Өсiмдiк шаруашылығыньң географиясы

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, ауыл шаруашылығы екi үлкен салада,яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кiредi.
Дәнді дақылдар. Ежелден-ақ өсiмдiк шаруашылығының негізi дәндi дақылдар құрайды.Дәндi дақылдар дүние жүзiндегi еңделетiн жер қорының 1/2-iнен астамын алып жатыр.Олардың егiстiктерi iс жүргізуде адамдардың таралу аймағына (ареал) сайкес келеді. Соңғы 50 жыл iшiнде дәндi дақылдар өнiмдiлiгi 3 есеге артқан, жылына өндiрiлетiн мөлшерi 2 млрд т-дан асып отыр.4)Дәндi дақылдар өнiмдiлiгi егiс көлемiн ұлғайту есебiнен емес,әрбiр гектардан алатын түсiмдi көтеру есебiнен көбеюде. Дәндi дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц]га болса, дамыған елдерде ол көрсеткiш 35—40 ц/га.Дүние жүзі бойынша жылына дәндi дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерiнде, 1/4-i Солтүстiк Америка, ал қалған бөлiгi Еуропа елдерi мен басқа елдер үлесiне келедi. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚПI-ты басып озған Қытай, 3-орында — Үндiстан, 4-орында Ресей болса, 5-орында Франция иеленедi. Дәндi дақылдар тамақ,құрамы жем, спорт және т.б.өндiрiс салаларына шикiзат болып табылады. Дәндi дақылдардың негiзгі басты 3 дақыл — бидай, күріш және жүгерi құрайды. Дәндi дақылдар егiстiгiнiң 32%-ын бидай, 20%—ьш күрiш, ал 18%-ын жүгерi егiстiгi алып жатыр.
Бидай — ен басты дақыл.Оның негiзгi шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңiзi аймағы екенi белгiлi. Оны академик Н.И.Вавилов анықтаған.Қазiр бидай адам тұрақты мекендеитін орталық материктерде өсірледі.Бидай солтүстiк жарты шарда көп өсiрiледi. дүние жүзiнде 70-тен астам ел бидай өсiрумен айналысады, бiрак оның жалпы өнiмiлiгі басым бөлiгi тек бiрнеше елге тиесілі.Алдыңғы үштiктi Кытай, АКШ, Үндiстан құрайды.Бидайдың тауарлы өндiрiсi ХIХ ғасырдан басталады дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған.Қазiр олар жоғары маманданған шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы жазыктар, Ресейдің Еуропалық бөлiгiнің оңтүстiгi, Украина, Қазакстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстiгi, Аустралияның оңтүстiгi, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңiрлер жатады. Астықты өлкелердiң бiрi болып саналатьти жер — АКШ пен Кавказдың Орталық жазықтары. Мұндда көбiнесе жоғары сапалы нан пісiруге арналған қатты бидай өсiрiледi. Виниппег каласы «бидай астанасы» деп атайды.
Күрiш -тропиктiк дәндi дақыл.Оның негiзгi шыққан жерi — Қытай.Бидай, сияқты басқа жерлерге қоныс аударған. Муссондық климат сипаты.субтропиктiк, тропиктiк және субэкваторлық белдеулерде косымша қолдан су. аркылы өсiрiледі.Егiстiк аумағы бидаймен салыстырғанда екi есе аз болғанына қарамастан,өнім мөлшері бірдей.Оның басты себебi климаттық жағдайына, байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндiстан, Жапония, Индонезия, және т.б.) күрiштен жылына үш рет өнім жинай алады. Күрiш — жылу мен ылғалды күтiмдi көп қажет ететiн дақыл.Сондықтан халық өте тығыз орнналасқан аймақтарда басым өсiрiледi.Қазiргi кезде күрiш өсiрумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзiлік жалпы өнiмiнiң 9/10-ы Азияның күріш өсiрушi елдерiне келедi.Дүние жүзiндегi суармалы жердің 2/З-сiн күріш алып жатыр.

Жүгерi (маис)—Америкалық Колумб саяхатынан кейiн дүние жүзiнің басқа аудандарында таралды. Оның егiстіктерi көбiнесе бидай егiстiгiмен қатар орналасады. Тек дән үшiн ғана емес; Мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсiру сонғы кезде оның таралу аймағының кеңейттi. Басты өндiрушi елдер — АҚш, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан бразилияя мен Мексика Батыс Еуропаның оңтүстiгiндегi елдер. Дүние жүзiндегi жүгерi өсiретiн Бастыы аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерiнен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері. Бұл жер осы дакыл, өсіруге ең қолайлы жер болып табылады.Жүгері өндiруден әсiресе Айова штатының даңқы шыккан.Дамыған елдерде жүгері ‚мал азығы ретiнде, ал дамушы елдерде азьқ-түлiк дақылы ретiнде өсiредi.
Өндiрілетiн астықтың дүниежүзiлiк нарыққа 20—15%-ы шығарылады.Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия,Египет жатады.
Техникалык Дақылдар.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды саласының Бiрi техникалық дақылдар. Олар әр түрлi өндiрiс салаларына шикiзат ретiнде өндірiледi. Аса маңызды техникалық дакылдарға майлы дакылдар, қант ондрілетiн дақылдар, талшықты, крахмалды,сергiтпе және дәм-татымдық дакылдар
жатады.Олардың өзi азық-түлiктiк мадызды бар және азық-түлiкке жатпайтын деп ажырылатылады.
Майлы дақылдар Жер шары халкының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейiн 2 орын алады. Маңызды түрлерi:соя, жержаңғақ, зәйтүн, күн6ағыс.Бүкiл пайдаланатын майдың 2/З-сi осы өсiмдiктерден алынады.Соя өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бтазилия мен Аргетина. Жержаңғақ өнiруден Үндiстан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсiруден Ресей алдыңғы орында.Азия, Латын Америкасы елдерiнде пальмалардан, мақта өсiретiн елдерде Макта майын алу солға қойылған.
Қантты дақылдардың да азық-түлiктiк Маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн-нан астам қант өндiрiледi.Оның 60%-ы қант құрағынан,ал 40%-ы қант қызылшасьшнан алынады.Екеуi де еңбектi өте көп қажет ететiн дақылдар, Бірақ таралу аймағы мүлде бөлек.Қант құрагы – шөптесін,көп жылдық өсiмдiк.Оңтүстік Шығыс Азиядан шыққанымен қазiр Латын Америкасы елдерiнде және баска материктердiң тропиктiк, субтропитік белдеулерде көбірек өсiрiледi.негiзгi өндiрушiлерi — Бразилия, Үндiстан,Қытай. Кант қызылшасы коңыржай белдеуiнде дақылдар, онын басты өндiрушiлерi -Франция, АҚШ, Ресей, Украина т.б басқа қоңыржай белдеу елдерi.
Талшықты дақылдардың ең маңыздысы- мақта. Ол жылу мен ығғалды көп қажет етедi.Мақта талшығының дүниежүзілік өндiрiс 20 млы т-ны құрайды. Макта егiсiнің алқабы мен Мақта жинау жөнiнен I-орында ежелден мақта өсiрушiлер — Азия елдерi, 2-орында — Америка, З-орында- Африка елдерi йеленедi. Олардың iшінен Қытай, АҚШ,Үндiстан елдерi ерекшеленедi.
Сергiтпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктi беллеулерде өсiрiледi және таралу аймағы айтарлыктай шектеулi. Шайдың отаны — кытай. дүние жүзiнде жиналатын шайдың 4/5-і Үндiстан,Қытай және Шри-Ланка өндiредi.Ал субтропиктерде шай Грузия, жерінде өсiрiледi. Кофеның отаны — Африка,қазiр оньщ түсiмiнің 2/3-сiн Латын Америкасы елдерi,әсiресе Бразилия мен Колумбия бередi. Какао, керiсiнше, Америкада шыққан,қазір оның негiзгi өндiрушілерi Африканың Гвинея жағалаулары елдер. Жетекшi елдер қатарына Котд*идвуар, одан кейiн Бразилия, Гана.Индонезия мен Нигерия жатады.

Бақша және жеміс шаруашылығы.Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi — бақша шаруашылығы, дүние жүзi елденiң Барлығыа дерлiк тән. Жылдык өнiмдiлiгі 600 млн т оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсiредi. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған Ал жемiс-жидек шаруашылыгы табиғат, жағдайлары қолайлы және көлiк түрлерiмен жақсы қамтамасыз етілген.Жылдық өнiмдiлiгi 430 млн т,оның 2/5-сi Азия елдерi жинайды, Жемiс-жидектi көп өндiретiн елдер қатарына Қытай,Үндiстан,Бра зилия, АҚШ,Италия жатады. Жүзiм өсiру Жерорта теңiзi жағалаулары елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АКШ көзге түседі.Цитрус өсiру де АҚШ, Бразилия, Испания,Италия,Қытай мен Жапония сияқты
субтропиктерде орналасқан елдерге тән.Банан — азиялық жемiс, бiрак қазiр тек Азияда ғана емес.Орталық және Оңтүстiк Америка, Африка елдерiнде де көптеп өсiрiледi.Жетекшi елдерге Үндiстан, Эквадор, Вразилия, Филяандия ,Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсiруге маманданған шаруашылықта жаппай белең алуда.