ОЛАРДЫ ҚАРМТУ — ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕР МАҚТАН ТҰТАДЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің жоғары мәртебесі оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмысының аса тығыз байланысын міндеттейді. Болашақ маманды толығымен оқыту және сапалы даярлау жетістігінің негізі осыдан көрінеді.

Көптеген жылдар бойы университет ғылыми-білім беру кешені ретінде қалыптасты және ол озық технологиялардың ғылыми-техникалық орталығына айналды. Бұл келесі ғылыми бағыттар бойынша маңызды және қолданбалы зерттеулердің басым дамуымен қамтамасыз етілді:

— Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу технологиясы (Ә. Сағынов, С. Квон, Ю. Векслер, Ю. Берқалиев, Т. Исабек).

— Тау-кен машинасын жасау (А. Кичигин, А. Лазуткин, И. Янцен,

Г. Пивень, Д. Ешуткин, С. Жетесов, Ю. Климов, Ю. Черкашин, Т. Ермеков, А. Ушаков, А. Павлов, Ю. Смирнов).

— Тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы және еңбек қорғау

(Н. Кременчуцкий, Н. Гращенков, Е. Глузберг, Ә. Әкімбеков, Ф. Гельфанд, В. Журавлев, Г. Панов).

— Көлік жүйелері (А. Данияров, З. Ақашев, С. Малыбаев, Ж. Қуанышбаев).

— Маркшейдерлік іс және жер қойнаулары геометриясы (И. Попов, Р. Окатов, П. Шпаков, Ф. Низаметдинов).

— Техникалық жүйелерді модельдеу және жобалауды автоматтандыру (П. Степанов, Г. Пивень, М. Нұрғожин, Л. Когай, И. Альтер).

— Ядролық геофизика және пайдалы қазбалардың құрамы мен сапасын зерттеудің ядролық-физикалық әдістері (Ю. Пак, В. Красноперов).

— Өндірістік процестерді автоматтандыру (В. Бырька, И. Брейдо, Б. Фешин).

— Геология және жер қойнауларын барлау (М. Ермеков, Л. Думлер).

— Құю өндірісі (Е. Шевцов, А. Исағұлов).

— Құрылыс механикасы және құрылыс конструкциялары (А. Боженов, Н. Жадрасынов, Ж. Бәкіров, Ж. Нұғожинов).

— Экономикалық теория және басқару экономикасы (Ш. Қашықов, Б. Ахметжанов, Р. Каренов, В. Муров, Р. Ходжаев).

Жетістіктер халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда, монографияларда және мақалаларда кеңінен көрсетіледі. Тек соңғы 10 жыл ішінде ғана профессорлық-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлер әр түрлі деңгейлі ғылыми конференцияларда 900-ге жуық баяндамалар ұсынды, 3000-нан астам ғылыми жарияланымдар жариялады. 64 монография шығарылды, 30 докторлық және 55 кандидаттық диссертация қорғалды, 200-ден астам авторлық куәлік пен патент алынды.

Орындалатын ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі және маңыздылығы университеттің көптеген ғалымдарының ғылымдар академияларының нақты сайланған мүшелері (академиктері) болуына мүмкіндік берді: Ә. Сағынов – ҚР ҰҒА академигі; А.М. Ғазалиев– ҚР ҰҒА; Г. Пивень – ЖМ ХҒА, ХАҒА, ҚР ЖҒА, ҚР АА; Ю. Пак – ҚР ЖҒА; И. Альтер – ХАҒА; И. Арыстан – ХАҒА; Б. Берқалиев – ХАҒА; Б. Біләлов – ҚР МҒА және т.б.

Көптеген түлектер ғылым докторлары болды: Г.Г. Пивень, И.А. Янцен, Р.П. Окатов, Ә.Қ. Әкімбеков, С.С. Жетесов, П.П. Палев, А.Н. Данияров, Д.Н. Ешуткин, Ф.К. Низаметдинов, Ю.И. Климов, Ю.М. Смирнов, И.М. Альтер, Б.А. Ахметжанов, Ж.Б. Бәкіров, А.З. Исағұлов, С.Қ. Малыбаев, Б.Н. Фешин, Ж.М. Қуанышбаев, Т.Н. Бекенов, С.Б. Колоколов, Р.С. Каренов, В.И. Соловьев, В.В. Грузин, Т.К. Исабек және т.б.

Оқытушылар мен қызметкерлер инженер кадрларын даярлауда және ғылыми зерттеулерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін жоғары үкіметтік наградаларды иеленді. Сонымен, Ә. С. Сағынов екі Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы және Халықтар достығы ордендерімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері атанды[1, б. 71].

Ғылыми мектептерді құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға шаруашылық шарттар жасасу және ғылыми жұмыстағы басқа маңызды жетістіктер ғылыми жұмысты ұйымдастыру мен басқаруды күшейтуді талап етті. Осы мақсатта 1961 жылы ректоратта ғылыми жұмыс жөніндегі проректор лауазымы енгізіледі, ол қызметке А.Ф. Кичигин тағайындалады.

А.Ф. Кичигиннің (1961-1971 жж.) 10 жыл белсенді жұмысы ішінде институт республиканың озық ЖОО деңгейіне шықты. Көптеген әзірлемелер КСРО және ҚазКСР халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмелеріне қойылды. Институтта кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша бірінші диссертациялық кеңес құрылды, институттың көптеген ғалымдары үкіметтік наградаларды иеленді және әр түрлі сыйлықтардың лауреаттары атанды.

Сонымен қоса, институтта ғылыми-зерттеу секторы (ҒЗС) құрылды, оны қалыптасу сатысында басқаруды Ю.И. Сигарев (1960-1961 жж.), А.С. Савельева (1967-1968 жж.) және А.Д. Гарницкая (1969-1974 жж.) жүзеге асырды.

1971 жылғы 16 тамызда ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып Лазуткин А.Г. тағайындалады, ол осы қызметте 16 жыл жұмыс істеді (1988 жылға дейін). Осы жылдарда институтта мамандарды даярлау сапасын жақсарту, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылым академияларымен, салалық министрліктермен және ведомстволармен ынтымақтастықты нығайту міндеттерімен тығыз байланыста ғылыми зерттеулердің деңгейі мен тиімділігін әрі қарай жоғарылатуға бағытталған шаралар кеңінен өткізілді.

Нәтижесінде шаруашылық шарттар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 1971 ж. 1335 мың сомнан 1988 ж. 4784,5 мың сомға дейін өсті. Сонымен бірге зерттеулер маңызды халық шаруашылығы проблемаларын шешу бойынша 22 кешенді, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша орындалды, бұл ҒЗЖ маңызды тақырыптамасының меншікті салмағын көтеруге мүмкіндік берді – 1988 ж. қаржыландыру көлемі 269 мың сомға дейін жеткізілді (1971 жылдары – орындалмады, 1972 ж. – 40 мың сом). Орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары көлемінің ұлғаюымен, оларға профессорлық-оқытушылар құрамын, аспиранттар мен студенттерді кеңінен қатыстырумен ғылыми-зерттеу секторының міндеттері өзгертілді, оларға 1974 жылдан 1986 жылға дейін жетекшілік етуді В.А. Фомин жүзеге асырды. ҒЗС ғылыми-зерттеу институты мәртебесін иелене бастады.

Ғылыми қызметте қол жеткізген табыстары үшін КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Қарағанды политехникалық институты маңызды халық шаруашылық мәні бар жетекші ЖОО қатарына жатқызылды. Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрлігінің 1987 ж. 28 мамырдағы № 506 бұйрығымен ғылыми-зерттеу секторының және «Тау жыныстарын бұзуға арналған күштік гидравликалық жүйелерді құрудың ғылыми негіздері» проблемалық зертханасының базасында ғылыми-зерттеу бөлімі (ҒЗБ) құрылды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің шеңберінде 15 – институттық, 3 – факультеттік және 9 кафедралық деңгейлі ғылыми-зерттеу зертханаларын құру көзделді. Көптеген ғылыми-зерттеу зертханаларының жетекшілері кафедра меңгерушілері болып тағайындалды, бұл ғылыми қызметтің оқу процесімен байланысының нығаюын алдын ала анықтады.

Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің құрылымына ғылыми-зерттеу зертханалары, сондай-ақ ғылыми жұмысты үйлестіру, басқару, ұйымдастыру және жалғастыру қызметі қосылды. ҒЗБ әкімшілік-басқарушылық бөлімшесі ҒЗБ дербес бөлімдерінен және жалпы институттық қызметтерге кіретін жеке топтардан (тұлғалардан) құралды. ҒЗБ құрамына сондай-ақ ҒЗЖ ұйымдастыру және ендіру (Кулявцева Т.И., Гуртова Т.И.), ғылыми-техникалық ақпарат (Фабричная Н.П., Абинов А.Г.), ҒЗЖ стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету (Мырзаханов С.А., Крицевый Ю.Ф.) сияқты ірі бөлімдер енгізілді. Жалпы институттық қызметтерге жоспарлық-қаржы тобы (Максимова К.К.) және ҒЗБ бухгалтериясы (Цайгер Р.Г., Суркова С.И., Чичаева Л.А.) бөлінді. Ректордың 20.07.1987ж. № 546 бұйрығымен ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып т.ғ.д., профессор Лазуткин А.Г., ал оның орынбасары болып т.ғ.к., доцент Муштаков Н.А. тағайындалды. Ғылыми хатшы қызметіне т.ғ.к. Рудая Р.И. қабылданды.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің қалыптасуы ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың қызметіне 08.02.1988 ж. тағайындалған, техника ғылымдарының докторы, профессор И.А. Янценнің жетекшілігімен өтті.

Ғылыми жұмысты ұйымдастыруды күшейту, оның нәтижелерін ендіру және халықаралық ынтымақтастыққа шығу үшін институтта ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың орынбасары қосымша лауазымы енгізілді. Бұл қызметке алғаш рет техника ғылымдарының докторы, профессор Ушаков Л.С. (1988-1989жж.) қабылданды, оны техника ғылымдарының кандидаты Негруцкий С.Б. (1990-1994жж.) ауыстырды.

1989 жылы ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың орынбасары — ҒЗБ бастығы қызметіне техника ғылымдарының кандидаты, доцент Моисеев В.С. тағайындалды, оның белсенді араласуымен ҒЗБ барлық нормативтік базасын әзірлеу аяқталды және институттың ғылыми қызметін басқару жүйесі құрылды. Ғылыми-зерттеу бөлімі қызметінің алғашқы жылдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қатаң регламенттеуден шаруашылық есептеу және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде басқаруға түпкілікті ауыстыру жүзеге асырылды, ол кезде тақырыптар санын ұлғайтуда, оларды орындау мерзімдерін қысқартуда және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін жоғарылатуда ғылыми жұмыстарды орындаушылардың жеке мүдделілігі пайда болды, яғни, мәні бойынша, рыноктық механизм ғылымында қалыптаса бастады.

Институтта ғылыми-зерттеу зертханалары түрінде ҒЗБ классикалық құрылымымен параллель шағын кәсіпорындар мен кооперативтер құрыла бастады. 1989 жылы «Символ», «Импульс», «Лазер» «Кристалл», «Изотвор» кооперативтері ұйымдастырылды.

2008 жылғы наурызда университет ректоры ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің бастамасы бойынша республикада аналогтары жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» тілдік орталығы құрылды, онда әрбір қалаған адам қазіргі заманғы әдістемелердің, жаңа оқыту құралдарының көмегімен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады[2, б. 415].

Университеттің дамуының кешенді бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі 2008 жылғы 19 маусымда Қазақстандағы тұңғыш «Корпоративті Университет» инновациялық білім беру консорциумын құру туралы Келісімге қол қою болды, оның мүшелері Қазақстан мен Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары болды: РҒА УрБ Геофизика Ииституты, Қарағанды технопаркі, ИПКОН ЖШС, Әбішев атындағы ХМИ, «Еуразиялық өнеркәсіптік химиялық топ» ЖШС, «Абсолют Казахстан» Компаниясы ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және т.б. ҚР Білім және ғылым экс-министріЖ.Қ. Түймебаев айтқандай, Орталық Қазақстан аймағында Корпоративті университет құру тұтас алғанда Қазақстанның және Қарағанды аймағының барлық техникалық білім беру жүйесі үшін жаңашыл және маңызды болып табылады.

Университет құрылымында Маркетинг және шарттық қатынастар орталығы құрылған, ол студенттер құрамының сапалы қалыптасуын және кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптің басым салаларын кадрмен қамтамасыз ету үшін 5 жаңа мамандық ашылған: «Биотехнология», «Информатика», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Бастапқы әскери даярлық».

Бүгінгі күні ҚарМТУ Қазақстанда, айтарлықтай ғылыми әлеуеті және белгілі ғылыми мектептері бар ең ірі инновациялық бағдарланған техникалық университеттердің бірі болып табылады. Университет өткізетін халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-техникалық конференциялар академиялық элитаны, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, аймақтың, республиканың, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің ірі кәсіпорындарының мамандарын жинайды. «Караганда-Инвест-2008» Халықаралық форумында Университеттің 11 ғалымының жобасы ұсынылды.

Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Кошица қ. Рочестер технологиялық университетімен (Словакия), Томск политехникалық университетімен (Ресей) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. ҚарМТУ оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындарды әзірлеу бойынша үш халықаралық ТЕМПУС жобасына қатысады.

Университеттің дамуына т.ғ.к., доценттер А.М. Леонов, Н.В. Ешуткин, А.В. Шабурников, А.П. Ли, В.И. Рыженков, В.С. Оробинский, А.Ф. Немкин, А.Н. Мурашев, В.П. Попов (қазіргі уақытта Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі) және т.б. үлкен үлес қосты.

Ірі және белгілі ғалымдар, университеттің оқытушылары т.ғ.д., профессорлар С.С. Квон, Б.Т. Берқалиев, Н.А. Дрижд болып табылады, олар Қазақстанның кен өндіру саласы үшін жас мамандарды тәрбиелеу және даярлау ісіне үлкен үлес қосты.

Университетте оның құрылған сәтінен бастап М.Т. Омаров, В.И. Удалых, В.И. Фольгарт, Т.Д. Қашқымбеков жұмыс істеді. Университеттің алғашқы оқытушыларының бірі т.ғ.к., доценттер В.Н. Аракелов, В.К. Донис, Э.Ф. Боярский, Л.И. Жуган, Л.И. Когай, Е.Н. Протасов болды. Кейіннен Л.И. Когай т.ғ.д., профессор, В.К. Донис профессор, Э.Ф. Боярский, Л.И. Жуган, Т.Д. Қашқымбеков, Е.Н. Протасов, М.Т. Омаров, В.И. Фольгарт т.ғ.к., доценттер атанды[3, б. 13].

Университеттің даму тарихында буындардың ауысуы болды. Бүгінде, шексіз алғыс сезімімен барлық өмірден өткен, Қарағанды тау-кен, политехникалық институтының, қазіргі техникалық университеттің қалыптасуы мен дамуына маңызды үлес қосқан қызметкерлерді еске аламыз. А. Ермекова, Л. Рахлис, Р. Козлова, А. Лебедева, А. Петрушанского, А. Эттеля, И. Деревинского, Г. Кинелевой, А. Анисимова, Е. Акбасова, Х. Хасенова, Ю. Гудовского, С. Ракова, М. Ланге, Н. Песина, В. Аракелова, Э. Гофмана, В. Лыткина, И. Фрейгант, Г. Кожахметова, К. Ибраева, П. Акимочкина, Л. Егорычевой, М. Волощина, З. Кенжина, Э. Келлера, Р. Зудиной, Х. Абдрахманова, К. Ахметова, В. Бырька, З. Байназарова, И. Богатырева, Е. Пятенцего, А. Синицыной, И. Гуртового, А. Даниярова, В. Данилова, Ю. Евстифеева, Л. Когая, Б. Кульпеисова, М. Кенесбаева, Ф. Крицевого, Е. Копбаева, Н. Летовой, В. Ли, Е. Омарова, Е. Огарковой, С. Кима, И. Попова, Н. Пахомова, Ю. Риттера, А. Тен, С. Умбеталина, Б. Христенко, Е. Щевцова, Ф. Кремера, В. Маляревского, А. Махова, Б. Сулимова, В. Архиповажәне т.б. аттары оның тарихында мәңгілікке қалады. Олардың өмірі мен жұмыстары естелікке тұрарлық.

Біз ЖОО-мыздың өмірбаянының жарқын беттерімен, оны құру мен дамуға үлес қосқандар есімімен, оның беделі мен бүгінгі қажеттілігін қамтамасыз ететіндермен мақтанамыз. Біздің ұжымымыз Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында белгіленген міндеттерді өмірде іске асыруды көздейді.