Комплемент жүйесі, пропердин мен интерферондар

Тірі организмде микробтарға қарсы күресінің клеткалық механизмдерінен басқада механизмдер жетіп артылады оларға комплемент, пропердин, интерферон жатады,

Комплемент организмнің маңызды эффекторлық жүйесінің бірі болып табылады және қанда еркін айналып жүретін В-глобулиндерге жататын 9 компоненттен тұрады (С1, С2,С9) Комплемент компоненттерінің продуценттеріне әртүрлі клеткалар макрофагтар,сүйек майы, бауыр, ащы ішек, лимфа түйіндері, өкпе клеткалары жатады

Белгілі бір жағдайларда комплемент жүйесі тек 2 түрлі бағытта ғана белсенеді.

  1. Класикалық бағыт (С,С2 С4).
  2. Альтернативті бағыт (СЗС5С6С7С8).

Бірінші жағдайда антиген- антидене комплекісінің қүрамында болатын IgG иммуноглобулиннің Ғс фрагментіне С1 компоненті бекінеді одан соң бұл комплекс С4 пен С2 компоненттерін каскадты түрде белсендірудің арқасында конвертаза ферменті түзіледі. Ол фермент СЗ компонентті ыдыратып жібереді,ал оның белсенді бөлігі бөтен клеткаға барып бекінеді, артынша бұл комплекске С5 С6 кіреді. Одан соң С7 компонент комплекске қосылғанда клетка мембранасында ажырамастай болып байланысқан комплекс түзіледі осы комплекске С8 С9 қосылса клетка қабықшасы интерграцияланып клетка лизиске ұшырайды немесе комплемент лейкоциттерге бекінген жағдайда биологиялық белсенді заттар бөлінеді

Екінші жағдайда немесе пропердиндік бағытта белсену кезінде комплементантигендік индукторлар (бактериялардың эндотоксиндері мен полисахаридтері) СЗ пен С5 конвертазаның стабилзаторлары болып табылатын пропердинмен әрекеттеседі СЗ комплемент ыдырамастан В лимфицитер мен макрофагтарды белсендіреді.

Пропердин -(про алдын ала пердере-қирату) комплемент жүйесінің альтернативті бағытта белсенуінің оң реттеуші компоненті болып табылатын белок табиғатты зат, ол ескірмеген қан плазмасында кездеседі оның бактерицидтік сонымен қатар вирустарды нейтралдау да қасиетті болады.

Интерферон- организм клеткалары бөліп шығаратын вирус репродукциясына кедергі келтіретін арнайы емес вирусқа қарсы зат. Арнайы вирусқа қарсы заттар антиденелерден айыршашылығы интерферон организмге вирус түскеннен кейін жедел түзіліп вирус белоктарын қырқатын протеинкиназа және вирус нуклейн қышқылын қырқатын 2,5олигоаденилатсинтетаза гендерін белсендіреді Интерферонның түзілуін тірі ғана емес өлі вирустар бактериялық эндотоксиндер нуклеин қышқылы, кейбір полисахаридтер де индукциялай алады.

Фагоцитоз процесінің 2 типі бар.

  1. Аяқталған.
  2. Аяқталмаған.

Фибринонектин макрофагттарда синтезделетін қан плазмасының ұлпа сұйықтығының белогы. Барлық лимфоидты клеткалардың сыртында фиброниктинге рецепторлар болады, ал фибринониктиннің өзінде коллаген фибрин, С1 -ді кейбір бактерияларды байланыстыратын учаскілер болады сондықтан фибринектин микробтарды немесе басқа бөлшектерді фагоциттермен байлап- матап нәтижесінде өзі конформациялық өзгерістерге ұшырап оны протеазалар ерітіп жібереді. Фибринонектиннің деградация өнімдері хемотаксис процесіне қозғау береді

Бета- лизиндер тромбоциттер бөліп шығаратын кейбір бактериялар мен эритроциттерді лизиске ұшыратуға қабілетті қан сарысуының белоктары Қалыпты антиденелер көптеген жануарларда адам қанында өте аз мөлшерде кездесетін имуноглабулиндер

Қан сарысуының ингибиторлары белок табиғатты эпителий секреттерінде кездесетін арнайы емес вирусқа қарсы заттар. Олар термолабильді (60-620 )термостабильді (ІОО0) болып жіктеледі Ингибиторлар вирус нейтралдаушы және антигемотоглютиндеуші белсенді болып табылады.

Иммундық жүйенің клеткалары олардың арасындағы байланысты қамтамасыз ететін иммундық жауапты реттеуге қатысатын көптеген әртүрлі белоктар секреттейді осындай реттеуші белоктар цитокиндер деп аталады олардың гормондардан айыршашылығы гормондар тек кейбір ғана нысанаға мүшеге әсер етсе цитокиндер көптеген типті клеткалар мен ұлпаларға әсер етеді. Әр типті клеткалар әртүрлі цитокиндер синтездейді мысалы макрофагттар интерлейкин -1,6,12 (ІЛ,6,12) синтездейді. Цитокиндерге интерлейкиндер, интерферондар ісік некрозы факторлары хемокиндер жатады.

Интерлейкиндер- лимфоциттер мен басқа да лейкоциттердің әрекеттесуін реттейтін белоктардың гетерогенді қоспасы олардың номері ашылу ретіне байланысты.

Интерферондар вирустық инфекцияға иммундық стимулдеуге, химиялык әсерге қарсы жауап ретінде синтезделетін гликопротеиндер, олар табиғи киллер клеткаларды белсендіреді.