ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасуы, бірпартиялылықты жою, билікті бөлу қағидатын дәйекті енгізу Қазақстанда президенттік институтты орнықтыруды және нығайтуды талап етті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президентінің постын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңмен саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және қауіпсіздігін нығайту, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының өзара әрекетін жақсарту мақсатында ҚазКСР Президентінің постын тағайындады [1].

Республика Президентінің өз өкілеттіктерін тиімді және тәуелсіз жүзеге асыруы, президенттік басқару нысанын одан әрі нығайту үшін президенттік билік көзін, жанама өкілетті орган арқылы емес, бүкіл Қазақстан халқы атынан заңдастырудың объективтік қажеттілігі туды. Сондықтан Республикадағы президент институты қалыптасуының маңызды кезеңі 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен мемлекет басшысын бүкілхалықтық сайлау болды. Республика аумағында құрылған 21 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілді. Солардың ішінен дауыс беруге 8 788 726 адам, яғни 88,23 пайызы қатысты. Сайлау бюллетеніне құпия дауыс беру үшін ҚазКСР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаев енгізілді. Нәтижесінде дауыс беруге қатысқандар қатарынан 98,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс берді.

Президент президенттік басқару нысанын нығайту бағытын дәйекті жүргізуге бүкілхалықтық қолдау тапты.

ҚР Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдаған ҚР Конституциясы ҚР Президенті атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқаратынын бекітіп, президенттік билікті күшейту тенденциясын жүйелі түрде жалғастырды.

Президент мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау, республиканың қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау құқығына және міндетіне ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық орны ҚР Конституциясының III бөлімінде белгіленген. Осы бөлімнен бастап мемлекеттік органдар туралы мәселені регламенттеу басталады, бұл ҚР Конституциясымен Президентке биліктің жоғары органдары жүйесінде қандай орын берілгендігін куәландырады. Президент – жеке-дара тұрақты іс-әрекет ететін мемлекет басшысы.

Бүкілхалықтық дауыс берумен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы, президенттік басқару нысанын және соған сәйкес мемлекеттік құрылысты біржолата бекітті [2]. Президенттік басқару нысаны шеңберінде, билік тармақтарының үстінде тұрған, шын мәнінде, төрелік функцияларына ие болған және соның арқасында мемлекеттік билік органдарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекет басшысының мәртебесі, Қазақстан жағдайындақоғамның саяси және экономикалық жүйелерін кері айналмайтын реформалауды табысты жүргізу үшін барынша қолайлы алғышарттарды жасауға мүмкіндік береді. Президенттің әлеуметтік тұрғыдағы конституциялық-құқықтық мәртебесінің маңызы бірде бір кем емес: көпэтносты және көпконфессиялы, оның үстіне онда жіктелу жүріп жататын, қоғам үшін Президент тұлғасында азаматтық татулық, қоғамдық тұрақтылық және ұлтаралық келісім кепілінің болуы өмірлік маңызды. Бұл дегеніңіз өзін құрған халық алдында биліктің жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы туралы» ҚР Конституциялық заңы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, оның бірлігін, Конституциясын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Ұлт көшбасшысы ретіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысының саяси және құқықтық тұғырын белгілейді.

Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заңдарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысының саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысыныңоның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де прерогативтері және кепілдіктері белгіленген[3].

Қазақстандық мемлекеттілікті құрудың бастауларында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі егемен Қазақстанның дамуына аса көрнекті үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 2011 жылғы 14 желтоқсанда толықтыру енгізілді, соған сәйкес Республикада мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні тағайындалды [4].

Мереке күнін 1 желтоқсанға белгілеу кездейсоқ емес, өйткені 1991 жылы нақ осы күні Республика Президентін тікелей сайлау алғашқы рет өтті, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Сол есте қаларлық күннен бері 20 жылдан сәл асты. Қазақстанның нұсқалған кезең ішіндегі жетістіктерін зерделей отырып, солардың қатарында – қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық бар, біз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген еңбектерін мойындамай тұра алмаймыз.

Мемлекет басшысының кемеңгер және сарабдал саясатының арқасында, Қазақстан Республикасы халықаралық аренада жоғары орын алады.

Аталмыш норманы іске асыруға 2000 жылғы 20 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заң қабылданды, ол Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық орнын белгіледі.

2010 жылы, Қазақстан халқы тарапынан орасан зор шынайы құрмет пен сенімді ескере отырып, нұсқалған Конституциялық заңға түзетулер енгізілді, соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы болып табылады.

Республика Президентінің конституциялық мәртебесі, мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабымен белгіленген. Нұсқалған бапқа сәйкес Республика Президенті:

— Мемлекет басшысы;

— Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы;

— Халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығының нышаны және кепілі болып табылады. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің елдің тіршілік қызметінің барлық салаларында жүзеге асыратын, тек Республика Президентіне ғана тән өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және Республиканың басқа да заңдарында қарастырылған.

Республика Президентінің өкілеттіктері:

  1. Елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдайды;
  2. Республика Парламентіне және оның палаталарына кезекті және кезектен тыс сайлауларды тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды жариялайды не болмаса заңды немесе оның жекелеген баптарын қайталап талдау және дауысқа салу үшін қайтарады;
  3. ПарламентМәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Мәжілістің қарауына келісім беру үшін Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; оны лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, Үкіметтің құрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, Республика Үкіметінің мүшелерін лауазымдарға тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін лауазымға тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымдардан босатады; Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге тапсырма береді; Республика Үкіметінің және Премьер-Министрінің, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің актілерінің күшін жояды не болмаса толықтай немесе жартылай тоқтатады;
  4. Парламент Сенатының келісімімен Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын лауазымдарға тағайындайды; оларды лауазымдардан босатады;
  5. Республика Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
  6. Республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және шақырып алады;
  7. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды;
  8. Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
  9. Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттік бюджетінің есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметшілердің еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
  10. Республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;
  11. Келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық келісімшарттарына қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; оның жанында тіркелген шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім және қайтарылмалы грамоталарын қабылдайды;
  12. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

13.Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;

  1. 14. Республика азаматтығының, саяси баспана берудің мәселелерін шешеді;
  2. 15. Азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады;
  3. 16. Республиканың демократиялық институттары, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы, саяси тұрақтылық, оның азаматтарының қауіпсіздігіелеулі және тікелей қауіп-қатерде болған және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда, Премьер-министрмен және Республика Парламенті Палаталарының төрағаларымен ресми кеңескеннен кейін, бұл туралы Республика Парламентін іле-шала хабардар етіп Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдайды енгізуді, Республика Қарулы Күштерін қолдануды қосқанда, аталған жағдаяттармен мәжбүр етілген шараларды қабылдайды;
  4. Республикаға қарсы агрессия жасалған не болмаса оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп-қатер төнген жағдайда Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде әскери жағдайды енгізеді, жартылай немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін іле-шала хабардар етеді;
  5. 18. Президенттің өзіне бағынатын Күзет қызметін және Республикалық гвардияны құрады;
  6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, оның мәртебесі мен өкілеттіктерін белгілейді; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады.

Нұсқалған өкілеттіктер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа әрі ішкі, әрі сыртқы саясатта көрініс тапқан тұрақтылық пен Қазақстан Республикасын дамытудың дәйекті бағытын сақтаудың кепілі болуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы туралы» ҚР Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заңдарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысының саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысыныңоның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де прерогативтері және кепілдіктері белгіленген [5].

Мысалға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясы арқасында өмір бойы келесі құқықтар тиесілі:

  1. Тиісті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың міндетті түрде қарауына жататын мемлекеттік құрылыстың, ішкі және сыртқы саясаттың және ел қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан халқына, мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға бастамалармен шығуына;
  2. Ел үшін маңызды мәселелерді талқылаған кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының алдында, Республика Үкіметінің мәжілістерінде сөз сөйлеуге; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруге.

Сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен – Ұлт көшбасшысымен келісілетін болуға тиіс.

Нұсқалған Конституциялық заңмен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы дербес құқықтылыққа ие екендігі белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін атқарған кезеңде жасалған іс-әрекеттері үшін, ал олар тоқтатылғаннан кейін – өзінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы мәртебесін жүзеге асыруымен байланысты, мемлекеттік опасыздық жағдайларын қоспағанда жауапкершілікке тартыла алмайды. ұстауға, тұтқындауға, тінтуге, жауап алуға не болмаса жеке тексермеге тартыла алмайды.

Өз өкілеттіктерін тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысының қызметін қамтамасыз ету үшін, Конституциялық заңға сәйкес қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Ұлт көшбасшысының Кеңсесі құрылады, ол өз міндеттерін орындағаны үшін тек соның алдында ғана жауапкершілік алады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Ұлт көшбасшысын күзету Конституциялық заңмен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жүктеледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Ұлт көшбасшысына, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне өмір бойыоның тұрақты немесе уақытша жерлерінде мемлекеттік күзет беріледі.

Оның Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Ұлт көшбасшысына белгіленген прерогативтер мен кепілдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінінің күнін мерекелеу –Мемлекет басшысына оның аса көрнекті сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсету.