Тірі организмдерде өзінің тұтастығын сақтау үшін бөгде заттармен күресу үшін қызмет ететін арнаулы жүйе иммундық жүйе болады .Иммунология осы иммундық жүйенің қалыпты сау жағдайдағы құрылымы мен қызметін зерттейді.Ал иммунопатология бұл жүйенің ауру жағдайындағы құрлымы мен қызметініңбұзылудың өзгерістерін қарастырады.
Иммунология- антиген деп аталатын генетикалық бөгде субстанцияларға
организмнің жауап қайтаруының молекулалық механизмдерін зерттейтін
иммунитет жөніндегі ғылым.
Заманауи иммунологияның алдында келесі мақсаттар тұр.
1.Адам мен жануарларды жұқпалы аурулардан қорғау мен алдын алудың әдістерін жасақтап күрес тәсілдерін жетілдіру.
2.Жасанды табиғи токсиндер мен аллергендерге сондай-ақ биотехнологиялық жолмен жасалып шығарылған синтетикалық антигендерге қарсы иммунитетті стимулдеу жолдарын қарастыру.
З.Адам организміндегі иммундық жүйенің күйін бағалау ,оның қалыпты қызметіне жағдай жасау.
4.Иммундык жүйенің ауруларын зерттеу, әртүрлі табиғатты иммуномодуляторлар көмегімен иммундық түзету жасау әдістерін жетілдіру.
5.Трансплантациялық иммунитетті зерттеу, қатерлі ісік аурулардың алдын алу
диагностика әдістерін табу.
6.Аллергиянын алдын алу оны емдеу
Иммунологияның ғылым ретінде қалыптасуы иммунитет деп аталатын феноменнің арқасында мүмкін болды. Иммунология ғылым ретінде ХІХ-ХХғ шегінде қалыптасты. 1881ж француз ғалымы Луи Пастер тауықтардағы холера ауруын зерттей отырып ауру қоздырғыштардың ескі дақылдарымен тауықтарды байқамай жұқтырып алғанда, олардың ауырмай кейіннен жаңа штаммдарды жұқтырғанда олардың өлмей қалғандығын байқайды.Бірақ иммунологияның атасы ретінде Луи Пастерді емес Эдуард Дженнерді санайды ,себебі ол 1796ж әмпирикалық жолмен адамдарды шешек ауруынан сақтаудың алдын алу жолын ашты ол сауыншылардың сиыр шешегі ауруымен ауырғандардың кәдімгі шешекпен ауырмайтындығын анықтап вакцинация әдісін жетілдірді( бұл сөз вакка-сиыр деген сөзден шыққан)
1890ж неміс зерттеушісі Э. Беринг организмге енген микробтар мен олардың токсиндеріне қарсы қанда кейініректе антидене деп аталатын қорғаныштық заттар түзілетіндігін ашып,осы ғылыми жаңалықтардың негізінде Паулъ Эрлих деген ғалым иммунитеттің гуморалъдық теориясын қалыптастырды.
1882ж орыс ғалымы Илья Ильич Мечников теңіз жұлдыздарымен тәжірибе жасап фагоцитоз феноменін , оның негізінде иммунитеттің фагоцитарлық теориясын қалыптастырды,1899ж Н.Я. Чистович микроорганизмдерден басқа ұлпаларды бөгде (әритроцит, қан плазмасы)парентеалды енгізгенде антидене бөлетінін анықтап инфекциялық емес иммунитеттің негізін қалады.
1900ж Карл Ландштейнер адамдағы қан топтарын ашып ,ұлпалық антигендер ғылымына негіз салды. II дүниежүзілік соғыста терінің күйюіне қарсы трансплантация мәселесі туындады.
Трансплантация кезіндегі ұлпалардың сай келмеу себебі иммунитет екендігі ашылған соң трансплатациялык иммунитет зертеулерінен иммунологиялық толеранттылық туралы ілім қалыптасты.
Иммунологиялық толеранттылық бөтенді танып оған жауап қайыршау көну, бұл құбылысты бір-біріне байланыссыз П. Медавар мен М, Гашек анықтады.
Антиденелерінің құрылысы мен түзілу заңдылықтарын ашу олардың шексіз көп түрлілігінің құрылысын ашу моноклоналъды антидене алуға мүмкіндік беретін гибридомдық технологияның өмірге келуіне алып келді.Қазіргі уақытта иммунологиялық жауаптарының генетикалық негіздері , ұлпалардың гисто төзушілігі сондай-ақ генетикалық гомеостаз идеялары заманауи иммунологиялық алдында тұрған шешуге тиіс үлкен мәселелері болып табылады.