Этнологиялық деректер

Этнография “тайпа, халық жазамын” қоғамдық ғылымның иайпалар ме

халықтарды зерттейтін бір саласы Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностың құрамын, қылысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды тарихи және мәдени қарым-қатынастарын күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және семьялық қарам-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді.

Этнография зерттеудің ең негізгі қайнар бұлағы халықтардың қазіргі өмірін тәкелей бақылаудың нәтижесінде жиналатын сан алуан деректер. Этнография зерттеу жүргізудің 2 түрі бар.

  1. Ел ішінде тұрақты немесе ұзақ уақыт бірге тру арқылы зерттеу.
  2. Қысқа мерзімге экспедициялар ұйымдастыру арқылы зерттеу.

Ел арасынан этнографиялық деректер жинаудың әдістері әр түрлі: бірде зерттелетін халық тобымен етене араласып күнделікті іс-әрекеті той думаны, әртүрлі әдет-ғұрыптарын бірге өткізіп жүріп жинаса, 2-шіден халық өмірін жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесу арқылы жинайды.

Халықтардың шығу тегін зерттеуде этнография үнемі археологиялық деретеріне сүйенсе, археология өзінінің зерттеу жұмыстарында археологиялық ескерткішітердің қандай анықтау барысыда әр дайын этнография деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем өнерімен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу этнографияны толықтыра түседі.

Кейбір шетелдерде этнографиялық проблеманы зерттеп танумен айналысатын ғылымды білдіру үшін этнология деген тармин қолданылады. Мұның өзінде этнология кейде теориялық пән ретінде қарастырылады да таза сипаттама ғана беретін ғылымның ролін мтқаруға тиісті этнографияға қарсы қойылады. Советтік ғылымда этнология атауы қолданылмайды. Этнография дүние жүзі халықтарын зерттеуде, олардың сан алуан өмір салалары туралы жазу баяндаумен ғана шектелмей сол деректердің негізінде теориялық баяндамалар, қорытындылар жасайтын тарихи ғылымдарының бір саласы деп есептейді.

Адамзат қоғамының дамуы адамдардың оларды қоршаған дүние туралы білімдерінің кеңеюімен көршілес және шалғайдағы халықтар жөніндегі мәліметтерді жинақтаумен қоса жүріп отырады.

Этнография ғылымының жаңадан өрлеу дәуірі географиялық ұлы ашулар мен капиталистік қатынастардың алғашқы дәуірінен XVғ. басталды. Европа теңізшілерінің саяхаттары Америка Африка, Оңтүстік Шығыс Азия, Мұхит аралдары мен Австралия халықтары жайында жинаған көптеген жаңа деректер Этнография қорын молайта тсті. ХІХ ғасырдың ортасында этнография өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. ХІХ ғ-дың 60-70 ж-ры Европа мен америка этнография ғылымында эволюционизм ағымы Э.Тайлор, Дж. Леббок, Дж Мак-Леннан, А. Бастиан, Г.Спенсер, Ю, Липпрт, И.Я. Бахофен, Л.Г. Моргон үстемдік етті. Бұл ағым өз заманында буржуазиялық ғылымдағы буржуазиялық интелигенттерінің сол ездегі мүдде мақсатына сай болды. Олар эволюцияның негізгі қозғаушы күші адам психологиясының жетілуі деп білді. Эволюцияонистер ішінде бәрінен де ғылыми теория тұрғысында жоғары көрсетілгені Америка ғалымы Л.Г. Моргрнның еңбегі. Ол адамзат тарихының жалпы даму кезеңдерін тіршілікке қажетті өнім өндіру әдістерін негізге ала отырып анықтауға тырысты. Мұның өзі материалистік көзқарас болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс Л.Г. Моргонның “Ежелгі қоғам” атты басты еңбегін жоғары бағалады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында эволюционизм ағымы дағдарысқа ұшырап бірнеше жаңа мектептер мен ағымдар шықты. Олардың көпшілігі реакцияшыл бағытта болды. М-лы Германияда Австралия мен Англияда диффузианистік ағым (Ф.Ратцель, Ф. Гребнер, Ю.А. Шмидт) пайда болды. Оның негізгі идеясы мәдениет тарихы оның географиялық қоныс аударуының ( диффузия — миграция) тарихы деп қарады.

Франциядағы Э. Дюркгеймнің “социологиялық” мектебіне біріккен ғалымдар бір сыпыра географиялық еңбектер жазып этнография ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Англияда Б.Маменовский бастаған Дюркгейм мектебіне идеялық жағындағы бар функцияоналды ағым пайда болды. Бұл ағым этнологиялық міндеті тек қазіргі мәдениетті зерттеумен бірге халықтарды дұрыс басқарудың жолын қарастырумен шектелу керек деді. Сондықтан да бұл ағым отарлау саясатының теориялық негізіне айналды.