Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты.Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады.Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық – түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай – ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіріледі.Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өндеп, дәл уақытында халыққа жеткізуде де қажет.Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым –қатынас орнатады.Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады.
Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығы сендер білесіңдер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында , яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%- ы мал шаруашылығына тиесілі. Жоғарғы дамыған елдерде , керісінше мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.
Өсімдік шаруашылығы. Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктеріне дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім,малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі . Жалпы жыртылатын жердің 56%- ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша , 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай,арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі.Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай,арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық көрсеткіштерге ие. Негізгі өсірілетін дақыл – бидай (жалпы өнімнің 50%), климат қаталдығына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.
Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20% -ын құрайды. Арпа сыыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзңмдң өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл бол ып саналады. Арпа негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдалагылады. Егіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топрақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең тараған.
Өнім көрсеткіші жөнінен 3- орында қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы), алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кезсдестіруге болады.
Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 9%-ы) да соншалықты күй талмайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалды сүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.
Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга- Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань,Волга,Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.
Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасмық және қытайбұршақ өсіріледі.
Мал шаруашылығы. Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылығы жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2-3 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының өркендеуінде мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқ ымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында , етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түмсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.
Шошқа шаруашылығы ірі қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейін шошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен Краснодор өлкесі алдыңғы орныда, одан кейінгі орында Орал мен Волга бойы аудандары иеленеді.
Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі қой шаруашылығының негізгі бағыттары — биязы жүнді қой өсіру. Жүн жеңіл өнеркәсіп салаларын аса маңызды шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте – қаракөл, солтүстікке қарай романов тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор шәлілерін тоқитын бағалы түбіт алына тын ангор ешкілерін өсіру Оралдың оңтүстігіне тән.
Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықтцық аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені оның ең басты өнімі – жұмыртқа тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.
Жылқы өсіру еуропалық бөліктің оңтүстігімен Оралда жақсы қойылған, әсіресе соңғы жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру белең алуда Солтүсік Сібір мен Қиыр шығыстағы бұғы шаруашылығы ежелден қалыптасқан атакәсіп болып саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік Кавказ, Оңтүсік Орал, Алтай өлкесінің таулы бөліктеріндегі шалғындық бедеулер негізіндегі ерте кезден бері тұрақты қалыптасқан сала болып есептеледі. Сонмен қатар орман зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын өсіруде кең тараған.
Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері. Ресей ауағығда көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі , жүк жәек жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай- ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді.
Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде темір жол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы , жолаушы тасмалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Темір жол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңбеоден шығысқа қарай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары таармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері – Транссібір, Ортасібір және Оңүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы тапныс.
Соңғы жылдары жоғары жылдамықтағы жол тораптарын салу қолға алынуда. Бұл жоба – Мәскеу – Санкт-Петербург арасын жалғастыратын жолды салудан бастады, ол тек жолаушы тасмалына арналған. Пойыз жылдамдығы сағатына 300- 350 км-ге дейін жетіп, екі аралықтағы жол ұзақтығы 2-2,5 сағаттан аспайды деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 8 млрд АҚШ доллары шамасында .
Автомобиль көлігінің жүк айналамына қарағанда жолаушы тасымалындағы маңызы жоғары. Ресейдегі автомобил жолдарының жалпы ұзындағы 593 мың км-ге тең, алайда Ресейдің 34% -дан астам ауылдық елді-мекендерде сапалы жол салынбаған. Теңіз көлігі Ресейдің сыртқы сауда байланыстарын жүзеге асыруда аса маңызды. Ресейде 11 ірі теңіз форттары бар, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің форттарында пайдаланады. Жүк айналымы бойынша жетекші орынды Қиыр Шыңғыс теңіз алабы, одан Солтүстік алап, 3-ші орында Балтық алабы, 4-орында Қара теіңз-Азов алабы иеленеді.
Өзен көлігі өзен жүйелерінің жиі болғанына, арзан көлік түрі болғанына қарамастан өз дәрежесінде қолданылмай келеді, өйткені өзен жүйелерінің бағыттары көп жағдайда жүк тасмалына сәйкес келе бермейді. Су жолының жалпы ұзындығы 100 мың км шамасында. Олардағы тасмалданатын негізгі жүктің ¾ бөлігін шикізат пен құрылыс материалдары құрайды.
Әуе көлігінің жолаушы тасмалымен тез бұылатын тауарларды тасмалдауда маңызы өте зор. Бүгінгі таңда Ресейде 800-ден астам әуе жайлар бар, 90-ға жуық елмен әуе байланысын орнатқан.
Құбырларды салу мен оның дамуы Ресейде Солтүстік Кавказдан басталған болатын. Ең алғашқы газ құбыры 1946 жылы Мәскеу мен Саратов арасында салынған еді. Бүгінде газ құбырының жалпы ұзындығы 153 мың км, мұнай құбырының ұзындығы 46 мың км, мұнай өнімдері тасмалданатын құбырдың ұзындығы 15 мың км. Құбырлардың жалпы ұзындығы жөнінен Ресей дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі 2-ші орында.
Байланыс. Шаруашылық салалар арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен байланыс жүйелері арқылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәресі жөнінен Ресей Еуропаның жоғарғы дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.
Электр байланысынң телефон, бейнетелефон, ұялытелефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс.
Ресей жері арқылы біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мың км-ге жететін Трансресейлк талшықты оптика желісінің салынылуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропа мен және Жапониямен байланысының жаңа сатыға көтеруде.
Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшінарнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары – Мәскеу және Санк-Петербург қалалары болып табылады.