Құм зоналары топырақтары өсімдіктің характерінеде үлкен әсерін тигізеді. Мұндай факторлардың қатаған құрғақшылық климаттарда ұлкен маңызы бар. Құм зоналарда құмды және сазды топырақ типтерінде ылғалдылық көбірек болады. Бұл өсімдіктің шоғырлануына үлкен әсерін тигізеді. Құм зоналарда таралған өсімдіктердің бірі -жусан(балин) есептеледі. Құм зонасы жабындысы негізін жусан құрайды. Қазақстанда құм зоналарын солтүстік және оңтүстік топырақты зона деп екіге бөледі.
Солтүстік зонаға сұрғылт, оңтүстікте сұр топырақ. Солтүстік құм аудандарда жауын-шашын аз –аздан үдейі жауады. Оңтүстікте болса, жыл мезгіліне қарап көбірек бір-екі рет жауады. Құм өсімдіктері тек атмосфера ылғалымен күн көреді. Соның үшін құм зоналарда сазды топырақтың маңызы үлкен. Солтүстік құмды зонасына тиісті өсімдіктер түрі жусандар. Ол аласа бұта болып адам назарын аудармайды. Оның тамырлары жуан болады, топыраққа терең отырады. Оның жер асты тамырлары жер үсті бөліктерін ен бірнеше есе көп болады. Оның ерекшелігі тамырлары көп жылдық, жер үсті бөліктері бір жылдық. Бұл зоналарға тиісті өсімдіктің бірі –анабазис (бүрген). Оның бойы 15-20 см болып, тамырлары жер астына тереңдемей жер бетіне горизонталь жайласады.
Тамырларынан өскендер шығарады. Жапырағы көзге көрінбейді. Сабақтары жіңішке болады, жапырақ ролін атқарады. Гүлі өте майда болады, сабақтарына қонған. Гүлдеген уақытта үсті ақ мамықпен қапталады. Құм зонада көп таралған өсімдіктердің бірі-итсигек. Бұл бүргенге жақын туыс есептеледі. Оның бойы бүргенге қарағанда анағұрлым биік болады. Күй етті бұтақтанын жапырағы көзге түспейді. Гүлдері өте майда және көп болады. Жемісі көзгетас талады. Үсті мамық болады. Мұның ауыл шаруашылығындағы пайда жағы альколойд топтар болып есептеледі. Оның альколойды анабазин деп аталатын ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы істетіледі. өндірісте анабазин сульфат атымен шығарылады. Солтүстігі құмға тиісті өсімдіктің бірі қара сексеуіл. Бұл құм ағаштарына кіреді. Қабығы қатпарланған, жапырағы болмайды. Биік өскенмен көлеңке бермейді. Оның бұтақтары жіңішке болып төмен қарай асылып тұрады. Бұтақтары жасыл түсті болады. Гүлі майда, көзге көрінбейді, жемісі піскенде бес қанат шығарып көзге тасталып тұрады. Бұл өсімдіктерден басқа осы тұқымдасқа кіретін жусан салянка, ол оңтүстік құм зонасында көп болып, Шалқар, Ақтоғай, Орал зоналарында өседі.
Оңтүстік құм аудандарына келсек өсімдіктер тіршілігі өзгере барады. Көктемде барлық жер беті балауса жасыл түске келсе, жазға келіп жер беті босап қалады. Бұл зоналарда бұтақтар болмайды, тек эфимерлерден құралған. Соның үшін эфимерлі зона деп аталады.