Табиғат жағдайлары. Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресейдің жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларын оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуға мүмкіндік бересе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Географиялық орны, жер бедерімен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады; тундра, орманды тундра, ормандар ( тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарда биіктік белдеулер тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіппен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
Табиғат ресурстары. Ресей жері табиғат рсурстардың барлық түрлеріне бай, әсіресе минералдық ресурстардың құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40% астамы өндірісте игеріледі.
Ресей дүние жүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергтикалық қоры жөнінен 1-орында, ал өңдейтін жер үлесі жөнінен 3- орынды иеленеді.
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар, құрайды. Минералдық шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖІӨ мөлшерінің 33% -дан астамы тиесілі.
Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзінде ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалдпы қоры – 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі – 11,5 га, бұл дүние жүзілік көрсеткіштен әлде қайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді.
Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінің ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10˚-тан астын) жиынтығы жергілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Рсейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады. Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қара бидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкеніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдарда өсіріледі.
Ресей жері ориан ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі – 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көсбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқанжапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштарыда басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында яғни Шығыс Сібірмен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.
Ресей жері су ресурсына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қар топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төменРесейдің ең ұзын өзені — Лена (4400км), ең мол сулы өзені – Енисей. Сонымен қатар суменн қамтамасыз ету мақсатында Ресейде қырықтан астам су бөгендері салынған. Ең үлкені – Братск ( дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байкалда шоғырланған.
Ресейдің ормандары, өзендер мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл) , таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Красояр Бағаналары, Камшаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі өзен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
Тарихи – мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған.
Ресейды табиғат ресрстарына тән мынадай ортақ белжгілер бар:1) ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі, 2) ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген, 3) ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған, 4) жақсы игерілген аудандағы ресурс қоры сарқылуға жақын.