ҚАРМТУ-ДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

1953 жылы КСРО Министрлер Кеңесі тау-кен мамандықтары бойынша инженерлер даярлауды одан әрі кеңейту және жақсарту Қарағандыда, Пермьде және Тулада тау-кен институттарын ашу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулы КСРО мәдениет министрлігінің 1953 жылғы 9 шілдедегі № 1223, 1953 жылғы 18 шілдедегі № 1274 бұйрықтары негізінде Қарағанды тау-кен институты ұйымдастырылды.

Тау-кен институтының ашылуы Қарағанды үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Қазақстан үшін үлкен оқиға болды. 1953 жылдың күзінде 200 студент «Пайдалы қазбалар кен орнын қазу» және «Тау-кен электр механикасы» мамандықтар бойынша қабылданды [1, б. 11]. Жаңа құрылған Қарағанды тау-кен институтының бірінші директоры (ректоры) Мәскеу тау-кен институтының доценті болып жұмыс істеген техника ғылымдарының кандидаты Ю.К.Нұрмұхамбетов тағайындалды, оның «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі озаттығы үшін», «1941-1945 жж. Мәскеуді қорғағаны үшін» және т.б. наградалары болды.

1955 ж. институт ректорыӘбілқас Сағынұлы Сағынов тағайындалды. Оның бассейн шахталарында ұйымдастыру және басқару жұмысы тәжірибесі болды, ҚҒЗУИ ұйымдастыру бойыншажұмысты жаңа ғана аяқтады, техника ғылымдарының кндидаты, көмір кен орындарын қазу саласында зерттеуші болды.

Сол уақыттың бірінші кезектегі міндеті институттың профессорлық-оқытушылар құрамын қалыптастыру және оның басшылық құрамын нығайту болды. Оқытушылар корпусы тәжірибелі өндірісшілермен және мақсатты магистратура арқылы жаңа мамандарды даярлау арқылы толықтырылды.

Институттың екінші туған күні КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 ж. 31 наурызда қабылдаған Қарағанды тау-кен институтын Қарағанды политехникалық институтына (ҚПТИ) түрлендіру туралы № 127 Қаулысын есептеуге болады. Бұл қала мен аймақ өмірі үшін ғана емес, сондай-ақ республика үшінде мәнді оқиға болды, себебі осы кезеңде Қазақстанда бірінші политехникалық институт болды [2, б. 7].

Сол 1958 ж. таңғы бір мәнді оқиға – 157 кен инженерлерінің алғашқы түлектері болды, олардың көпшілігі оқытушылық жұмыста қалды және нәтижесінде ірі ғалымдар болып шықты.

Осы уақытта институтта 5 факультет қызмет етті, 15 мамандық бойынша дайындық жүрді, ғылыми-зерттеу секторы құрылды, онда 15 ғылыми-зерттеу тақырыптары орындалды.

1960 жылдың басына қарай оқу-білім беру процесі және ғылыми-зерттеу жұмысы 28 кафедрада жүзеге асырылды, 25 мамандандырылған оқу зертханасы, 7 пән кабинеті құрылды, 2 проблемалық және 5 салалық зертхана ашылды, пайдалануға 3 жатақхана мен бас корпус тапсырылды.Оқытушылар құрамында 326 адам есептеледі, 6000-нан астам студент білім алады. 1960 жылдары Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Петропавл, Целиноград қалаларында филиалдары ашылады. 1969 ж. Қарқаралыда демалыс лагері ашылды, Топар су қоймасы жағалауында спорт базасы құрылды.

1962-1965 жылдар, бұл — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚПТИ-да оқыған мезгілі екенімен атақты. Біздің ЖОО-да білім алған жылдары Н.Ә. Назарбаев«Политехник» студенттердің құрылыс отрядының комиссары болған. Сол кездері Институт студенттерінің отряды бірінші рет тыңда үшінші еңбек семестрін өткізді. Қарағанды облысы шаруашылығында тұрғын үйлер орнатумен ерекшеленді. Тек «Балықтыкөл» совхозында Н.А. НазарбаевтыңСҚО аулаларында қораларымен бірге сегіз екі пәтерлі тұрғын үй салды.Құрылыс отрядтары алғашқы Мемлекеттік сыйлықтар –10 тың астық жинауда табыстары үшін ҚазКСР КП ОК және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Естелік туын, ЖОЛК ОК және Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігінің Естелік Туын алды.

1970 жылдары ғылыми-зерттеу жұмысы табыспен дамиды. 1971-1972 жж. алғашқы проблемалық және салалық зертханалар ұйымдастырылды. Тек 1972 ж. 215 тақырып бойынша қаржыландыру көлемдері 205 млн рубльді құрады, 32 әзірлемені енгізуден түсетін экономикалық тиімділік – 3,6 млн рубль.Студенттер ғылымы белсенді дамыды: 57 студенттік жұмыс Бүкілодақтық конкурсқа ұсынылды, олардың ішінде баспаға жарияланғандары – 36.

1972 ж. КОКП ОК, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы, КСР Министрлер Кеңесі және ВЦСПС ҚПТИ жоғары наградамен – КСРО құрылғанына 50 жылдық мерекесіне байланысты «мерейтой құрмет белгісімен»марапатталды. Осы уақытта біздің елімізде 870 ЖОО болды және әрқайсысы социалистік жарысқа қатысты. Бірақ жеңімпаздар ретінде тек – көне М.В.Ломоносов атындағы МГУ және ҚПТИ мойындалды.

Сол 1972 ж., жемісті, белсенді, шығармашылық жұмысы үшін институт ректоры Ә.С. Сағыновқа Ленин Ордені және Социалисттік Еңбек Ері Алтын Жұлдызы табыс етілді. Институт Дипломдармен және Құрмет грамоталарымен, Қазақстан ОК Құрмет туларымен марапатталды.

1974 ж. Ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Ә.С. Сағынов, Ю.А. Векслер, Ж.Е. Ержанов тау жыныстары механикасы бойынша лауреаттар болды.

1972 ж. жол-көлік және инженерлік-құрылыс факультеттері үшін жаңа зертхана корпусы енгізілді, институтта студенттердің аударма бюросы жұмыс істейді, «Прометей» интернационалдық достық клубы қызмет атқарады. 1976 ж. ҚПТИ теледидарының бірінші хабары болды.

1976 ж. ҚПТИ Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды, ҚПТИ Қазақ КСР Алтын Құрмет Кітабына және Қарағанды облысы Құрмет тақтасына енгізілді.

1980 жылы шаруашылық шарт ғылыми-зерттеу жұмыстарының кеңінен дамуына байланысты болды, институт маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды шешу бойынша 11 мақсатты және кешенді бағдарламаларды орындауға қатысады. Институттың салалық министрліктердің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттарымен байланысты артып, кеңейіп келеді.

1987 ж. соққы әсеріндегі гидравликалық машиналар теориясын әзірлегені және жасағаны үшін ғалымдардың авторлар ұжымына — Ә. Сағыновқа, А. Лазуткинге, И. Янценге, Д. Ешуткинге Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1987 ж. аяғында академик Ә.С. Сағынов басқа жұмысқа ауысады. Жоғары білім және тау-кен ғылымы патриархы еңбегінің құрметіне 2012 жылы 21 желтоқсанда ҚарМТУ-дың бас корпусы алдындағы алаңға ескерткіш орнатылды.[1, б. 14].

1988 ж. ҚПТИ ректоры болып ҚазКСР ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор А.Г. Лазуткин сайланды.

1989 г. алғаш рет 5 мамандық бойынша мемлекеттік тілде оқыту басталды. 2000 жылға дейін кезеңде ҚарПТИ-де қазақ тілін дамыту Бағдарламасы әзірленді. Институтта ғылыми-зерттеу бөлігі құрылды, институттың халықаралық байланыстары кеңейеді.

1994 ж. ҚПТИ-ді біздің ЖОО түлегі, ЖМ ХҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Пивень басқарды.

1996 ж. ерекше маңызды оқиғаҚР Министрлер Кабинетінің 7 мамырдағы №573 Қаулысымен Қарағанды политехникалық институты Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті (ҚарМТУ) болып қайта құрылды, бұл ЖОО-ның біліктілігі жоғары мамандар даярлаудағы еңбегін өзінше мойындау болып табылды.

1990 жылдары мынадай факультеттер құрылды: ақпараттық технологиялар, геоэкологиялық, экономика және менеджмент, кәсіпкерлік және басқару. Сонымен қатар ҚарМТУ РИВЦ құрылды, дербес компьютерлерге ауысу, жергілікті есептеу желісін және ҚарМТУ-дың әлемдік ИНТЕРНЕТ компьютерлік желісі ресурстарына шығатын ИНТРАНЕТ автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Спутниктік және цифрлық теледидар зертханасы құрылды.Қазақстанда алғаш рет ҚарМТУ жанында техникалық лицей, ақпараттық технологиялар колледжі, оқыту мерзімі қысқартылған факультет, маңызды білім беру факультеті, «Мұрагер» дарынды балалар мектеп-интернаты ашылуда.

Баспадан «Автоматика. Информатика» ғылыми-техникалық журналының бірінші шығарылымы шықты, оның құрылтайшысы ҚарМТУ болып табылады. Университет Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының (ЖМ ХҒА), автоматтандырылған талдау саласында (NAFENS, Ұлыбритания) Халықаралық инженер-аналитиктер Қауымдастығының ұжым мүшесі болып табылады.

Алғаш рет бакалаврлар мен магистрлерді даярлау басталды.Жастар ісі жөнінде комитет құрылды, оның құрамына студенттер белсенділері кірді.

2001 ж. алғаш рет ЖОО мемлекеттік аккредиттеу жүргізілді. ҚарМТУ біріншілер қатарында осы маңызды сынақтан өтті. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 19 шілдедегі № 976 Қаулысымен Университет аккредиттелген болып мойындалды.

2002 ж. ҚарМТУ «Өнеркәсіпке бірлесіп ықпал ету қауымдастығының Алтын медалі» халықаралық бағдарламасының лауреаты атағына конкурс жеңімпазы болды, ол ТМД және Балтия елдері кәсіпорындары мен ұйымдары арасында өткізіледі.1989 ж. ҚарМТУ динамикалық дамуы және жоғары сапасы үшін Алтын медальмен марапатталды.

2003 ж. – ҚарМТУ-ға 50 жыл толған жылы – Университетте14 факультетте 56 мамандық бойынша 10 мыңнан астам студенттер білім алды. Сол жылы Университет Қазақстанның, «Электрондық университет» статусын алған ЖОО-ның алтылығына кіреді.

2004 ж. ҚарМТУ Қазақстан біріші болып сапа менджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификатталған аудиттен өтті және «Русский регистр» жәнеIQNet сертификаттарын алды, олар әлемнің 36 дамыған елінде мойындалған.

Іскерлік практикада жоғары сапасы үшін Халықаралық қор (Швейцария, Женева) ҚарМТУ-ды жас мамандарды жоғары сапамен шығарғаны үшін, тұрақты және ұдайы өскені, инновациялық саясаты, жаңа заманғы жоғары технологияларды пайдаланғаны және білімді персонал үшін Алтын медальмен марапаттады.

2007 ж. Университет инженерлік бейіндегі зерттеу зертханасын құруға грант ұтып алды. Осы жылы ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы өткізген ЖОО тәуелсіз рейтингі нәтижелері бойынша ҚарМТУ ҚР ЖОО арасында үшінші орын алды.

2008 ж. Университетті ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев басқарды. Университет тарихында жаңа кезең басталды.

«06.02.2008 бастап 31.12.2008 жж. дейін Университетті дамытудың кешенді бағдарламасы» қабылданды, нәтижесінде осындай бағдарламалар жыл сайын қабылданады. РҚ Тұңғыш Президенті атындағы Республикада теңдесі жоқ Электрондық оқыту технологиясы орталығы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» тіл орталығы құрылды [2, б. 20].

2008 ж. 19 маусымда Қазақстанда Бірінші инновациялық білім беру Консорциумы «Корпоративті Университет» құру туралы Келісім-шартқа қол қойды, оның мүшелері Қазақстан мен Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары болды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін Маркетинг және шарттық қатынастар Орталығы құрылды. Алғаш рет Университет 1038 грант иегері болды, қала мен облыс ЖОО арасында абсолютті көшбасшы болды. Бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді және оқу жетістіктерін тіркеу, студенттердің оқыту траекториясын таңдауы бойынша электрондық құжат айналымы енгізілді.

Құқық бұзушылармен күресу және сыбайластық көріністерін болдырмау мақсатында Университетте қоғамдық тәртіп комиссиясы құрылды.

2008ж. Университет INSAM (Швейцария) Жоғары бизнес және басқармасына институтына, Technomic Consultant (Франция) Консалтингтік компаниясына қарасты «Золотой феникс» Халықаралық сыйлығының лауреаты болдыжәне Centre for Business Excellence (Ұлыбритания) Ассоциациясына, Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания) ғылым, білім және бизнес саласында халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиевке Вена қаласы Халықаралық Университетінің Құрметті профессоры атағын берді, халықаралық бағдарламалар енгізіп, жүзеге асырғаны және оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі үшін ҚарМТУ-ды «Европейское качество» Халықаралық наградасымен марапаттады.

2008 ж. қазан айында «ХХІ ғасыр көшбасшылары» (Ресей) халықаралық имидждік бағдарламасы ҚарМТУ-ды «Мың жылдық наградасы» — «Адамзат алдындағы еңбегі үшін» наградасымен, ректор А.М. Ғазалиевті – «Ұлт интеллекті», «Жоғары кәсіптік жетістіктері және жаңа заманғы қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін» Құрметті наградаларымен марапаттады.

Университет уақыт талабынан қалмай динамикалық дамып келеді. 2009 ж. ҚарМТУ Болонья қаласында университеттің Ұлы хартиясына қол қойды.

2011-2012 оқу жылы жұмысшы мамандығының төрт жаңа заманғы орталығы құрылды. Университетте «білім – ғылым — инновациялар» үштігі бірлігін жүзеге асыру шеңберінде 7 ҒЗИ қызмет етеді. 2013 ж. Халықаралық дәнекерлеу институты құрылды.

«Университет негізін қалаушылар» портреттерінің галереясы құрылды, онда кафедралар мен факультеттердің негізін қалауышылардың, оқу процесін ұйымдастырушылардың және ҚарМТУ ғылыми мектеп жетекшілерінің көркем портреттері қойылған [1, б. 11]. Университеттің қамқорлық кеңесі, патриоттық тәрбие беру және денешынықтыру және спорт бойынша қоғамдық кеңестер құрылды.

ҚарМТУ-да ҚР Тұңғыш Президентінің өнегесіндестуденттерге патриоттық тәрбие берудің бірегей моделі әзірленді. Осы модель кеңінен сынамаланған және ҚР БҒМ Республиканың ЖОО жүзеге асыруға ұсынған.

2011 жылы қарашада Еуразиялық студенттер Ассоциациясының толық мүшесі болды.

Соңғы жылдары халықаралық байланыстар қарқынды дамып келеді. Шетел ұйымдарымен және 23 елдің жоғары оқу орындарымен 114 шарт, келісім және меморандум жасалды.

Ғылыми-зерттеу қызметі кең таралым алды. Ғылыми ізденімдерді қаржыландыру көлемі бірнеше есе артты, Ә.С. Сағынов атындағы «Білім мен ғылымдағы инновациялар» Орталығы ашылды, онда шетелде теңдесі жоқ ҚарМТУ ғалымдарының ғылыми әзірлемелері қойылған. Көрме Университеттің визиттік карточкасы болды.

«Ғылым мен техниканың дамуына қосқан көрнекті үлесі үшін»: ҚарМТУ ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиевке, бірінші проректор, т.ғ.д., профессор А.З.Исағұловқа және В.Ф. Бырька атындағы ӨПА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор И.В.Брейдоға Мемлекеттік ғылыми сыйлық берілді.

Әсіресе айрықша мәнді күн 2012 ж. 1 желтоқсаны болды. Бұл күні біріші жалпы ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің ЖОО келді. Өзінің сапары кезінде біздің еліміздің Президенті курстастарымен кездесті, ҚарМТУ-дың Құрметті қонақтары кітабында естелік жазба қалдырды.

Бүгінгі күні ҚарМТУ Қазақстанда, айтарлықтай білім әлеуеті және белгілі ғылыми мектептері, талантты, білімге құштар студенттері бар ең ірі инновациялық-бағдарланған техникалық университеттердің бірі болып табылады.