Жерінің ауданы -491,2 мың км
Халқы-4,8 млн адам (2001 ж)
Астанасы-Ашғабат.
Мемлекеттік құрылымы-республика.
Мемлекет басшысы-президент.
Заң шығарушы органы-парламент.
Мемлекеттік тілі-түрікмен тілі.
Ұлттық балютасы- түрікмен манаты.
Географиялық орны. Түрікменстан республикасы Амудария мен Каспий теңізі аралығында, солтүстік –батыстан оңтүстік –шығысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстанмен, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғаныстан және Иран мемлекеттерімен шектеседі.Батысын Каспий теңізінің сулары шайып жатыр.Маңызды мұнай кен орындары шоғырланған, бірнеше мемлекеттердің геосаяси,экономикалық мүдделері тоғысатын Каспий алабымен көршілесорналасуы елдің геосаяси жағдайын анықтауда басты орын алады.
Аумағының қалыптасуы және мемлекет тарихы. Ежелгі қоныстар Түрікменстан жерінде б.з.д. 1 мыңжылдықта пайда болған. Мургаб өзені бойындағы шұраттарда осы кезеңде ежелгі қалалар мен алғашқы мемлекеттер (Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған.Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ежелден-ақ түрікмен жері арқылы Шығыспен Батысты жалғастыратын көне керуен жолдары өткен. Үндістан мен Қытайды Жерорта теңізі бойы елдерімен байланыстыратын құрлықтағы маңызды сауда жолдарының өтуі мұнда көптеген елдердің сауда және әскери мүдделерінің тоғысуына себепші болды.
10 ғасырда Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Мерв қаласы ірі сауда орталығына айналып,11-12 ғасырларда елдің астанасы қызметін атқарды. Аймақтағы басқа елдер сияқты, түікмен жеріде монғол шапқыншылығына ұшырады, соның салдарынан гүлденген қалалары қирап, отрықшы мәдениет күйреді. Осдан кейінгі кезеңде бұл аумақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының, ал 16-17 ғасырлар Бұхара және Хиуа хандықтарының қол астында болды. Түікмен ұлтының тү.бегейлі қалыптасуы осы тарихи кезеңге сәйкес келеді.
19 ғасырдың соңында Түікменстан аумағы біртиіндеп Ресей империясының құрамына өтті. Қазан революциясынан соң Орта Азияның басқа аумақтарымен бірге 1918 ж құрылған Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді. 1924 ж КСРО құрамындағы Түрікмен КСР-і болып қайта құрылды.
1991 ж 27 қазанда тәуелсіздігін жариялады.
Табиғаты және табиғат ресурстары. Ел аумағының 80 % астамы Тұран ойпатының шөлді алқаптары алып жатыр, мұнда Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдердің бірі- Қарақұм шөлі орналасқан. Шөлдерде жер бедері 100-200 м биіктіктен аспайдбы.Шөлдерюдің бетін шөл өсімдіктерімен бекіген және сусымалы құмдар алып жатыр, Амудария атырауы менг Каспий теңізі жағалауында сазды шөлдер,т тақырлар орналасқан.
Аласа таулар (Копетдаг, Бадхызжәне т.б ) елдің оңтүстігінде шоғырланған. Олар шығу тиегі жағынан Альпі қатпарлығында қалыптасқан жас таулар болып табылады. Сол себепті тауларда сейсмикалық жағдай тұрақсыз, 1948 ж Копетдагта болған жер сілкінудің күші эпицентрінде 10 балға жетті. Осы жер сілкінуі барысында ел астанасы түгелдей дерлік қирады, мұндағы қалпына келтіру жұмыстарына Кеңес Одағының құрамындағы республикалар түгелге жуығы қатысты.
Респуббликаның минералды ресурстары аумақтың геологиялық құрылысымен тығыз байланысты. Тұран плитасымен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ бен мұнайдың аса мол қоры шоғырланған. Табиғи газдың біршама қорлары жөнінен дүние жүжінде алғашқы «бестікке» енеді. Қарақұмда күкірттің ірі кен орындары табылған. Каспий теңізі жағалауындағы Қара-Бұғаз көл шығанағында калий, магний, натрий, бром, йод және глаубер тұздарының мол қор шоғырланған.
Климаты Шұғыл континентті. Түрікменстанды «нағыз күн шұғылалы ел» деуге болады, мұнда бұлтсыз ашық күндердің саны 290-ға жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ге дейін, ал таулы аудандарда 350 мм-гет дейін артады. Елджің оңтүстік батысы суб торпиктік белдеуде жатқан ең жылы аудан болып есептеледі, мұнда ауаның жылдық температурасы +17° С тең. Жазы ыстық әрі құрғақ. Жазда Амудария аумағын бойлай,тропиктік құүрғақ, ыстық желдер соғады. Аңызақ желдер ауаны құрғатып, төсеніш бетті қатты қыздыорады.
Елдің еңірі өзен жүйесі- Амудария, Мургаб және Теджен өзендері сулары құмға сіңіп, жоғалады.Батыстағы Атрек өзені Каспий теңізіне құяды. Өзен суларының басым көпшілігі булануға ұшырап,құмға сіңіп немесе суландыру мақсатында қолданылады. Бірнеше тұзды көлдер кезбдеседі, ең ірісі –Сарықамыс көлі. Ауыл шаруашылық қажетін өтеудегі Қарақұм каналының орны ерекше. Қарақұм жері жер асты суларына бай болып келеді, бірақ олар біршама тереңдікуте орналасқан.
Түрікмен жері табиғатына тән басты белгі- шөлдер мен шұраьттардың қатар кездесуі. Шөлдік ландшафтыға тән барлық табиғат кешендерін осы аймақтан кедестіруге болады. Шұраттар негізінен өзен бойларында орналасқан.