Фитогормондар

Холодный және В.Венттер өздерінің көпжылдық еңбектері арқасында өсімдіктер меристемисінде белгісіз бір қосылыстар синтезделіп, олар өсімдіктің бүтін денесінде кезіп жүріп олардың өсуін бүршіктелуін басқарып отыруын анықтады, оларды гормондар деп атады. Кейінгі жылдары олар 4 түрлі болады.

11.Ауксиндер. 2.Гебберелиндер. 3.Цитокининдер.4. Ингибиторлар.

Бұл қосылыстар жас жапырақ ,бүршік, сабақ, және тамырдың өсуші ұштарында пайда болады. Өсу және өркендеуге күшті әсер етіп ,өсімдіктің денесіндегі процестер басқарып тұрады.

Ауксиндер. Бұл индол табиғатты қосылыстар. Өсімдіктердің ацикал бөлігінде пайда болады. 1935 жылы неміс ғалымы Гегель оларды өсімдіктерде болуын химиялық құрамын анықтап ауксиндер деп атады. Олар 2-ге бөлінеді.

1.Ауксин “а” С18 Н 32 О6 . 2.Ауксин “б” С18Н 30 О4.

Кейінгі уақытта гибероауксин деп аталатын жаңа жоғары белсенді зат анықталды С4 Н9 О2 Т. Оны тірі организмде триптофанның нәтижесінде пайда болады деген болжамды айтады.Олар өсімдік сабағы, тамыры ұштарында пайда болады. Ол еркін жағдайда белсенді болып және қосылыстар күйінде кездеседі. Ауксиндер жасушалар бөлінуінде, созылуында биополимерлер синтезінде қатысады. Өсу нүктелерінде ауксин сабақ ,тамыр жапырақтың өсуін белсенділетіп басқарады. Өндірісте өсімдіктерді қаламшалауда қолданылады.

Гиббирилиндер.

Кейінгі жылдары биологтардың назарын жоғары физиологиялық белсенді зат гибберелин аударып келеді. Бұл затты 1926 жылы жапон ғалымы Куросова шала паразитті гибриелелла саңырауқұлағы құрамынан ажыратып алды. Гиббирилин шаланың бойының өсуіне жақсы әсерін тигізді. 1938 жылы Ябута оны кристал күиінде ажыратып алып гибберелин деп атады. Қазіргі уақытта олардың 4 тобы мәлім

А1 ( С19 Н24 О6) А319 Н22 О6)

А219 Н 26 О6) А4( С19 Н24 О5)

Гиббирилиннің 60-тан астам түрі анықталды. Олардың ішінде жақсы зерттелгені А3 гиббирилант қышқылы (г к3 ) есептеледі.

Ол негізінде жапырақта синтезделеді, жасушалар бөлінуі, созылуына әсерін тигізеді. Көбіне буын аралықтардың өсуіне үлкен әсерін тигізеді . Фотосинтез және көптеген биополимерлердің синтезін күшейтеді, өсімдік бойын 2-2,5 есе ұлғайтады.

Цитокининдер. Ол тек жасушалардың бөлінуіне әсерін тигізеді. Оларға кинетин зоотин кіреді. Олар тамырда пайда болады. Кәрі жапырақтарды жасарту қабілетіне ие. Белок және нуклейн қышқылдары синтезін асырады. Хлорофилді көбейтеді, иондардың транспортын күшейтеді.(К+ Са+ Н+).

Абцизат қышқылы. Ол 1961 жылы мақтаның піскен көсегінен ажыратып алынды. Лью және Карис оған абсцизин деп атады. Себебі оның әсерінде жапырақ төгіледі. Күшсіз концентрациясына әсер етеді. Олар кәріп жатқан жапырақтарда пайда болады. Синтез процестерін тоқтатады,жемістердің пісуін жапырақ кәруін жылдамдастырады. Су тапшылығында оның мөлшері артады, транспирацияны тоқтатады. Абсцизин өсіруші жасушалардың антогонисиби есептеледі.

Этилен. Бұл да табиғи қосылыстар есептеледі. Өсімдіктерде пайда болады. Ю. В. Рекитин өз жұмыстарында этиленді толық зерттеп оның жемістерді ертерек жеміс беруін дәлелдеді. Этилен жасушалардың бөлінуін созылуын төмендетеді, оған қарсы процестерді күшейтеді. Кәріген жапырақ және жемістерде паида болады.

Гербицидтер. Олар өсімдіктерді өсуден тоқтатады және жабайы шөптерге қарсы қолданылады. Олардың табиғаты түрліше

  1. Жалпы әсер етушілер
  2. Таңдап әсер етушілер.

Көптеген гербицидтер таңдап әсер ету қасиетіне ие және мәлім туысқа кіретін өсімдіктерге әсер етеді. Бір гербицид төмен концентрацияда таңдап әсер етсе, жоғары концентрацияда жалпы әсер етуі мүмкін.

Гербицидтер жасушаларға кіріп майларда еріп жасушалардың қалыпты процестерін бұзады. Өндірісте 2,4-дифенилоксиацетат (2,4 Д) және 2-метил 4- хлор феноксиацетат (2М-4 Х) кең қолданылады. Олар 1мг-нан кем мөлшерде қос жарнақты өсімдіктерді өлтірсе де дара жарнақты өсімдіктерге әсер етпейді. Жүгері егілген алқаптарда жабайы шөптерге қарсы симазин қолданылады. Ол тамыр арқылы әсер етеді. Топыраққа да салынады. Ол митоз және көмірсу алмасуын бұзады. Мақта алқаптарында жабайы шөптерге қарсы катаран, миноурон тағы басқа гербициттер қолданылады. Олар тыныс алу фотосинтез процестерін бұзады. Қазіргі уақытта 200-ге жақын гербицидтер қолданылады.

Дефолианит және десиканиттер . Жасанды ингибиторларға жапырақты түсіруге қолданылатын дефолянититор және өсімдіктерді тезде құрғататын дисиканититор кіреді.

Дефелианититар мақташылықта машина теріліп амалға асыруда жапырақтарды төгуде кең қолданылады. Оның әсерінде жапырақ сағағы негізінде ажыратушы қабат пайда болады. Ол жапырақтың төгілуіне алып келеді. Сонымен бірге көсектердің тез пісіп жетілуін күшейтеді.

Өндірісте Mg (`CLО3)2 магний хлорант көп қолданылады. Ол гектарына 10-12 кг тұзы 100-200 литр суда ерітіліп қолданылады. Техника жәрдемінде өсімдік жапырақтарына себіледі.

Бутифос бұрын қолданылған .Қазір экологиялық мәселелер жөнінен оларды қолдану қадағаланған. Қант қызылша және картоптарды жинаудан алдын дестицациялануы оның гүлін хлорант магниидің жоғары концентрациялары қолданылады. Сондай-ақ мақтаның көсектерін тез пісіруде ашылуына хлорант магниидің 25-30 о/о ерітіндісі қолданылады.