Көмірдің арқасында Орталық Қазақстан Қазақстан Республикасының ғана емес, сондай-ақ бүкіл орасан Еуразиялық континенттің ірі индустриялық орталығы болды. Мұнда ірі өнеркәсіптік қалалар бой көтерді: жарты миллион халқы бар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және т.б.
Бірақ осы ірі экономикалық индустриялық орталық қалай дамыды?
Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарға ерекше бай біртіндеп қалыптасатын өнеркәсіптік бейнесі бірінші кезекте тау-кен зауыттық саламен анықталды. Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруға маманданған. Осынау кәсіпорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінің кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.
Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15 % пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдарды біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.
Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Машина жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы машина жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.
Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.
Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.
Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі машиналар мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде [1].
Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. «Қаргормаш» зауыты — металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие. Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Өңдеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86 % .
Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана — Қарағанды -Мойынты — Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданында отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.
Темір жолмен қатар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды — Теміртау, Қарағанды -Балқаш — Алматы.
Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Қала маңдарында суармалы жағдайда бау-бақша егіледі. Сонымен бірге ірі қара, қой, жылқы, шошқа өсіріледі (аудандар арасында жылқы саны бойынша 3-ші орында).
Ауданның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылық жерлері тек қана мал жайылымына жарайды. Өсіресе қой бағылады.
Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық енімдерімен өзін-езі қамтамасыз ете алмағандьқтан сырттан әкеледі. Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп торабы қалыптасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі және темір жолмен байланысады. Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптасқан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-ң құрамына өнеркәсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен, қала типтес Долинка, Шахан, Топар және т.б. кенттер кіреді. Бұл кешенде металды көп қажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.
АӨК-н сумен Ертіс – Қарағанды каналы мен Нұра су қоймасы қамтамасыз етеді. Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, толық циклды мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан әрқайсысында тау-кен байыту комбинаты — (оның құрамына кенорны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балкыту зауыттары) жұмыс істейді. Қарағанды (429 мың адам). Мемлекетіміздегі жас қалалардың бірі, бірақ экономикалық әлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың бірі. Халық арасында Қарағанды Кеншілер (шахтерлер) қаласы деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен. Қаланың қарқынды өркендеуіне Ақмоладан (Астанадан) тартылған темір жол магистралы, Нұра өзені бойына салынған су қоймасы, кейінірек Қарағанды қаласына тартылған су құбыры, әсер етті. Қарағандының басты мамандануы — қаладағы ауыр өнеркәсіп салаларына қажетті кокстелетін тас көмір өндіру.
1935 жылы барлық шахталар электрленді. Алғашқы кірпіш, алебастр, әктас зауыттары жұмыс істей бастады. 1937 жылы жылына 14 мың тонна өндіретін Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.
Қарағанды — орталықта орналасуына байланысты республикалық және облыстық дәрежедегі темір жолмен автомобиль жолдарының түйіскен жері. Қарағанды — Қазакстанның мәдени және ғылыми орталықтарының бірі. Теміртау (170 мың адам). Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп атады. Ұлы Отан соғысынан кейін Теміртау деп аталды. Ол кезде қалада бар жоғы 20 мың тұрғын болатын. Қаланың негізгі тірегі — болат балқыту комбинаты. 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы Қазақстан шойыны алынды.
Қазіргі Теміртаудағы «Миттал Стил Теміртау» кәсіпорыны дүние жүзінде болат балкыту жөнінен жетекші орында. Қалада кокс өндіретін зауыт агломерациялық фабрика және электр стансасы, химия өнеркәсібінен азот тыңайтқышын (аммони сульфаты) шығаратын зауыт жұмыс істеуде.
Тамақ өнеркәсібінен ет және ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.
Балқаш (74 мың адам) Балқаш көлінін солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті қала. Қалада Республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған Балқаш Қазақстандағы маңызды түсті металлургияның орталығы.
Ауыр өнеркәсіптің басты салаларының бірі – металлургия. Ол екі саланы – қара және түстіметаллургияны қамтиды. Металлургия зауыттарында кен өндіру және металл қорыту жұмыстары іске асырылады. 1730-1832 жылдарға дейін Қазақстанның Алтайдағы қазіргі ipi кен орындары Березов, Ниқолаев, Зырян, Белоусов, Крюков, Сокол ашылды. Республикада түсті металлургияның алғашқы ipi кәсіпорындары — Риддер полиметалкомбинаты мен Қарсақбаймыс қорыту зауыты ашылды. Республикамызды электрлендіруде, қорғаныс қабілетін нығайтуда, атом техникасын, авиацияны, сондай-ақ қара металлургия мен химия өнеркәсібінің дамытуда түсті металлургияның маңызы зор. Түcтi металдар бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады. Сонымен қатар асыл металдар зауыты (жылына 600 тонна күміс, 3,5-5 тонна алтын өндіреді). Жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық консерві комбинаттары жұмыс істейді. Құрылыс материалдары мен ағаш өңдеу өнеркәсіптері жақсы жолға қойылған. Қала маңында (Шашубай ауылы) балық консерві комбинаты жұмыс істейді.
Жезқазған (95 мың адам). Қаланың іргесі 1938 жылы Жезқазған елді мекенінің орнында Кеңгір су коймасының жанында қаланды. (Кеңгір — бұл аймақтың негізгі су көзі). Қаланың қалануында маңызды рөл атқарған қазақтың ұлы ғалымы Қ.И. Сәтбаев. 1929 жылдың өзінде Сәтбаев мыс орталығының қаласын салуды армандаған болатын. Қала статусын Жезқазған 1954 жылы алды. 1965 жылы Сәтбаевтың арманы орындалып Жезказғандағы барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктіріліп өндірістік кешені, яғни Жезқазған тау-кен байыту комбинаты құрылды.
Сөйтіп ірі көлік магистралының бойында металлургтер қаласы пайда болды. Жезқазған — мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелінеді. Мұндағы кен байыту фабрикасымен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады. Мыс балқыту өнеркәсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы және ет комбинаттары жұмыс істейді.
Қарағанды көмір бассейнінің өнеркәсіптік мәніне Гапеев тобының берген зор бағасы және Қарағанды көмірінін негізгі тұтынушысы — сол кезде салынып жатқан Магнитогорск металлургия комбинатына жақын жерде болуы бассейнді жедел игеруде шешуші рөл атқарды. Жаңа жоба бойынша Оралдын қара металлургиясы, бастапқыда белгіленгендей, Кузнецк көмірімен емес, енді Қарағанды көмірімен жабдықталатын болды. 1930 жылдың бас кезінде Қарағанды көмірлі ауданының өнеркәсіп учаскесінде геолог Д. Н. Бурцевтың бастауымен геологиялық жедел барлау жұмыстары қолға алынды. Жалпы қуаты 47,7 м. геологиялық қоры 8,6 млрд т, 28 көмір қабаты барланды. 1930-31 ж.ж. 23 барлау пайдалану шахтасы салынды, мұның ішінде 10 шахта пайдалану орындары болып кайта құрылды. Соғыстан бұрынғы жылдары Қарағанды көмір бассейні шығыстың көмір-металлургиялық жаңа базасының маңызды буынына айналды-1940 ж. мұнда 6,3 млн т көмір өндірілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бассейн Кузбасс және Қызыл көмір кендерімен катар еліміздің отын проблемасын шешуде, Орал мен Сібір металлургиясын кокспен қамтамасыз етуде аса манызды рөл атқарды. Көмір өндіру 1941 ж, — 7,2, 1942 ж. — 7,0, 1943 ж. — 7,0, 1944 ж. — 10,9, 1945 ж. — 11,3 млн т болды. Соғыстың аяғына таман, кокстелетін көмір өндіру 2,3 есе ұлғайды. Соғыс жылдарында жүзеге асырылған кешенді шаралар КСРО-да шығарылатын көмірден Қарағанды көмір бассейнінің алатын үлес салмағын 1940 жылғы 3,8 %-дан 1945 ж. 7,6 %-ға дейін өсіруді камтамасыз етті.