АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ – ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды қ. Құрметті азаматы,ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағынұлы Сағынов біздің еліміздің көрнекті ғалымдарының қатарына жатады. Кеңестер Одағында 800 ректордың ішінде бар болғаны екеуіне Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Олардың бірі – біздің Әбеке. Әбілқас Сағынұлы білетіндердің барлығы Орталық Қазақстанда жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы, Қарағанды көмір бассейнінің, Қарағанды қаласының қалыптасуына және дамуына қатысушы, сан мыңдаған шәкірттердің тәрбиешісі, әрі тәлімгері, біліктілігі жоғары инженер кадрлар даярлау ісіне баға жетпес үлес қосушы ретінде оның еңбектеріне құрметпен бас иіп, оның бейнесін құрмет тұтады.

Өзінің өндірістік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ә.С.Сағынов «Верхняя Марианна» қабатын қазудың тиімді жүйесін іздестіру бойынша эксперименттерге белсенді араласа бастады. Осы қабатты қазу технологиялары мен құралдарының көптеген түрлі нұсқалары сыналды. Тек көп жылдар өткеннен кейін ғана1960 жылдардың аяғында Ә.С.Сағынов өзінің шәкірттерімен бірге жақсы нәтижелер алды. Ортаншы және төменгі қабаттарда механикаландырылған кешендер жүгі тәулігіне 3000 және одан көп тоннаға жетті.

«Қарағандыкөмір» комбинаты техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істей жүріп, Ә.С.Сағынов шахталарды ғылыми-техникалық прогресс мәселеріне, шахта қорының одан әрі дамуына көп көңіл бөлді, бұл оған 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тау-кен ісі институтының сырттай аспирантурасына түсу мүмкіндігін берді. Диссертация тақырыбы анағұрлым маңызды, даму перспективасы бар Қарағанды бассейні қабаттарының көлбеу түсетін жұқа және орташа қуатын әзірлеу технологиясының жаңа заманғы жағдайына байланысты болды. Сол жылдары көмір көбінесе қуатты қабаттардан өндірілді, ал жұқа және орташа қуатты қазу «кейінге» қалдырылды. Қабаттардың осы тобына назар аудару жеткіліксіз болғаны анық, дегенмен олардың қорлары бассейн шахталарының барлық өнеркәсіптікқорларының 40% жуығын құрады. Осы қабаттарды әзірлеу тәсілдері мен жүйелері жетілдіруді қажет етті.

1951 жылы Ә.С. Сағынов өзінің басшылығымен 1952 жылы Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (ҚКҒЗИ) болып түрленген Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институтының (БКҒЗИ) Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалды. Осы кезеңдеӘ.С. Сағыновтың, ірі ұйымдастырушы және үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен ҚКҒЗИ институты «Верхняя Марианна» көмір қабатын әзірлеуге және метанды қабаттарды газсыздандыруға байланысты ірі проблемаларды шешті.

Ә.С. Сағынов институтта өндірісті механикаландыру және еңбекті ұйымдастыру құралдарын жетілдіру, кен орындарын әзірлеу, көмір бассейнінде техника мен технологияларды тиімді пайдаланудың маңызды проблемаларымен айналысты. Мамандар мен ғалымдар оның Қарағанды көмір бассейніне – КСРО-да үшінші көмір базасына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Өзінің2000 жылы 20 желтоқсанда «Индустриальная Караганда» газетінде басылған «Ғалым, жоғары мектепті ұйымдастырушы» мақаласында сол кездері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бұрынғы ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Георгиевич Пивень: «Осы кезеңде Ә.Сағыновтың, үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ірі ұйымдастырушы және ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ол жаңа институт жұмысын көмір бассейнін игерудің бір қатар проблемаларын тиімді шешуге бағыттады. Ә.Сағыновтың институтты басқаруымен көмір қаттарын әзірлеуге байланысты ірі проблемалар табыспен шешілді» [1, б. 2].

1955 жылы Ә.С. Сағынов 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты (ҚарПТИ) болып қайта ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Ол бір мезгілде пайдалы қазбалар кен орындарын қазу кафедрасын басқара отырып, ректордың қызметін 33 жыл бойы атқарды.

Бұл қызметте оның ұйымдастырушылық таланты және бірегей ғылыми қабілеттері айқын ашылған. Профессорлық-оқытушылар құрамы небары 28 адамнан құралған, оның ішінде тек алтауы ғана ғылым кандидаты болған институтты басқарып, Ә.С. Сағынов «институттың дамуы екі негізгі факторға –оқу-материалдық базаның жағдайына жәнеоқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігіне байланысты болады» деген тұжырымға келеді. Ә.С. Сағынов ірі оқу-зертханалық корпус – қазіргі университеттің бас корпусының кірпішін қалауға және құрылысын жеделдетуге қол жеткізді. Көп ұзамай бірқатар басқа оқу корпустарын, жатақханаларды, асхананы және т.б. тұрғызу басталды.

Оқу-материалдық базаның дамуы институттың бірінші курсқа талапкерлер қабылдауды 200 адамнан 2500-ге дейін ұлғайтуына мүмкіндік берді, кешкі және сырттай оқыту факультеттері ашылды. Бұл институтта білім алатын студенттер құрамын отыз мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. 15Қарағанды политехникалық институты тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орта Азия республикаларының да ірі ЖОО қатарына кірді. Ә.С. Сағынов институтқа «Карагандауглеразрезы» трестінің ғимаратын бекітуге қол жеткізді. Бұл тапсырма әскери кафедраны орналастыру үшін пайдаланылған. Ә.С. Сағыновтың соңғы тумасы – тау-кен факультетінің ғимараты, ол қазір де өзінің сәулеттік сұлулығымен көз тартады.

Институттың материалдық-техникалық базасын, жаңа корпустар мен

ғимараттарды нығайту туралы қамқорлық жасай жүріп, Әбілқас Сағынұлы

ұжымдағы ғылыми-педагогикалық және тәрбие жұмысы туралы, жаңа

кафедралар, зертханалар құру, оқытушылар, ғалымдар кадрларын іріктеу және орналастыру туралы да ұмытпады.

Оның басшылығымен Қарағанды мемлекеттік политехникалық университеті Республиканың ірі ЖОО мен ғылыми орталықтарының бірі болды. 80-жылдардың ортасына қарай барлық оқыту түрлері бойынша, институт филиалдарымен қоса, 10 мыңға жуық студент пен 100 аспирант білім алды. Оқу процесін 750 оқытушы жүзеге асырды, олардың ішінде жартысына дерлігі, оның ішінде 33-тен астам профессорлар, ғылым докторларының ғылыми дәрежелері мен атақтары болды.

Студенттер мен оқытушылардың оқуы мен демалысы үшін барлық жағдайлар жасалған. Институттабарлық қажетті оқу-зертханалық және ғылыми базасы бар (аудиториялар, оқу және сызу залдары, арнайы кабинеттер мен зертханалар, оқу теледидары студиясы, геологиялық мұражай, есептеу орталығы және т.б.).

Ғылыми-педагогикалық қызметі кезеңінде ректор «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» кафедрасының меңгерушісі постында ауысымсыз қызмет етіп, Ә.С. Сағынов Қазақстан өнеркәсібінің кен өндіру салаларын дамытуға, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты. «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» кафедрасында Ә.С. Сағынов пайдалы қазбалар кен орындарын қазу технологиясы және кешенді механикаландыру бойынша ғылыми мектепті құрды, ол Қазақстанда да, жақын және алыс шетелдерде де кеңінен танылды. Өзі басқарған кафедра ғылыми және педагогикалық қызмет бойынша республикада екі рет үздік кафедра атағына иеленді және елімізде көшбасшылық ұстанымын сақтап келеді. Ол кен ісі саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау сапасы бойынша бірнеше рет жоғары орындар алды және соны жалғастырып келеді.

Халық шаруашылығы үшін мамандар даярлаудағы табыстары және ғылыми зерттеулер орындағаны үшін КСРО Жоғары Кеңесің Президиумының Қаулысымен 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1980 жылы КарПТИ социалистік жарыста көшбасшы болды. Сол жылы еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін политехникалық институтқа Қазақстанның Құрмет кітабына енгізіліп, Құрмет дипломы табыс етілді.

КСРО 50 жылдық мерейтойы құрметіне Мерейтой Құрмет белгісіне лайықталды.

1980 жылы, КСРО ЖОО арасында социалистік жарыс қорытындысы жүргізілген кезде Қарағанды политехникалық институты М. В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік политехникалық институтымен қатар жеңімпаз болып шықты. Осыған байланысты «Студенческий меридиан» журналында журнал корреспонденті А. Ланцовтың КСРО жоғарғы және орта арнайы білім министрінің бірінші орынбасары Н. Ф. Красновпен сұхбаты жарияланды. Төменде осы сұхбаттан үзінділер қысқартылған нұсқада келтірілген.

«Корреспондент:Николай Федорович, ЖОО аралық жарыс деген не, оның мақсаттары мен міндеттері қандай,ол ЖОО дамуы үшін, оның күнделікті жұмысы үшін нақты не береді және әрине, ол әрбір студенттің өміріне қалай әсер етеді?

Н.Ф. Краснов: … Жақында мен КСКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің, ВЦСПС және БЖОЛК құрметті тапсырмасын орындадым – Қарағанды политехникалық институтына ауыспалы Қызыл Ту табыстадым. Біздің елімізде барлығы 870 ЖОО және әрқайсысы социалистік жарысқа қатысады.Бірақ жеңімпаздар ретінде текМ. Ломоносов атындағы ММУ және ҚарПТИ мойындалды. 1996 жылы институт Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мойындалды, оның биографиясы барлығы ширек ғасырға сыяды.

Корреспондент:Николай Федорович, ММУ ЖОО аралық жарыста жеңімпаз болып шыққанында таң қаларлық ештеме жоқ. Біздің жоғары біліміміздің қолбасшысы, еліміздің ежелгі ЖОО. Оның үстіне осы жыл да ол үшін мерейтой жылы болды. Сенімді ақтамауға ешбір жол жоқ деуге болады… Ал қарағандылықтар ше? Олар қалайша көптеген атаулы мәскеулік, ленинградтық, киевтік және басқа ЖОО басып озды?

Н.Ф. Краснов: Иә, ширек ғасыр ЖОО қалыптасуы үшін – мерзім көп емес. Бірақ осы болмашы уақыт аралығында қарағандылықтар көптеген істер жасап үлгерді. Оның жиырма бір мың тәрбиеленушісі елдің халық шаруашылығында еңбек етеді.Әрбір екіншісінің ғылыми атағы болатын 700-денастам оқытушылар ЖОО 11 мың студентке сабақ береді. Бүгінгі күні, политехникалық институт үлкен дәрежеде индустриялық Қарағанды аумағының өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етті. Тың жерлерді игерудің алғашқы жылдары Қазақстанға маман кадрларды өнеркәсіптік дамыған елдер жіберді. Өздерінің жас мамандарын даярлау проблемасы өткір болды. Осы міндетті тың бойынша мәселелердің бірінші жылдарында Қарағанды политехникалық институты табанды, қуатты шеш бастады. бар болғаны он жылдан кейін ол республика үшін білікті кадрлар даярлау шеберханасының негізі болды.

Корреспондент:–Николай Федорович, осы уақытқа дейін сіз тұтастай ЖОО туралы айттыңыз. Ал өте ұйымшыл ұжым көптеген топтардан, олар өз кезегінде жеке студенттерден, оқытушылардан құралады. Жарыс нәтижелері бойынша олардың әрқайсысының қызметі жұмыс сапасымен бағаланады. Бірақ соңғы сөз кімде, соңында кім ЖОО түлектеріне, оның «өніміне» баға береді?

Н.Ф. Краснов:–Соңғы жауабын өмірдің өзі береді, біздің жағдайда – өндіріс. Сіздер білетіндей, ҚПТИ мамандарын өндірісшілер «үздік» және «жақсы деп бағалайды. Бұл, оқытушылар қоятын жоғары балдар студенттер алатын білімге сәйкес екенін көрсетеді.…Әрине ҚПТИ-да осының бәрі кәсіби түрде жолға қойылған, сондықтан жоғары сапалы қорытынды береді. Қарағанды политехникалық институтында студенттің алғашқы қадамдарынан бастап өзінің әрбір шешіміне, әрбір ісіне жауапты болуға үйретеді. Оған өзі бірден кірскен шығармашылық оқу жарысы жақын арада ол үшін институт зертханасында, сосын әр түрлі ҒЗИ қызықты, нақты шығармашылық қызметке құйылатынын түсінуге үйретеді. ЖОО тәрбиеленушілеріне осындай қарым-қатынас, оның үлкен және шағын істеріне назар аудару өзінің факультеті мен ЖОО үшін мақтаныш тудырады. Сонымен болашақ мамандарда жоғары патриоттық қасиет қалыптасады, белсенді өмірлік ұстаным қалыптасады» [2, б. 52].

Сұхбат Ә.С.СағыновтыңҚарағанды политехникалық институтын қалыптастыру және дамыту ісінде ауқымды ролі туралы куәландырады, сонымен қатар өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында өзі басқарған институт жұмысына әділ баға береді.

1993 жылы Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен ғылым мен техника саласына, Қарағанды көмір бассейнінің дамуына және халық шаруашылығы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлкен үлесі үшін, Ә.С. Сағыновқа «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Оның халық шаруашылығын, жоғары білім мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегі Үкіметтік наградалармен – бірнеше рет бес орденмен және он медальмен атап өтілді. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ә.С. Сағыновқа «Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасының құрметті қайраткері» атағы берілді.

Қарағанды политехникалық институты (қазіргі уақытта ҚарМТУ) Ә.С. Сағынов басшылық еткен уақытта Қазақстан кадрларының нағыз ұстаханасына айналды. Мыңдаған инженерлер шығарылды, олар қазіргі уақытта да тек біздің республикамызда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінде және алыс шетелдерде де еңбек етіп жүр.

ҚарПТИ қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев білім алған. Ірі мемлекеттік қайраткерлер, кен өндіру кәсіпорындарының басшылары, мәжіліс депутаттары және сенаторлар Ю.А. Кубайчук, Ш.А. Оразалинов, Н.З. Нығматуллин, М.Б. Тінікеев, Г.М. Презент, П.П. Нефедов институт түлектері болып табылады. Ә.С. Сағынов көп қырлы қоғамдық қызмет пен ғылыми-педагогикалық жұмысты бірлестірді. Мысалы, 30 жыл бойы Қарағанды облыстық партия комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1966-1970 жж.), әр түрлі деңгейлі жергілікті Кеңестердің депутаты, Қарағанды және Жезқазған облыстарының ЖОО ректорлары Кеңесінің төрағасы (1973-1987 жж.), бірқатар журналдардың редакциялық алқасының мүшесі, бірқатар институттардың Ғылыми Кеңестерінің мүшесі және т.б. қызметтерді атқарды.

2006 ж. Ә.С. Сағыновтың 90 жылдығын тойлаған күндері оның көрнекті қызметтерінің құрметіне және оның есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 33 жыл бойы басшылық еткен «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу (ПҚКҚ)» кафедрасына ғалымның аты берілді. Сондай-ақ оның есімі 2-ші корпустың 2-ші қабатында орналасқан, 150 орындық № 205 кеңейтілген аудиторияға берілген.

Ал 2008 жылы «Пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу» кафедрасының оның атымен аталатыны туралы мемориалдық тақта жасалып, ПҚКҚ кафедрасы орналасқан, 2-ші корпустың 3-ші қабатының фойесінде орнатылды. Бұл шараны университет ректоры ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев ұйымдастырды, оған Ә.С. Сағыновты жақсы білген көптеген қонақтар шақырылды.

Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдынағы алаңға осы көрнекті адамға ескерткіш орнатылды [3, б. 14].