған. Оның құлағы жалпақ 3-5 см ұзындықта болып, денесі 13-23 см, ал құйрығы 1,5 –3см –ге дейін. Құлақты кірпі Орта Азияда таулы аудандарда 2400 м биіктіктерге дейінгі биікте жасайды. Оның жасайтын жері тасты, топырақты және тоқтаған құм зоналары. Сондай –ақ ландшафты егіндік аудандарда кездеседі. Олар түнде тіршілік етеді, күндіз індерінде тығылып жасайды. Олардың індері терең болмай астына төсейтін заты да болмайды. Бірақта олар балалау кезеңінде түрлі түрлі шөптер мен ініне төсейді. Қысқы ұйқыдан апрель бастала оянады. Тезде олар ұрықтанып апрель аяқтала балалайды, 3-4 дана туады. Олар 11-12 күнде балалары көздерін ашады. Олардың терілерінде алдын қылшық пайда болып, кейін олар қатайып, инеге айналады. Кірпі көптеген насекомдарды жейді, сондай – ақ кемірушілер, бауырымен жорғалаушыларды да ұстайды. Оларға жылан, сарышаянның уы әсер етпейді. Соған қарамай кірпілердің де жаулары көп, олар құстар және түлкі қасқырлар. Кірпі ауылшаруашылығында үлкен маңызға ие. Сондықиан халық емшілері оларды ем есебінде етінен пайдаланады.
Ұзын иенелі кірпі. Бұл кірпі Орта Азияның оңтүстігінде, Маңғышлақ, үстірттерде көп кездеседі. Бұлардың бойы 22-27 см, құйрығы 4,5-6 см – ге дейін жетеді. Алдыңғы кірпілерден инелерінің ұзын болуы және түсімен ерекшеленеді.
Ол қара және ақ түсті болады. Көбеюі алдыңғы кірпіге ұқсас. Түнде тіршілік етеді. Бұл кірпінің
Топырақ қазушар отрияды. Бұхара сұр түсті жер қазушы. Ол өте кіші болады, бойы 5-7 см, құйрығы 4-5 см. Олар сұрғылт-қоңыр түсті болып, Орта Азияда тек шығысында кезедеседі.
Кутора. Бұл жартылай су жануары болып есептеліді. Бойы 8-9 см, ол басқа жер қазушылардан үлкен және құйрығыда ұзын. Оның құйрықтарының астында түктері бар. Мұндай түктер саусақ арасы және 5-ші саусағында толық болады. Түсі – сұр, қара, құрсағы ақшыл болады. Жер қазғыштың бұл түрі Шығыс Қазақстанда, Тарбағатай аудандарында көп кездеседі. Олар 2600м биіктікте, өзен, көлдер жағалауында жасайды. Суға қарай жағадан ін құрады. Ол суда өте жылдам әрекеттенеді, жүніне су жұқпайды. Майда балдыр, құрбақа, құрттармен қоректенді. Сондай – ақ насекомдарменде қоректенеді. Ол аштыққа шыдамайды.Бірнеше сағат аш қалса өліп қалады. Сның үшін ол мәдени коллекцияларды жоқ. Бұл жөнінде материалдар өте кем.
Кіші ақтісті жер қазғыштар (көртышқандар). Оның ұзындығы 5-6 см, құйрығы 2-3 см, түсі өзгеріп тұрады. Оның ерекшелігі құйрығында екі түрлі жүні болады. Біріншісі тығыз, келте, екіншісі сирек ұзын қылшық. Орта Азиядар барлық жерлерде таралған. Ол бау-бақша құрамдас тағыда басқа жерлерде жасайды. Көбінесе жәндіктермен қректенеді. Олар көктемде балалайды. Олардың біреуі онға дейін балалайды. Балалары бір жарым айда еркін өмір сүре бастайды. Ол ауыл шаруашылығында топырақты жұмсарту, түрлі зиянкестерді жеп құртуда пайдасы тиеді.