Қазіргі заманғы шаруашылы байланыстары. Сыртқы сауда

Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерi. Дүниежүзiлiк экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бiр-бiрiмен халықаралық экономикалық, байланыстар (ХЭБ) жүйесiмен тығыз байланыскан. Бұл байланыстар халықларалык географиялық еңбек бөлiнiсi негiзiнде дамиды.
Алгашқы мемлекеттер арасында халыкаралык экономикалык қарым катынастардың ен байырғы түрi — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады.Дамыған елдер жаппай өнiм өндiре бастаған ицдустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Казiргi заманда кез келген ел экономикасьшың ажырамас бөлiгiне айналган сырткы экономиалық байланыстардың құрылымын күрделекi, аясы кеңейе түстi. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негiзгi түрi болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесi сыртқы саудадан басқа несие- қаржылы қатынастар. жұмыс күшiмен алмасу, халықаралық туризм. экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты қамтиды.
Cыртқы тауар саудасы.Елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастардын сипаты мен құрылымдык өзгерiстерi, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрiнедi.Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тiптi казiргi кезде дүние жүзiндегi басты сауда орталықтар бiрiге айналған Еуропа елдерiнің де сауда жасау аумағы шектеулi сипат алды. Бұган еллер мен дүние бөлiктерi арасындағы көлiк қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсдығы, баска елдер жөнінде нақты ақпардық жетiспеуi себепшi болды. Көбiнесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетiн тауар түрлерi әкелiнiп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негiзгi халықаралық са уда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жiбек жолы мен Еуропаның солтүстiгi мен оңтүстiк байланыстырған сауда жолы жатады.Орта ғасырларда арабтар Сахара аркылы өтетiн сауда маршрутын жасады бұл жол Арабияны Солтустiк Африкамен, одан әрi Онтүстiк Еуропамен жалғастырды.
Көлiк құралдарының жетiлуi, Еуропада өнеркесiптiң өркендеуi, жаңа жерлердiң ашылуы дүниежүзiлiк сауда қатынастарының ауқымын кеңейтгi. Көп жүк көтеретін iрi кемелер легi Жана дүниеден Еуропаға шикiзат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесiнде 18 ғасырда сауда көлемi бес есе артты. ХХ ғасырдың басына қарай дүниежүзiлiк сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерiнiң үлесi 50%-ға жетсе,Солтүстiк Америка елдерiнiң үлесi 20%-ды құрады. ХХ ғасырдын соңына қарай дүние жүзiлiк сыртқы сауда көлемi ғасыр басымен салыстырғанда 14 еседей өстi.
Қазiргi кезде ұлттық шаруашылықтардың халықаралық сауда жүйесiне құрылым жедел тартылуна қарамастан, дүниежүзiлiк тауар айналымының шоғырлану дәрежесi жоғары. Мұны дүниежүзiлiк экспорт пен импорттың георафиялы құрылымынан айқын көруге болады. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзiлiк тауар айлалымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдерінде, ал Солтүстiк Америка үлесiне 17%-ы тиесiлi болды. өтпелi экономика мен бұрынғы социалистiк елдердiң үлесi бар болғаны 4%-ды құралды.Дүниежүзiлiк тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерiнiң үлесi артып келедi. оларға әлемдiк экспортың 10%-ға жуығы тиесiлi. Корея Республикасының әлемдiк экспорттағы үлесi 2000 жылы 2,9% болса, импорты 2,6%; Сингапурдын үлесi Тиiсiнше 2,3 және 2,2%-ға тең.ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзiлiк сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекшi орын алды.Оларға әлем,тек экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесiлi болды. дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнiнен де жетекiшi орынға ие АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзiлiк көрсеткiштiң 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлы құрылымы халықаралық географиялык енбек бөлiнiсiне, өндiрiстiк және тұтынушы тауарларына деген сұраныстың артуына тiкелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы ҒТР әсерiнен үлкен өзгерiске түстi .
Сыртқы саудадағы тауар құрылымы аймақтар бойынша айырмашылықтар жасайды. Отын Таяу және Орта Шығыс елдерi (3/4 бөлiгi) мен Африка 45 % экспортында басым болса, Латын Америкасы елдерiнде минералды шикiзат өндірісі ауыл шаруашылық өнiмдерi экспортының 2/3 бөлiгiн құрайды.Жалпы алғанда дүние жүзi бойынша тауар айналымында дайын өнімнің үлесi артуда.
Ел экономикасына ыкпал ететiн маңызды көрсеткiштiң бiрi — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемiнiң айырмасы құрайды. Жапонияның сырткы саудасына тұракты он сальдо (экспорт көлемi имрорттан артык) тонна болса, АКШ-тың сьтрткы сауда айналымы терiс мәнге ие. Дамушы елдердiң сырткы саудасының сипатын отарлық кезеңде Негiзi қаланган бiр типтес шаруашылық аяқтайды. Көбiнесе бұл елдер экспорты мен шикiзат, ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығаръш, дайын өнiмдер мен құрал-жабдықтарды сатып алады. Дүние жүзінде сатылатын мұнайдың 4/5 бөлiгi,табиғи каучуктың барлық дерлiк және конфетiң 9/10 бөлiгi, шайдың 80%-дан дамған елдер үлесiне тиедi. Әлемдiк нарықта шікізат бағасының ұдайы төмендеуi дамушы елдердi экспортына шығарылатын шикiзат түрлерiн бошынша көп өндiруге мәжбүр етедi. Бөл өз кезегiнде бағаның одан әрi төмендеуiне,сондай-ақ елдегi әлеуметгiк-экономикалық және экологиялық жағдайдың нашарлауына апарып соғады. Дамушы елдер экономикасының жай-күйi экспорттық шикiзаттың әлемдегі нарықтағы өзгерiстерiне тiкелей тәуелдi болады.
Сырткы сауданы халықаралык дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келiсiм деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды.Бұл құрылым негiзiнде 1995 ж дүнйежүiлiк сауда ұйымы құрылдыды.Қазіргi кезде құрамында 132 ел бар бұл ұйым халыкаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншiгiн қорғау саласында белсендi әрекет ететiн үйлестiрушi құрылым болып табылады.Бұл ұйым құрамына кiруге қазақстанда да ұйымның жұмыстарын жүргiзуде БҰҰ жанында сауда мен даму жөнiндегi Комиссия жұмыс iстейдi.
Қазақстанның сыртқы саудасы. 2004 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемi 32.877 млн АҚШ долларын құрады. Оның 61%-ы экспортқа тиесiлi болды елiмiздiн сыртқы саудасында географиялык құрылымы сонғы онжылдықта едеуiр өзгерiске түстi. Кейiнгi жылдары Қазақстанда импортында ТМД елдерi үлесi артты, экспортта Еурола елдерi жетекшi орын алады.
Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңiлдiктерге ие оффшорлык зоналардың үлесi артуда.Өйткенi Қазақстанда мұнай мен түстi металдар сатып алатын iрi компанияла рдың кейбiреулерi осындай аумақтарда тiркелген. Бермуд аралдарының Қазакстан экспортындағы үлесi 1998 жылы 1,6% болса, 2003 жылы I7%-ға жеттi.

Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлы құрылымы сонғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесiнiғ артуына немесе кемуiне байланысты едәуiр өзгерiске түстi. Басты экспорттың өнiм — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемiнде сыртқа сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткiш 11 417 млн АКШ долларына жеттi. Керiсiнiше, осы уақыт аралығында көмiрдің сыртқа сату көлемi екi еседей қысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлiк құралдарын сатып алуға жумсалған қаржы екi есе артты табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемi бiрнеше есе қысқарды.