Өсімдіктердің тіршілік циклі тұқым жасушалары ұрықтануы және зиготаның пайда болуынан бастап табиғи өліміне дейін жалғасады. Өркендеу процесінде негізінде сапалы өзгерістер жүріп отырады. Өсімдіктер өркендеуін 4-сатыға бөліп үйрену мүмкін.
1.Эмбрионал Бұл сатыда зиготадан бастап тұқымның пісуіне дейінгі дәуірде бүршіктің өркендеуін өз ішіне алады. 1, Тозаңдану. 2, Тозаңның өсуі ( экзина жарылады, ішкі қабат интина ұзын түтікшеге айналады.) 3, Тозаң түкшесінің бүршік қалтасына жетіп одан 2 сперманың 1-і тұқым ядросымен 2-сі қалтаның екінші ядросымен қосылып ұрықтанады. Зигота бөлінеді. Осы дәуірде төмендегідей өзгерістер болады. Тұқым бүртігі пердесі өсіп тұқым қабығын, түйін қабырғалары өсіп жеміс қабтын пайда етеді. Тұқым бүртігі өркендеп бірінен кейін екінші диференцация пайда болады және мүшелерді беруші жасушалар пайда болады. Сонымен тұқымда зат қоры топтала бастайды. Одан прокамбий пайда болады. Бұл процесте фитогормондар ролі үлкен. Піскен тұқымда фитогормондар кемейіп ингибиторлар абсцизат қышқылы көбейіп тұқым тыныштық күйге өтеді.
2.Ювинил дәуірі. Бұл дәуір тұқым өніп шыққаннан бастап генератив мүшелер пайда болғанша жалғасады. Бұл дәуірде вегетатив мүшелер қалыптасып вегетатив салмақты құрайды. Тұқымнан тамыр өсіп фитогормондардан гиббирилин , цитокинин синтезі басталады. Оларды сабаққа ұзайтады. Тамыр сабақ тез өсіп жапырақ өсіп хлорофилл синтезделіп автотроф қоректену басталады. Ювинил дәуір өсімдік түріне байланысты. Біржылдық өсімдіктерде бірнеше апта болса, көпжылдық өсімдіктерде, ағаштарда 10-жылдап жалғасады.
3.Ұлғаю және көбею сатысы— бұл дәуірде бутон, гүл, тұқым және жеміс пайда болу қабілетіне ие болады.
Монокарп өсімдіктер өмірінде бір рет гүлдеп жеміс береді. Оған бір жылдық кейбір екі жылдық (капуста, сәбіз, пияз) көп жылдық ағаштардан бамбук кіреді. Ол 23-30 жылда бір жеміс беріп кейін қурайды. Поликарптар өмірінде көп гүлдеп бірнеше рет жеміс береді. (жеміс ағаштар) Дамуға әсер ететін экологиялық факторлардан температура (яровизация) жарық пен қараңғылықтың кезектесу әсері (фотопериодизм) гүлдеу процесіне үлкен әсері тиеді.
Яровизация – төмен температурада гүлдеу стадиясына өтуі. Яровизация – күзгі өсімдіктер үшін өте қажетті. Әдетте 1-3 ай жалғасады. (0+70с )ыстық сүюші өсімдіктерде 10-130с болады. Төмен температурада бөлініп көбейетін жасушалар белсенділігін асырады (бүртік, сабақ, жапырақ). Олардың физиологиялық негізі әлі толық шешілмеген. Ұзын күнді өсімдіктерге масақты, күнбағыс, қызылшалар кіреді. Қысқа күнді өсімдіктерге салы, кенеп, мақта, жүгері, темекі кіреді. Олар 12 сағаттан кеш жарықтықта гүлдеуі кездеседі. Бұршақ, грешка т.б-ларға күннің ұзындығы әсері тимейді.
Фотопериодтық әсері жапырақтар арқылы пайда болады. Жапырақтағы пигменттер 660 нм және 730 нм –лі қызыл сәуле меңгереді. Осының негізінде 1937 жылы М.Х. Чайлахян өркендеудің гормондық назариясын жаратты. Оған көне фотопериодизм дәуірінде өсімдік жапырағында гүлдеу гормондары флориген пайда болып өсімдіктің гүлдеуін жылдамдатады. Егерде ұзын күнді өсімдік геббирилин мен өңделсе олардың гүлдеуін тездетеді. Гүлдеу гормоны 2 түрлі.
1.Гиббирилин.
2.Антезин.
Олардың әсері кейінгі уақытта дәлелденді.
Ұзын күнді өсімдіктерде антезин көп, гиббирилин аз. Сол үшін ұзын күнде гиббирилин топтайды. Қысқа күнді өсімдіктерде гиббирилин көп, ол уақытта антезин топтайды. Нитрал өсімдіктерде 2 гормон бір қалыпты болады. Антезиндер табиғаты әлі күнге дейін анық емес.
Қартаю сатысы. Бұл дәуірге келіп өсімдік тұқым және жеміс пайда етуден тоқтайды. Тіршілік дәрежесі төмендейді, соңы табиғи өліммен аяқталады. Эфимерлер 2-3 апта, қарағай 500, дуб 1500-2000, секвоялар 5000 жыл өмір сүреді. Қартаю бірнеше жыл жалғасуы мүмкін. Бір жылдық өсімдіктер бірден қартаяды. Көп жылдық шөптесіндердің үстіңгі бөлігі өледі, ағаштардың жапырағы түседі. Қартаю кезеңінде синтез реакциялары тоқтайды, гидролиз басым келеді. Фотосинтез интенсивтігі ақуыз және нуклеин қышқылдары мөлшері кемейеді. Жапырақ және жеміс сағақтарында ажыратушы қабат пайда болады. Жапырақ жемістерді төгеді. Кәріген жапырақтарда өсіру гормондары кемейіп ингибиторлар мөлшері көбейеді.
Мүшелердің қартаюы олар арасындағы тепе- теңдікті бұзады. Көбінесе сабақпен тамыр арасында бұзылу өлімді жақындатады. Фотосинтездің тоқтауы тамырдың жұмысын бұзады, нәтижеде жапырақты минералдар және цитокининнің тапшылдығына алып келіп жапырақ өледі.
Морфологиялық және физиологиялық құбылыстарды салыстырып Н.Кренкеөсімдіктердің цикликалық қартаюы және жасаруы назариясын жаратты.
Әрбір организм қартаяды. Оның өркендеу дәуірі қартаюмен байланысты болып циклдік мінезге ие. Ол дәуірде жасару немесе жаңа жасушалар пайда болуымен байланысты. Бірақ ол организмді алдыңғы қалпына қайтармайды. Жасушалар бөлінгенмен біраз жасарғанымен қартаю өзгерістері жалғаса барады. Сонымен қартаюдың циклдік мінезі пайда болады. Кейінгі стадияға қайтпайды.
Тыныштық дәуірдегі жасуша, ұлпалар және мүшелерде табиғи қартаю баяу жүреді. Белсенді жасушаларда қартаю жоғары теппада өтеді. Тыныштықтан шыққан бүршіктерде жасару белгілері болады. Сол үшін ағаштарды бұтақтаумен жасарту жұмыстары осыған негізделген. Өсімдік мүшелер жасы 2 түрде болады.
1.Өсімдіктің меншік жасы немесе сол мүшенің пайда болған уақытынан зерттелетін кезге дейінгі уақыт аралығында өткен дәуір.
2.Жалпы жасы – оның меншікті жасы. Сол мүшенің пайда болған уақытын қосып есептейді. Қайсы бірінің жасы көп болса, сол мүше қартайған деп табылады. Мәселен 2 бір айлық жапырақты 2 жалпы жастағы ағаштан болса, оның жалпы жасы үлкен ағаштан алынған жапырақ жасы қартайған есептеледі.
Қартаю және жасару сырт орта факторларына байланысты болады немесе қартаюды күшейтуші фактор жасаруды күшейтуі мүмкін. Мәселен азотты тыңайтқыштар қартаюды баяулатса фосфорлы тыңайтқыштар қартаюды жылдамдатады.