Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан ауднаы бойынша республикамыздағы ең үлкені. Шеткі және көрші елдермен шекаралас аудан.

Батыс аймақ Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары мен экономикасы дамыған Орал және Еділ маңы (Ресей) аудаарымен шектеседі. Соымен бірге республикамызадағы теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Теңіз арқылы Иран, Әзербайжан елдерімен тікелей байланыс жасай алады.

Солтүстіктің климаты коңыржай континенталды; салыстырмалы түрде ылғалды (250-400 мм) және жылы. Оңтүстігі құрғақ шұғыл континенталды ылғалдың жылдық мөлшері 100-150 мм. Жазы ыстық, қысты күндері біршама суық және қар аз түседі. Ауданның барлық жерінде күшті желдер соғып тұрады. Соған да байланысты қар аз тұрақтап, топырақ өзіне қажетті ылғалмен қамтамасыз етіле алмайды. Жауын-шашынның аздығынан ауыз су жеткіліксіз, аумақтың көптеген жерлерін құмды шөлдер алып жатыр.

Сондыктан да ауыл шаруашылығын дамытуқкиынға соғады. Әсіресе өсімдік шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың нашар дамуы өнеркәсіп кәсіпорындарында дамуына кері әсерін тигізеді.

Табиғат ресурстары.Мұнай, газ, хром және никельдің бай қоры шоғырланғандықтан Батыс Қазакстанның Республика экономикасындағы алатын орны орасан зор.

Жер қойнауында — темір, марганец, кобальт, тас және коңыр көмір, жанғыш тақтатас, әр түрлі тұздар (ас тұзы және калий) сияқты пайдалы қазбаның кенді және кенсіз 50-ден астам түрі кездеседі. Құрылыс материалдарынан әктас, гипс, мергел, ұлутас және т.б. кездеседі.

Батыс Қазақстанның негізгі байлығы мұнай. Ірі мұнай газ алаптарына — Орал, Ембі мен Маңғыстау (кенорындары Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас жөне Қаражамбас).

Табиғи газдың ірі қоры аныкталған. Аймақта дүние жүзіндегі ірі мұнай газ конденсат кенорны Қарашығанак және одан гөрі деңгейі темендеу Теңіз, Қашаған, Жаңажол кендері бар.

Актөбе облысында хром кенінің (Дөң кенорны) және Кемпірсай кенінде никельдің ауқымды қоры шоғырланған. Бұларға қосымша фосфорит, әктас, мәрмәр, кварц құмы кенорындары кездеседі. Ал Маңғыстау облысында жоғары сапалы құрылыс материалының қоры ұлутас шоғырланған. Ауданның солтүстігіндегі Жалпы сырт қыратында жанғыш тақтатастың жинақталған қабаты кездеседі.

Жерресурсы еліміздің жалпы жер аумағының 25%-ын құрайды, оның 19%-ы ауыл шаруашылық жерлері, оның 95%-ы жайылымдық жер болса тек 5%-ы егістік және шабындық жерлер. Ауыл шаруашылық жерінің бұлай бөлінуі аудан климатының құрғақтығы мен су ресурсының жетіспеуіне байланысты.

Солтүстік аудандарында топырағы құнарлы болып келгендіктен жаздык бидай, тары, арпа дақылдары мен кант қызылшасы және күнбағыс егіледі.

Су ресурсы — ауданның солтүстігінде жеткілікті түрде кездеседі. Ең мол сулы және кеме қатынасына жарайтын жалғыз Жайық өзені. Өзендерінің; көбісі кішігірім және жаздың соңына қарай суы ның деңгейі төмендеп құрғап қалуға дейін барады (Ор, Ырғыз, Са-ғыз Торғай).

Өнеркәсіп кәсіпорындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы, Киров, Бітік, Дөңгелек су қоймалары салынған. Ауыл шаруашылығының салаларына арнап суару каналдары қазылған.

Республикамыздағы балық аулайтын және оны өңдейтін бас-ты ауданымыз — Батыс Қазақстан. Каспий теңізі дүние жүзінде теңдесі жок бағалы балык бекіре тұқымдасының негізгі мекені. Жайык өзенінің жайылмаларындағы шептесін өсімдіктердің қаулап өсуі көптеген жануарлардың мекеніне айналған.

Республикамыздағы ауланатын балықтың 60%-ы Батыс Қазақстанның үлесінде (соның ішінде бекіре тұқымдасы да бар) Атыраудың қара уылдырығы республика емес дүние жүзіне белгілі.

Маңғыстау облысында эндемик жануарларды қорғау үшін Үстірт қорығы ашылған. Қорықта, үстірт муфлоны, қарақұйрық және жыртқыш аңдар кездеседі. Бұлардың барлығы аймақтың рекреациялық ресурсына жатады.

Халқы. Соңғы 50 жылда өнеркәсіп орындарының көбеюімен халық саны да жыл өткен сайын көбейіп, қазір республика халқының 14%-ын құрайды.

Басқа әкономикалық аудандармен салыстырғанда Батыс Қазақстанда халық сирек қоныстанған. Орташа тығыздығы 3 адамнан азырақ, яғни республикалық орташа көрсеткіштен екі есе.аз. Халық біркелкі орналаспаған, көп шоғырланған аймағына Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы жатады. Бұл облыстардағы орташа тығыздық 2,2 және 4 адамнан келеді. Ең аз қоныстану Маңғыстау облысында 2,1 адам/км2.

Әр түрлі кенорындарын игеру жобалары еңбек ресурсы болмаса іске аспайтыны белгілі. Сондықтан да соңғы кездерде шетелден келген жұмысшылардың орны жергілікті мамандармен ауыстырылуда.

Қарашығанақ кен орнын игеруде20 мың жұмысшы істейді. Оның 80%-ы қазақстандық кәсіби мамандар. Қарашығанақ республикамыз бойынша жергілікті мамандармен қамтамасыз етілуі бойынша алдыңғы орындағы кәсіпорын.

Батыс Экономикалык ауданда қалалар санаулы болғанымен халықтың 58%-ы осында тұрады.

Қалалардың көбісі Ақтебе облысында шоғырланған (8 қала). 2004 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша қалада 370 мың адам тұрады екен (55%).

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қалалар аз. Бірақ урбандалу деңгейі жоғары Атырау облысында 58%, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында 43%.

Мұнай және газ кенорындарының игерілуіне байланысты Атырау, Ақтау және Орал сияқты қалалардың халқы көбейген. Сонымен бірге көптеген елді мекендер салынды.

Жұмыссыздар саны аудан халқының 9,6,%-ын құрайды.Жұмыссыздар саны да біртіндеп азайып, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуде.

Батыс Қазақстан – Республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (30% жуық) және минералды тыңайтқыш (27 %) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданның жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.

Батыс Қазақстанның әр бір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облыстарында жүрізіледі. Бірақ олардың арасында мұнайды көп өндіретін Атырау облысы (30%),ал газды көп өндіретін Атырау (43%) және Батыс Қазақстан(35% облыстары.) Атырауда Республикамыздағы ірі мұнай өңдеу зауытыжұмыс істейді.

Бтыс Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлері біркелкі тарамаған.

Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі бекіре тұымдас балықтарының мекен-жайы. Қазіргі таңда Каспийдің биологиялық байлығын сақтап қлу дүние жүзі қауымдастығының өзекті мәелесі болып отыр. Мұайды ендіру кезінде ә түрлі заң бұзшылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қлдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің Қазақстан бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері өсер етуі мүмкін.

Қалалары. Батыс Қазақстан аймағында 15 кала, 25 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптасқан. Облыс орталықтарынан Ақтау теңіз жағалауында қалған үшеуі өзен жағалауында орналасқан. Қалалардың іргесі қаланған кезеңде маңызды көлік түрі су жолы болған.

Атырау (196 мың адам) Каспий теңізінің Солтүстігінде Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған. (Ол кезде Гурьев деп аталды)..

Алғашқы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей ұстау мақсатында қаланған болатын.

Ақтөбе (277 мың адам) Батыс Қазақстаннын. индустриалды және мәдени орталығы. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе — облыс орталығы. Ресейдін, Орынбор жөне Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық экономикалық аудандарының облыстарымен шектеседі.

Қаланың географиялық орны қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы негізгі ұлт өкілдері казақтар, татарлар, башқұрттар, немістер, еврейлер, орыстар және т.б.

Жайық өзенінін, оң жағалауындағы жазық далада Орал (224 мың адам) қаласы орналасқан.

Оралөзіне төн әсем қалалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773—75 жылдары ара-лығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланын. қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Ека-терина көтерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған.

Қала Ресей, Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме катынасының басталуымен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталы көшіріліп әкелінді.

Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты (Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеуде. Мия зауыты фармацевтика, кондитер және химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі Орал былғары және байпақ киіз зауыты.

Батыс аймақтардың болашағы бар жас қаласы Ақтау (174 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркөсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, ал Жетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған.

Қала маңында Республикамыздағы жалғыз атомэлектр стансасы бар. Станса қазір тек қана теңіз суын тұщыландыру жұмысын жүргізеді.