Аққулар класы

Ұясын көбінесе қамыста салады. Оның диаметрі -120-150 см-дей болады. Аққулар еркек ұрғашы болып жұптасқан соң осы жұбын екеуінің бірі өлмей жазбайды. Олардың бір біріне сондай беріктігі жайында ел аузында ғасырдан ғасырға айтылып келе жатқан аңыздар бар. Бұл құстың бір – біріне сүйіспеншілігі сонша, егер түрлі себептен біреуі өлсе, екіншісі бұл қайғыға шыдап тұра алмайды екен. Жесір қалған аққу көк аспанның сонау биігіне самғап, соңғы «әнін» айтып болғаннан кейін, жерге қара й оқша зулап тасқа соғылып өледі –мыс. Бұл шындық па? Жоқ. Бірақ жұбайынан айрылған құстың «қуу-уу.., қуу-уу»-лап сол жерден көп уақыт кетпейтіні шындық.

Аққулар 3-7 жұмыртқа салады. Оны енесі 35-40 күн басып, балапан өргізеді. Осы кезде еркегі ұя төңірегінен шықпай, балапандарын қорғап жүреді. Олар ұрпақтарымен күзге дейін бірге болып, оларды қорғаштайды. Июль – августь айларында мамырлайды. Осы кезде аққулар көлдің адам бара алмайтын жерлерін таңдап алады. Күзде жылы жаққа кетер алдында 7-10 нан топтасады. Аққулар су өсімдіктерінің жапырақтары мен тамырларын қорек етеді. Ұсақ жәндіктерді де жейтінін мамандар анықтап отыр.

Біздің айдын шалқар көлде ұшырасатын сұңқылдақ және сыбырлақ аққуларды бір – бірінен қалай ажыратуға болады. Көлдің көгілдір айдынында қардай аппақ болып ерекше көрінетін сұңқылдақ аққу су бетінде отырғанда денесінің алдыңғы бөлігі суға терең батырады да ал денесінің артқы бөлігін судан әлдеқайда көтеріңкі ұстайды. Өте ұзын мойыны барлық уақытта тік тұрады. Қанаты денесіне қысыңқы. Дене мөлшері кірірек келеді. Аяғы қоңыр қара, тұмсығының түбі сары да жоғарғы бөлігі қара. Ал сыбырлақ аққу суда жүзгенде мойнын “S” әрпі сияқты бүгіп ұстайды, басын үнемі төмен түсіріп жүзеді. Ұшқанда сыңқылдап көтерілсе, ол осы аққу болғаны. Сұңқылдақ аққудың дауысы ащы келеді. Сыбырлақ аққудың тұмысығының кейбір жері қара, қалғаны қызғылт сары және тұмсығының үстінде томпақ өсінді болады. Дене мөлшері сұңқылдақ аққуға қарағанда ірірек (салмағы 13 кг-ға дейін жетеді).

Өзінің сұлулығымен елді таңқалдырған құс бүкіл елімізде қорғауға алынған. Қазіргі міндет осы «құс падишасын» сақтап қалған көлдерде оның ұя жасауына керекті материалды қолдан жасасақ сол көлде көбірек тоқтайтын еді.

Аққу қолға жақс көндігеді. Соған сәйкес үй маңындағы, санаторийлер жанындағы су қоймаларында ұстап, үй құстарына айналдыруға әбден болады.

Қоңыр немесе сұр қаз. Арқасы күлгін сұр қанатның бір жерллері ақ болады. Жемсауы мен кеудесі сұр бауыры ақшыл келеді. Салмағы 2,8-4 кг. Ұрғашысы еркегіне қарағанда кішірек келеді. Қоңырқаз бүкіл Европада , Алдыңғы және Орта Азияда, Монголияда, Қытайдың солтүстік жартысында, Сибирьде таралған. Кеңес Одағын мекендейтін қоңыр қаздың негізгі қоры қазақ жерінде. Бізге белгілі бұл қаз – жағасында жайқалып қамыс, өсетін өзен – көл құсы. Сондықтан да оны – Еділ, Жайық, Ырғыз, Сырдария, Шу, Іле, Ертіс, Нұра өзендері бойында көрумен қатар, алып су қоймалары – Арал теңізі, Балқаш көлі, Алакөл мен Зайсан көлдерінде де ұшырастырамыз. Дегенмен бұл құстың сүйіп қоныстанатын жерлері орманды дала мен қалалық аймақтағы өзен – көлдер. 1993 жылдары Республика суларында 62 мың қаз мекендеді. Бірақ соңғы 10-13 жылдан бері олардың саны күрт төмендеп кетті. Оңтүстік Қазақстанның кейбір көлдерінде ол тіпті жұмыртқаламайтын болыд. Оның басты себебі бір жағынан табиғат жағдайларына байланысты. Құрғақшылық жылы республикамыздағы бұрынға ұсақ көлдер кеуіп қалды. Сол сияқты қаздың панасы қамысты құрылыс материалдары үшін көп шабу да қанаттылар қоныстану мекенінен айырды, екіншіден тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республикамызда көптегене жаңа ауылдар құрылды. Олардың көпшілігінің орталығы көл жағасында орнасты. Сондай – ақ жылдан жылға бұл аймақтарда аңшылар саны да өсіп келеді.

Дәмді ет пен мамық беретін бәзде ұялайтын жабайы қаздың пайдасы зор. Қазіргі міндет, құстың осы бір қорын азайтпай, қайта көбейте беру мүмкіндіктерін қарастыру.