Тірі организмде иммундық жауапқа клеткалық 3 типі микрофагтар, макрофагтар,лимфоциттер қатысады.Микрофагтарға сүт қоректілерде нейтрофилдер мен эозинофилдер ал құстардапсевдоэозинофилдер мен эозинофилдер жатады Нейтрофилдердің хемотоксистік қасиеті (яғнихимиялық қосылыстарға қарай жылжу әрекеті) жоғары дәрежелі қозғалғыштығы фагоцитарлықбелсенділігі болады. Бұл клеткаларының цитоплазмасында гликоген бактерицидтік заттар Лизосомалар, антигенді жоятын әртүрлі фермент (оксидаза периксидаза, қышқыл сілтілі фозфатазалар, лизоцим ,липаза т б ) болады.
Эозинофилдердің қозғалғыштығы фагоцитарлық белсенділігі төмен болады. Оларда қышқыл фосфатаза пероксидаза гистаминаза ферменттері болады Фагоцитоз жасағанда эозинофилдер дегрануляцияға ұшырайды яғни грануладан әртүрлі ферментер бөлініп олар көмегімен гепарин гистамин иммундық комплекстер инактивтеледі. Эозинофилдер паразиттерге
| қарсы иммунитететте үлкен роль атқарады.
Макрофагтар А- клеткалар немесе қосымша клеткалар (ағылшын accecsori- қосымша деген сөзден шыққан)мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне жататын клеткалар. Бұлар 10-20мкм клеткалары көпөмір сүретін жақсы дамыған цитоплазмасы, лизосомалық аппараты бар клеткалар,морфологиялық жағынан олар әртүрлі болып келеді. Оларға жілік майының моноциттері ,қанның моноциттері , дәнекер ұлпалардың гистиоциттері бауырдың Купфер клеткалары ,көкбауырдың , жілік майының, лимфа түйіндеріндегі бос және фиксацияланған макрофагтар өкпеніңальвеолярлы макрофагтары, ішперде макрофагтары ,қабыну ошақтарындағы эпителиодты және алып клеткалар,буынның синовиалды қабықтарының макрофагтар сүйек ұлпалардың остеокластары бас миының микроглиясы жатады. Макрофагтардың түзілуі келесідей кезеңдері арқылы жүреді:
Жілік майының бағаналы клеткасы→ Монобласт→ Промоноцит→
жілік майының моноциті→шеткі қан моноциттері→ ұлпалықмакрофаг
Жілік майынан қанға макрофагттар промоноцит, моноцит даму кезеңдеріне түсіп онда 36 сағат тіршілік етеді
Макрофагтардың қорғаныштық реакцияларды қамтамасыз еткендегі негізгі функциялары
1 Хемотаксис
2 Фагоцитоз.
3.Биологиялық белсенді заттар секрециясы.
4 Антигенді өңдеу (процессинг) және гистобірегейліктің бірінші класы МНС-І және 2 классы МНС-2 арқылы ол антигенді имунокомпетенті клеткаларға ұстап беру
Белсенген макрофагтар 50-ден астам биологиялық белсенді заттар синтездеп ,бөліп шығарады ,олардыңарасындағы маңыздыларына простогландиндер жатады (ПГ-Е-1 ,ПГ-Е-2 ПЕ-Ф-а, ФЕ-Д2,т б) Макрофагттар бөліп шығаратын заттар бір жағынан иммундык жауап пен қабыну медиаторлары болып табылады ,сонымен біргеол заттар макрофагтардың өздерінің белсенділігін оң және теріс кері байланыс принципі бойынша реттеп отырады Қазіргі уақытта макрофагттарың мынандай формалары белгілі
А) қабыну аймағы макрофагтары -қан моноциттері
Б) резидентті макрофагтар белсенбеген белгілі бір анатомиялық обылыстағы макрофагтар.
В) индуцирленген макрофагттар фагоцитозға жұмылған макрофагтар.
Г) белсенген макрофагтар- иммундық жауапта қызметін орындауға дайын макрофагтар. Макрофагтарды стимулдеуге иммундық жауап факторлары қажет. Ол факторларғаантиденелер, комплемент, лимфокин, микробты факторлар қажет.