ҚАРМТУ – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ ОРДАСЫ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрылғанына 2011 жылы 58 жыл болды. 1958 жылы Қарағанды тау-кен институтының

политехникалық институт болып қайта құрылуы жоғары оқу орнының өзі үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл республика үшін елеулі оқиға болды, өйткені Қазақстанда тұңғыш политехникалық ЖОО пайда болды. 1996 жылы ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысымен ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып қайта ұйымдастырылды, бұл жоғары оқу орнының жоғары білікті мамандар даярлаудағы еңбегінің танылуы болды[1, б. 20].

Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге еліміздің шекарасынан тыс елдерде де жақсы белгілі ҚарМТУ жоғары наградамен – Еңбек қызыл Ту орденімен марапатталған, екі рет Алтын Құрмет кітабына енгізілген. Біздің ЖОО 39 бакалавриат, 26 магистратура, 4 докторантура мамандығы және 6 әскери-есептік мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды. Қазіргі уақытта ҚарМТУ-да 12 мыңнан астам студент оқиды.

Университет жұмысының басты қорытындысы – алпыс мыңнан астам түлек. ҚарМТУ уақыт талабына сай инженерлік-техникалық кадрларды даярлайды. Біздің түлектеріміздің арасында белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының, ғылыми мекемелердің, білім беру, мәдениет және бизнес саласы ұйымдарының басшылары бар. Университет мақтанышы – 1962-1965 жылдары жалпы білім беретін және техникалық пәндердің негізін меңгерген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында өнеркәсіп Қазақстанда қарқынды дамыды. Жастар шахтер, құрылысшы, металлург сияқты мамандықтарды игеруге талпынды. Бір күні болатты қалай құятынын көріп және осындай әдемі де ғажап көріністің әсерінде бола тұрып, Нұрсұлтан есімді қазақ жігіті, өзінің көптеген құрдастары сияқты, өмірін металлург мамандығымен байланыстыруға бел байлады.

Жоғары білім алу үшін Қазақстанның болашақ Президенті Қарағанды политехникалық институтына оқуға түседі. Н.Ә. Назарбаевтың студенттік жылдарында инженер кадрларын даярлау жүйесі қазіргі жүйеден қатты ерекшеленетін. Ол Теміртау қ. тұратын талапкерлерден құрылған, ЛП-62-2 (Қара және түсті металдарды құю өндірісі) тобына қабылданды. ЛП-62-1 тобында қарағандылық студенттер оқыған. Оқу «ДВ» жүйесі бойынша жүргізілді – студент өндірісте жұмыс істеп, бір жарым жыл институтта оқыды. Бұлстуденттердің практикамен бекітілген, берік білім алуына мүмкіндік берді.

Металлургтер топтарында айрықша жолдастық қарым-қатынас болды. Білімі мен өмірлік тәжірибесі бойынша мықты студенттер Н. Назарбаев, Т. Сүлейменов және В. Андреев өздерінің топтастарына көмектесіп, оларға қолдау көрсетті. Сол жылдардың өзінде-ақ болашақ Президенттің жеке бірегей қасиеттері айқындалды.

Студенттік құрылысшылар отрядында Н. Назарбаев бригадир болды және құрылысты барлық қажетті материалмен: кірпішпен, құммен, цементпенқамтамасыз ете отырып, нысан құрылысын басқарды, ол кездері бұл өте қиын іс болды. Бұл материалдарды жабдықтау ұйымдарынан «тартып алуға» тура келді. Басшы ретінде табандылығының арқасында нысанның құрылысы деркезінде және жоғары сапамен аяқталды. Басқа құрдастарынан оны мақсатқа талпынушылығы, табандылығы, өзіне жоғары талап қоя білуі, көшбасшылық қасиеттері, бастаған істі аяғына дейін жеткізу қабілеті ерекшелендірді. Студент бола тұрып, Н. Назарбаев қоғамдық өмірге белсене араласты. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі сияқты түрлері бойынша факультеттің мықты спортшыларының бірі болып табылды. Еңбек сүйгіштігі, жаңа білімге ұмтылысы, қоғамдық жұмысы, белсенді өмірлік ұстанымы үшін БЛЖОК XIV съезіне делегат болып сайланды, Хельсинки қаласында VIII Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне қатысты.

1965 жылы Н.Ә. Назарбаев Теміртауға ауысты. «Шойын металлургиясы» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибесі болса да, ол онда Қарағанды металлургия комбинаты үшін мамандарды даярлау жүргізілген, ЖТЖО-да оқуын жалғастыруды шешті [2, б. 25].

2012 жылы 1 желтоқсандаҚарМТУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуден, Астанадан, Павлодардан және Теміртаудан келген курстастарымен кездесу болды. Достық дастарханының басында жылы, еркін күйде уақыт білдірмей жылдам өте шықты. Құрметті қонақтар кітабында мынадай жазба қалдырды: «Мен осы оқу орнында – барлық Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін. Қазіргі кезде еліміз индустриялық даму жолына көшеді. Жүздеген жаңа кәсіпорындар құрылып жатыр.Университет түлектері талап етілген болады. Профессорлар, оқытушылар, студенттердің барлық ұжымына зор денсаулық және оқуда табыстар тілеймін».

Қазіргі таңдағы ҚарМТУ – жеті оқу корпусы, жастар сарайы, жатақхана, спорт кешені, студенттер емханасы, қоғамдық тамақтандыру цехы, Қарқаралы қаласындағы «Политехник» спорттық-сауықтыру лагері. Университет құрылымында технологиялық колледж және лицей сәтті жұмыс істейді. ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы 700 оқытушыны біріктіреді, олардың қатарында 300 ғылым кандидаты, 50-ден астам ғылым докторы, профессорлар,академиктер мен республикалық және халықаралық академиялардың корреспондент-мүшелері бар.

Біздің ЖОО қарқынды дамып, болашаққа жаңа қадамдар жасап келеді. Оның дәлелі – оқу сапасы менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі сертификатын алуы; техникалық ЖОО арасындағы бас рейтингтегі екінші орын (ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының деректері бойынша); INSAM Жоғары бизнес және басқару институтының (Швейцария), Technomic Consultants Консалтингтік компаниясының (Франция) және Centre for Business Excellence Қауымдастығының (Ұлыбритания) «Алтын феникс» халықаралық сыйлығы; Еуропалық бизнес Ассамблеясы Комитетінің (Оксфорд, Ұлыбритания) «Еуропалық сапа» халықаралық наградасы.

2013 жылы НКАОКО бас рейтингінде ҚарМТУ еліміздің техникалық ЖОО арасында 3-орын алды. WEB-метрикалық рейтинтіңнәтижелері бойынша 2013 ж. шілдеде ҚарМТУ әлемде 3460 орын және Қазақстан бойынша (Әл-Фараби атаындағы ҚазҰУ кейін) 2-орын алды.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді ендіру және ҚарМТУ-дағы сапалы тілдік даярлық үшін Тұңғыш Президент атындағы Электрондық білім беру технологиялары орталығы, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» бірегей тілдер орталығы және академик Ә.С. Сағынов атындағы «Инновациялық орталық» ашылды. Оқу процесін толық ақпараттық ортамен қамтамасыз ету үшін ЭОТО-да: аралық оқыту технологиялары орталығы, микроэлектроника, компьютерлік модельдеу және жасанды зерде зертханалары, оқу-ғылыми байланыс орталығы, бейне және дыбыстық жазу студиясы құрылған, әрі белсенді жұмыс істейді; мультимедиалық және сертификатталған электрондық оқыту құралдары, деректерді шоғырланған түрде өңдеудің желілік оқыту әзірлемелері (WEB-портал) жүргізілуде.

Академик Ә.С. Сағынов атындағы Инновациялық орталықта білімге,

ғылымға және тәрбие жұмысына инновацияларды ендіру бойынша ақпарат

жалпылап қорытындыланады және ұсыныстар әзірленеді.

Ұлы философ, ақын және ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қарқынды және сапалы үйрету үшін жағдайлар жасайды. Мұнда әр түрлі шаралар өткізіледі, жақын және алыс шетелдік ЖОО-мен халықаралық келісім-шарттар жасалады, шығармашылық конкурстар, «дөңгелек үстелдер», тілдіколимпиадалар өткізіледі, Орталық көмегімен студенттер тіл тасушыларменқарым-қатынас жасау үшін АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Германияға, Францияға шетелдік іссапарларға шығады.

2003-2013 жылдар ішіндеУниверситет 24 шетелдің білім беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтармен 134 шарт жасасты. Қос дипломды білім Турин университетімен (Италия), Томск политехникалық университетімен, Мәскеу энергетикалық институтымен, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика (Ресей) мемлекеттік университетімен бірлесіп берілді.

ҚарМТУ «Энергетика» және «Экология» бағыттары бойынша ШЫҰ Университетінің базалық ЖОО болып табылады. ҚХР Елшілігінің қолдауымен ҚарМТУ базасында 2011 жылы Конфуция институты ашылды. Ресей мен Украинаның 4 ЖОО –мен бірлесіп ҚарМТУ, «FESTO»германо-австриялық концерн эгидасымен жүзеге асырылатын «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша «SINERGY» қашықтықтан техникалық білім беру халықаралық ғылыми-білім беру жобасына қатысады.

ҚарМТУ базасында 2008 жылы 18 маусымда Қазақстанда бірінші инновациялық-білім беру консорциумы «Корпоративті Университет» құрылды, ол 86 ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды (олардың қатарында Минск трактор зауыты, БелАЗ және Амкодор концерндері, АрселорМиттал Теміртау, Қазақмыс Корпорациясы, Шұбаркөл Көмір, ССГПО, KEGOC және т.б.) біріктіреді. Консорциумның оқу орталықтарында ЖОО шығарушы кафедраларының 55 филиалы жұмыс істейді, оларда кәсіпорынның жетекші мамандары практикалық және зертханалық сабақтар, кәсіптік практикалар, курстық және дипломдық жобалаулар өткізеді.

2010 жылдан бастап ЖОО құрылымында 7 ҒЗИ, 37 ғылыми-зерттеу зертханасы, 3 ғылыми-техникалық орталығы, инновациялық өнім шығару бойынша 4 шағын кәсіпорын, технологияларды коммерциялау офисі және инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы енетін инновациялық ғылыми-техникалық кешені қызмет етеді. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша АҚШ 2 млн.$ мөлшерінде алынған Халықаралық қайта құру және дамыту банкі грантына ҚарМТУ базасында халықаралық стандарттар негізінде әлемдік ғылыми қоғаммен және индустриямен ынтымақтастықты дамыту және тереңдету бойынша Халықаралық материалтану орталығын құру басталды. Жаңа материалдар ҒЗИ агротехнологияларды дамыту және өнеркәсіптік ағыстарды тазарту үшін гуминдік препараттардың мини-өндірісі жолға қойылды.

Корпоративті Университет кәсіпорындарының ғылыми-техникалық проблемаларын шешу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында ЖОО орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) көлемі соңғы 5 жылда 18 есе артты және 2013 жылы 1,4 млрд теңгені құрады. Мердігер шарттарына қатысқан ПОҚ саны 5 жыл ішінде 40%-ға артты, ал студенттер, магистранттар мен докторанттар үлесі 20 %-ға [3, б. 23].

2012 жылдың аяғында Университет «Халықаралық дәнекерлеуші-инженер IWE» бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға аккредиттеу алды және 2013 жылы қарашада Қазақстанда құрамында 24 адам болатын бірінші түлектерді ұшырды, оларға әлемнің 56 елінде мойындалатын дипломдар тапсырылды.

Дәстүрлі және электрондық тасымалдағыштарда ғылыми, оқу және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердің бір жарым миллионнан астамы есептелетін университет кітапханасы, — зияткерлік қарым-қатынастың өзіндік орталығы. Ол жыл сайын 40 мыңнан астам жаңа кітаптармен және 800-ге жуық мерзімдік басылымдармен толықтырылады. Кітапханада ақпараттық және анықтамалық басылымдардың бай қоры, электрондық оқыту құралдары және үш электрондық оқу залдары бар ақпараттық-білім беру орталығы жұмыс істейді.

ҚР Кітап палатасының деректері бойынша ҚарМТУ 2011 жылы басып шығарылған оқу-әдістемелік әдебиет саны бойынша еліміздің ЖОО арасында бірінші орын алды. Соңғы үш жылда (2011-2014 жж.) ЖОО ғалымдары ҚР БҒМ ұсынған 31 оқулық, оның ішінде 9 мемлекеттік тілде және 1- ағылшын тілінде шығарылды.

Оқу процесінде «FESTO-DIDACTIC», «SIMENS» және «Mitsubishi» сияқты ірі шетелдік өндірушілердің жаңа заманғы оқу және өнеркәсіптік бағдарламалық-аппараттық автоматтандыру құралдары белсенді қолданылады. Студенттерді кәсіптік практикаға жақсы бейімдеу мақсатында жаңа заманғы жабдықпен жабдықталған 4 жұмыс мамандығы орталығы құрылды (тау-кен ісі, машина жасау, құрылыс және дәнекерлеу технологиялары). ҚарМТУ студенттер қалашығында «Студенттердің тұрғын үйі» бағдарламасы бойынша 882 орындық жаңа жатақхана құрылысы аяқталып келеді.

Инновациялық білім беруді дамытудың маңызды бағыты: «Құрылыс және сәулет», «Ғарыш техникасы және технологиялары», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Оқу қызметін программамен қамтамасыз ету» және студенттер шығармашылығына мүмкіндік туғызатын басқа студенттік бюролар болып табылады.

Жоғары оқу орны – ерекше орта, ол көптеген гуманитарлық және арнайы пәндер арқылы, педагогтар, ғылыми жұмыстар және алуан түрлі студенттік өмір арқылы жеке тұлғаны қалыптастырады.

Біздің студенттеріміздің ұрпақтары қайда жұмыс істесе де, ылғи да бір үлкен отбасының мүшесі болып қалады және оны «alma mater» – үйіміз деп атайды. «Үй» ұғымына жылы шырай, туыстық, өзара түсіністік, жалпы мақсаттар кіреді.

Университетте айқын және алыстан танылатын фирмалық корпоративті стиль құрылған және қолданылады, ол ғимараттарды, стендтерді, маңдайша жазуларын, ЖОО баспа өнімін ресімдеуден байқалады. Студенттер мен оқытушыларға ЖОО имидждік өнімдері – қалпақтар, футболкалар, қаламдар, блокноттар, күнтізбелер, көкшіл ақ түсті белгісі бар значоктар – кеңінен танымал.

Университеттік корпоративті мәдениеттің маңызды құраушысы

түлектермен жұмыс істеу болып табылады. Тіпті ЖОО-ны көп жыл бұрын

бітіріп кетсе де, түлектер өздерінің alma mater-ге тиесілілігін сезінеді және

студенттер мен жалпы университетке көмектесетін, «ҚарМТУ оқытушылары мен түлектері қауымдастығының» қызметіне қатыса алады. ЖОО-ның бірде-бір ірі шарасы қауымдастықтың демеушілік көмегінсіз өтпейді.

ҚарМТУ-да студенттердің өзін-өзі дамытуы, жеке тұлғалық өсуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Кез келген шығармашылық түрде икемделген студент ұсынылатын бағыттардың кең спектрінен өзінің жаны қалаған ермегін таңдай алады: ғылыми-зерттеу жұмысы, көркемөнерпаздар үйірмесі, дебаттық клуб, студенттік өзін-өзі басқару органдарындағы жұмыс және т.б.

Бүгінгі күні ҚарМТУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы өзінің

алдына жаңа қалыпты, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, біздің Елбасымыз бүкіл қоғамның алдында белгілеген міндеттерді орындау үшін барлық қажетті білімді иеленген инженер-мамандарды даярлаумен байланысты күрделі де маңызды мақсаттарды қояды. Қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің тек бір ғана ресурсы – адамзат парасаты бар екенін біз жақсы түсінеміз. Оны белсенділендіру және адамгершілік пен рухани құндылықтарын жоғалтып алмай, қоғам игілігіне барынша жұмсау — ғалымдардың, педагогтардың және біздің Университетімізде көптеп саналатын жас таланттардың жаңа ұрпағының міндеті. Тек оған қажырлы талпыныс болуы тиіс. «Өз білімін үнемі аяқталмаған деп санайтын адам ғана білімді адам ретінде таныла алады» деген сөз бекерге айтылмаса керек.