«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
ҚР конституциялық заңнамасының қалыптасу кезеңдері келесі конституциялық актілердің қабылдануымен белгіленген: 1) кеңес кезеңі – Алаш партиясының 21.11.1917 ж. бағдарламасы; Қырғыз АКСР еңбекшілері құқықтарының 6.10.1920 ж.Декларациясы; 1926 ж.Конституция жобасы; 1937 ж. және 1978 ж. ҚазақКСР Конституциясы; 2) «ҚазКСРПрезидентінің постын тағайындау туралы»24.04.1990 ж. Заң; «ҚазақКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» 25.10.1990 ж.Декларация; 3) «ҚазақКСР атауын өзгерту туралы»10.12.1991 ж. ҚР Заңы; «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы»16.12.1991 ж. Заң; 4) 28.01.1993 ж. ҚР Конституциясы; 5) 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы; 6) «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»7.10.1998 ж., 21.05.2007 ж. ҚР Заңы.
Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірінҚазақстанның алдындабүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған ҚазақстанРеспубликасының 1993 жылғы Конституциясыжәнехалықаралықәріішкі саяси өмір шындығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясыашып берді.
Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғыҚР Конституциясының белгілі бір оң рөлін атап көрсетті–яки, олҚазақстанныңегемен мемлекетжәнеәлемдік қауымдастықтың толық мәнді мүшесі ретінде қалыптасуының аяқталуын ресімдеді, қорытынды құжат, конституциялық заң шығарудың 1990-1992 жылдардағыбірінші толқынына өзінше бір белгі болдыжәне «…қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі кезең болды» [1, 78 б.].
Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттікқұқықтықжүйенің ауысужәнеелді демократиялық даму жолында бекіту жағдайындажасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурыздаҚазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғымемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясы қабылданған еді.
Конституциянымемлекеттіңбасты, негізгі заңы деп әділ атайды. Егерелімізде қолданыста жүрген көптеген құқықтық актілерді белгілі бірұйымдастырылғанжәнеөзара байланысқантұтас, әлдебіржүйе ретінде қабылдасақ, онда конституция – бүкіл құқықтың негізі, өзегіжәнебір мезгілде оның дамуының қайнар көзі. Конституция негізіндеөткенде қолданыста болған дәстүрлі, сондай-ақжаңа, экономикадағы, әлеуметтік дамудағы, саясаттағыжәнемәдениеттегі өзгерістерді есепке ала отырып жасалған құқықтың әралауан салаларының қалыптасуы жүреді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.
1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялыққұрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесіжәнежергіліктіөзін-өзі басқару негіздері.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтарыменбостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді[2].Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді (12 б. 2 т.) [3].
1995 жылғы Конституциясымен Қазақстан Республикасыадаммен азаматтыңқұқықтарыменбостандықтарын таныды жәнеөзінехалықаралық міндеттемелерді жүктей отырыпхалықаралықжұртшылық алдында таниды. 1995 жылы Қазақстан адам құқықтарыменбостандықтары саласындағы халықаралық құжаттардың елеулі ауқымын ратификациялады. Солардың қатарындахалықаралықазаматтық жәнесаяси құқықтар, экономикалық, әлеуметтікжәнемәдени құқықтар туралы пактілер бар.
Мазмұнына байланысты конституциялық құқықтарменбостандықтарды топтарға бөлуге болады: 1) жекеқұқықтарменбостандықтар; 2) әлеуметтік, экономикалықжәнемәдени; 3) саяси.
Азаматтық (жеке)құқықтарәрбір адамға туғанынан тиесілі және азаматтықпен байланысты емес. Оларға өмір сүру құқығы (ҚР Конституциясының 15 б.), жеке бостандық (16 б.), ар-намыстың дербес құқықтылығы(17 б.), жеке өмірдің дербес құқықтылығы(18 б.), ар-ождан бостандығы (22 б.) сияқты және басқа да құқықтар жатады.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтарадамға лайықты өмірді, әлеуметтік қорғауды кепілдік етеді. Бұл еңбек бостандығы құқығы (24 б.), жеке меншікқұқығы (26 б.), демалысқұқығы (24 б.), зейнетақымен қамтамасыз етуқұқығы(28 б.) және басқалар. Мәдени құқықтарғатегінорта білім алу құқығы (30 б.), шығармашылық еркіндігі (20 б.) жатады.
Саясиқұқықтарғабірлестіктер еркіндігі құқығы (32 б.), мемлекет ісін басқаруға қатысу (33 б.), сайлау және сайлану құқығы (33 б.), сөз бостандығы сияқты (20 б.) құқықтар жатады.
Жеке тұлғаның конституциялық міндеттері республиканың Конституциясыменжәне заңнамасымен белгіленген тиісті тәртіптің түрі мен мөлшерін орындауды құқықтықталап ету нысанында бекітілген.Мәселен: Қазақстан Республикасының Конституциясынжәне заңнамасын сақтау, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, басқа тұлғалардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу (35 б.), заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдардыжәне өзге де міндетті төлемдерді төлеу(35 б.), Қазақстан Республикасын қорғау. Республиканың азаматтарыәскери қызметті заңмен белгіленген тәртіппен және нысанмен атқарады (36 б.), тарихижәне мәдени мұраны қорғау туралы қамқорлық жасайды, тарихжәнемәдениетескерткіштерін сақтайды (37 б.), табиғатты сақтайды және табиғи байлықтарға ұқыптылықпен қарайды (38 б.).
ҚР Конституциясынданегіз қалаушықағидаттар ретіндеқоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық дамужәнемемлекеттік өмірдің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу нақты белгіленген. Негізгі заңға сәйкес ел үшін жаңа демократиялық институттар құрылды, демократияның негізгі қағидаты іске асырылды: билік үш тармаққа – іркужәнеқарама-қарсылықтың нақты тетігі бар заң шығарушы, атқарушыжәне сот билігіне бөлінді.
Нарықтық жүйенің дамуымен меншік нысанын өзгертудің елеулі мәселесі туындайды, сондықтанҚазақстан Республикасының Конституциясымемлекеттік меншікті де, жеке меншікті детаниды, ол меншіктің екі нысанын бірдей қорғауға кепілдік береді.
Елде мемлекеттік тіл болып қазақ тілі танылған, алайда Конституцияменбилік органдарындажәне мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін де пайдалануға ресми рұқсат берілген.
Қазақстанда саяси пікір алуандағы және көппартиялылық қамтамасыз етілген. Елде саяси үдеріске ықпал ететін ірі жалпыұлттық, соның ішінде оппозициялықтары да бар, партиялар жұмыс істейді, азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар сияқты аса маңызды буыны елеулі нығайды.
ҚР Конституциясы президенттік басқару нысанын түбегейлі бекітті және мемлекет басшысы мәртебесінің саяси-құқықтық негіздерін нығайтуға қолғабыс етті.
Екі палаталы жүйе бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтінқазақстандық парламентаризм іргетасы қаланды, соның арқасындаНегізгі заңның талаптарына жауап беретін елдің жаңа құқықтық жүйесі құрылды.
Соттардың қызметін ұйымдастыру және соттар мәртебесінің мәселелері, сондай-ақ соттардың қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері реттелді, бұл шешімдер қабылдау кезінде соттардың дербестігі мен тәуелсіздігін айғақтайды, сайланбалықосшы билерсотының институты табысты жұмыс істеуде.
Қазақстантәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап БҰҰЖарғысында және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жарияланған адам құқықтарынынталандыру мен қорғаудың жалпы таныған қағидаттарын қолдауын білдірді. Республика халықаралыққұқықтың толық құқықты субъектісіне айналды.
1995 жылғы Конституция елдің құқықтық жүйесінде ұлықтылыққа және тікелей пәрменге ие бола отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің сенімді және тұтас негізін қалап, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара үйлесімді қатынастарын орнықтырады. Бүгінде біз Қазақстанның ТМД, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, ШЫҰ және басқа да бірлестіктер форматтарындағы интеграциялық үдерістерге белсенді қатысуымен бедерленген қазақстандық заң шығаруды дамытудың жаңа кезеңіндеміз.
Елдің құқықтық жүйесі Конституцияға сәйкес одан әрі үдемелі дамуға ие болды, ол саяси және қоғамдық құрылыс тұрақтылығының сенімді құқықтық кепіліне айналды. Құқық үстемдігі, Конституция ұлықтылығы, заңның, әрі тиімді заңның билігі – бұл бүгінде Қазақстанның табысты дамуының және оның қазіргі әлемде лайықты орын алуының бірінші дәрежелі мәселесі.
Соңғы жылдар ішінде қол жеткізген экономикадағы табыстар, тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, саяси институттарды дамыту уақыт өте келе қолданыстағы Конституцияның бірқатар қағидаларын жаңғыртудың мүмкіндігі туралы мәселені қойды. Бұл жаңғырту Президенттің өзекті ұстанымын сақтай отырып заң шығарушы биліктің рөлін күшейтетін конституциялық түзетулерді енгізу жолымен 2007 жылы табысты жүзеге асырылды.
Негізгі заңға енгізілген түзетулер іркулер мен қарама-қарсылықтардың жаңа жүйесін іске қосты, оның шеңберінде мемлекетті басқарудың аса маңызды функциялары қазір атқарушы биліктің қолында ғана емес, сонымен бірге Парламенттің де иелігінде, ол іс жүзінде Үкіметті құрайды, оның қызметін бақылайды, ішкі және сыртқы саясатты жүргізудің тұжырымдамасына түзетулер енгізеді. Өзгерістерге сайлау үдерісі де ұшырады, онда айрықша рөл, басқа да жоғары дамыған демократиялық мемлекеттердегідей, саяси партияларға берілді.
Біздің Конституция орасан зор әлеуетке ие, ол елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының орнықтылығын да, динамизмін де қамтамасыз етуге тартылған бүкіл құқықтық жүйенің берік және бір мезгілде икемді тірегі. Ең бастысы – бүкіл қоғамның өмірінде заң шығарудың және құқық қолданудың күнделікті машығында конституциялық қағидаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Н.Ә.Назарбаев: «…кез келген елдегі конституциялық үдеріс Конституцияны қабылдаумен тоқтамайды, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді заңгерлік көмкеру қоғамда болып жатқан динамикаға сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге одан озып кетуге тиіс» деп атап көрсетті [1, 88 б.].
Осыған байланысты 1998 және 2007 жылдарда Конституцияға Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін қайта бөлген елеулі өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2011 жылы да енгізілді, бұл өзгерістермен президентке президент сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу құқығы берілді. Қазақстандық қоғамды демократияландыруды дамыту белгілерінің бірі ел Президентінің бастамасымен туындаған селолық деңгейдегі әкімдерді сайлау идеясы болып табылады және тәуелсіз Қазақстан тарихында жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы алғашқы рет 2013 жылғы 5-9 тамызда табысты өткізілді [4].
Қазақстанда өткізілген және өткізілетін барлық реформалар мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Қабылданып жатқан заңдарадам меназаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау кепілдіктерін нығайту тұрғысында мемлекеттік тетікті жәнеазаматтық қоғам институттарын жетілдіруге қолғабыс етеді.
Сонымен, Конституция сапалық жағынанжаңа кеңістікқұрды жәнеелді орнықты саяси-құқықтықжәнеәлеуметтік-экономикалықдамыту базасына айналды. Қазір еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы Конституциясына – адам мен азаматтыңкең құқықтары мен бостандықтарының, дамушы азаматтық қоғамның, демократиялық, егемен мемлекеттің Конституциясына ие болып отыр.