Украина — индустриялық-аграрлық ел. Оның жиынтық ішкі өнімінің салалық құрылымында өнеркөсіп үлесі 38% болса, ауыл шаруашылығы 16%, ал қызмет көрсету саласы 46%-ды құрайды. Жалпы ішкі өнімнің көлемі 109 млрд АҚШ доллары шамасында, оның көлемі жөнінен ТМД елдері арасында Ресейден кейін 2-орын алады. ЖІӨ-нің жан басына шаққаңдағы мөлшері 1040 доллар, бұл көрсеткіш бойынша ТМД арасында Ресей, Беларусь, Қазақстаннан кейін 4-орыңды алады.
Жалпы, ел шаруашылығына өнеркөсіптің жоғары деңгейде шоғырлануы мен ауыр өнеркәсіп салаларының басымдылығы тән болады. Өнеркөсіп өндірісінің 2/3-сі ауыр өнеркөсіп салаларының үлесіне тиетін Украина мұнай мен газды, ағаш сүрегін сырттан сатып алуға мәжбүр болып отыр. Мысалы, елдегі мұнай өндірісі мұнайға сұраныстың 12%-ын ғана қамтамасыз етеді.
Өнеркәсібі. Украина өнеркөсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамыңда болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны көп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қысқарды. Мысалы, 1991 жылы Украина мүнайшылары 4,9 млн т мұнай өндірсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш тек 4,2 млн т болды. Аталған кезеңде табиғи газ өндірісі 24,3 млрд м3-ден 20 млрд м3-ге дейін азайды. Украинаның сырттан сатып алатын мұнайының 85%-ы, газының 95%-ы Ресейдің үлесіне тиеді. Соңғы онжылдықта мүнай мен газды тұтыну азайғанымен, шикізат тапшылығы айқын байқалуда. Сондықтан сырттан әкелінетін мұнай негізінде жұмыс істейтін елдегі 6 мұнай өңдеу зауыты толық қуатында жұмыс істемейді.
Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ең ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін көмір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өңдірісінде 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.
Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығын елде жұмыс істейтін 5 АЭС береді. Сонымен қатар жергілікті көмір қорына негізделген ірі жылу электр станциялары (Углегор, Запорожье, Кривой Рог және т.б.) жұмыс істейді. Елде 1991 жылы 298 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 181 млрд кВт/сағ шамасында ғана болды.
ТМД елдерінің аумақтық еңбек бөлінісінде Украина кара металлургия саласымен көзге түседі. Бүл сала жалпы өнеркөсіп өнімінің 1/5-нен астамын береді. Украина жыл сайын 50 млн т-дан астам темір кенін өндіреді, оның 20 млн т-ға жуығы экспортқа жөнелтіледі. Мұндағы Кривой Рог темір кені алабы өзінің қоры жөнінен ТМД елдері бойынша тек Ресейдегі Курск магнит аномалиясына (КМА) ғана жол береді. Қара металлургияның байырғы орталықтары (Кривой Рог, Мариуполь, Днепропетровск, Запорожье, Донецк) кокстелетін көмір өндіретін Донецк алабына жақын орналасқан (25-сурет).
Украинаның байырғы маманданған саласының бірі—маишна жасау өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта өңдірістік байланыстардың үзілуі, қаржылық жетіспеушілігі бұл саланың да дамуын тежеп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы машиналарын, соның ішіңде трактор жасау 5 есеге дейін қысқарды. Өнеркәсіптік күрделі техника, электрондық есептегіш құралдар өндірісі мүлде тоқтап қалған. Жеңіл автокөлік жасау кәсіпорындары да дағдарысқа ұшыраған. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).
Украина өнеркөсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала көсіпорындары шикізат ретіңде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, көптеген өнімдер шығарады.
Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.
Ауыл шаруашылығы. Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.
Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән.
Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 млн 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен 30 ц-ден өнім жинайды. Соған қарамастан Украина 1994 жылдан бері астық сатып алатын болды. Бидайдан басқа жүгері, арпа, тары, қарақұмық өсіріледі. Оңтүстіктегі суармалы алқаптарда күріш күтіп-бапталады. Техникалық дақылдар арасында қант қызылшасының орны ерекше, ол, негізінен, орманды далада өсіріледі (қосымшадағы 11 -кестені қарандар). Жергілікті шикізат негізінде жұмыс істейтін қант зауыттары, негізінен, орталық аудандарда орналасқан. Картоп республиканың барлық аудандарында өсіріледі. Дала зонасында — күнбағыс, Полесье мен Батыс Украинада — зығыр, ал оңтүстікке қарай құлмак, темекі алқаптары орналасқан. Жеміс-жидек өсіретін шаруашылықтар барлық дерлік аудандарда бар. Кекөніс өсіру әсіресе ірі қалалар мен өнеркөсіп орталықтары маңында шоғырланған. Карпат сырты мен Қара теңіз жағалауы, Карпат сырты жүзімдіктерімен әйгілі. Қырымда хош иісті эфир майларын алатын лаванда, раушан гүлдері өсіріледі (25-суретке қараңдар).
Мал шаруашылыгы елдің барлық аудандарында дамыған, бірақ олардыц мал түрлеріне байланысты мамандануы айқын байқалады. Шошқа шаруашылығы, дала және орманды дала зонасында, қой шаруашылығы орманды дала зонасында және Карпат пен Полесьеде дамыған. Ірі қара мал басы соңғы онжылдықта 2 есеге дейін азайды, бірақ ТМД елдері арасында оның саны (7,2 млн) бойынша Ресейден кейінгі 2-орынды алады (қосымшадағы 12-кестені қараңдар). Ірі қара мал мен құс шаруашылықтары, негізінен, ірі қалалар мен өнеркөсіп орталықтарының маңында шоғырланған. Жалпы алғанда, елдегі жайылымдар мен шабындықтар ауданы — 7 млн 504 мың га.
Украинада экономиканың басқа салаларымен салыстырганда ауыл шаруашылыгы өндірісінің қарқыны онша төмендеген жоқ. Дегенмен ТМД елдеріарасында экономикалық байланыстардың үзілуі, ел бойынша ауыл шаруашылық мамандануының аудандық сипатының өзгеруі, ауыл шаруашылық нарығы ауқымының тарылуы бұл саланың дамуына кедергі келтіріп отыр.
Көлік қатынасы. Республиканың көлік жүйесі көліктің барлық түрлерін біріктіреді. Украина аумағы арқылы Ресей мен Орта Азиядан Еуропаға қарай тауарлар тасымалданады, сондықтан елдің көлік жүйесінде транзиттік қатынастар басты орын алады.
Көлік түрлері арасында теміржол көлігінің маңызы ерекше. Жалпы, теміржолдардың ұзындығы 23 мың км-ге жетеді, теміржолдардың жиілігі (1000 км2-ге 38 км) жөнінен көптеген елдерден алда тұр. Теміржол көлігінің үлесіне жалпы жолаушы тасымалының 64%-ы тиесілі.
Маңыздылығы жөнінен 2-орынды автомобиль көлігі алады, оның жолаушы айналымындағы үлесі 34%-ға тең. Жалпы ұзындығы 100 мың км-ге жететін тас жолдар барлық дерлік елді мекендерді бір-бірімен байланыстырады. Әуе және теңіз көлігінің сыртқы экономикалық байланыстарда маңызы зор.
Әуе және теңіз порттары арқылы Украина 80-нен астам елдермен байланысады. Ірі теңіз және өзен порттары: Одесса, Ильичевск, Измаил, Херсон, Керчь және Мариуполь. Құбыр көлігінің жергілікті ғана емес, халықаралық та маңызы бар. Украина аумағы арқылы Ресейден Еуропа елдеріне бағытталған «Достық« мұнай құбыры мен «Одақ» газ құбыры өтеді.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Украинаның ТМД елдерімен саудасында импорт экспорттан артық, ал алыс шетелдермен сауда қатынас-тарында экспорт импорттан басым. Бұл — елдің сыртқы саудасына тән басты белгі. Жалпы алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортка — қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.
Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстанда 50-ден астам украиналық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АҚШ долларын құраса, осы жылы Украинадан 722 млн-дай АҚШ долларына әр түрлі тауарлар сатып алды.
Ішкі айырмашылықтары. Украина аумағын шаруашылығының мамандану сипатына, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше ауданға: Донецк-Днепр бойы, Оңтүстік және Оңтүстік-Батысқа бөледі.
Донецк-Днепр бойы ауданы жергілікті табиғат ресурстары (көмір мен темір кені) негізінде дамыған ауыр өнеркәсіп салаларына маманданған. Ауданда ел экономикасында маңызды рөл атқаратын өнеркөсіп орталықтары: Харьков, Донецк, Запорожье мен Днепропетровск орналасқан. Харьков халық саны жөнінен елдегі екінші ірі қала, мұнда шамамен 1,7 млн адам тұрады. Негізі 1655 жылы қаланған бұл қала аса ірі теміржол торабы және машина жасау орталығы болып табылады.
Донецк алабы аумағында шахталардан шығарылған бос жыныстар, тау тәрізді үйінділер террикондарды құрайды. Құнарлы ауыл шаруашылық жерлерін алып жатумен қатар, террикондар түтіндеу арқылы қоршаған ортаға үлкен зиян келтіруде. Қара металлургия мен кокс химиясы кәсіпорындары да қоршаған ортаны ластауда.
Оңтүстік аудан шаруашылықтың теңізбен байланысты салаларының күшті дамуымен ерекшеленеді. Маманданған салалары — кеме және порт жасау, кемежай, химия өнеркәсібі. Оңтүстік Украинаның егіс алқаптарында дәнді дақылдар, көкөніс және бақша дақылдары, күнбағыс өсіріледі. Жеміс бақтары мен жүзімдіктер де едәуір алқапты алып жатыр. Жергілікті рекреациялық ресурстар негізінде қалыптасқан емдеу-сауықтыру орындары да баршылық. Ірі қалалары — Одесса, Николаев, Херсон, Керчь.
Оңтүстік-Батыс аудан агроклиматтық және су ресурстарына бай, яғни ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Елдің басқа аудандарына қарағанда еңбек ресурстарымен де жеткілікті қамтамасыз етілген. Минералдық шикізаттың мол қоры болмағанымен, жоғарыда аталған ресурс түрлері шаруашылықтың мамандану сипатын айқындайды. Ауданда маңызды ауыл шаруашылық өнімдері — қант қызылшасы, астық, көкөніс және сүт өндіріледі. Ірі қалаларда машина жасау кәсіпорындары орналасқан.
Аудандағы ең ірі қала — ел астанасы Киев, халқының саны жөнінен ТМД бойынша тек Мәскеу, Санкт-Петербургқа ғана жол береді. Қала ежелден-ақ шығыс славяндар мен көшпенділер аралығында орналасуына және Днепр өзені бойындағы маңызды орнына байланысты астаналық қызмет атқарған. Қазіргі кезде Киев елдің әкімшілік-саяси, экономикалық орталығы болумен қатар, славян мәдениетінің тарихи мұралары сақталған орын ретінде де айрықша бағаланады. Аудандағы екінші ірі қала Львов — негізі XIII ғасырда қаланған ежелгі калалардың бірі, оның ресми символы арыстан болып табылады. Қала орталығында өткен ғасырлардың сәулет ғимараттары сақталып қалған. Украинадағы ең ескі университет осы қалада орналасқан. Львов кәсіпорын-дарында автобус, тұрмыстық электроника, құрал-жабдықтар жасалады.