Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары

Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бүл — шығарылатын өнімдердің күрделілігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады.

Маманданудың үш түрі — бұйымдық, тетіктер шығару және технологиялық түрлері бар.

Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трак­тор жасау — тракторлар, станок жасау — станоктар, аспаптар жа­сау — аспаптар шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт — күріш жинайтын машина, Астанадағы — трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт — тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды — бұйымдық мамандану деп атайды.

Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (ста­нок, автомобиль), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы — ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін, ал Талдықорғандағы — автокөлік үшін аккумуляторлар шығарады.

Машина жасау зауыттарының үшінші бір мамандану түрі -технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық сатыдан түрады. Бірінші саты — құю, соғу, немесе бастырмалау арқылы тетіктер даярлау. Екіншісі — тетіктерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі — тетіктерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық ма­мандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша маман­дану болып табылады.

Мысалы, Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл технологиялық мамандануы болып саналады.

Машина жасауда кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ын-тымақтасусыз) мүмкін емес. Ол кез келген машинаның (автомобиль, станок, теледидар) көптеген әр түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұратынына байланысты. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты автомобиль аккумуляторларын Талдықорғаннан әкеледі. Қазақстандық «Поршень» (Алматы), Павлодар трактор зауыттары ресейлік «Алтайский ди­зель» (Барнаул) зауытымен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді. Алматылық зауыт Барнаулға тетіктер жіберсе, онда трактор двигательдерін құрастырып, оларды Павлодарға жеткізеді.

Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес, сала ішілік аумақты дамуымен ерекшеленеді.

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Маманда­ну мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Оның барлық зауыттар үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындары үшін (мысалы, ав-томобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте — алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді.

Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металлы тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды ол­арды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мұндай фактор — тұтытыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдыктарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургияльқ құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Акмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады.

Көптеген машиналар түрлерін шығару үніін өнім бірлігіне көп еңбек мөлшері қажет болады. Бұлар — еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратын зауыттар да әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында металлургтер қаласы — Өскеменде орналастырған.

Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радио­электроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті көп қажет етуімен және күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен бірігіп жұмыс істеу кажет. Бұл салалар әрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар кұрастыру, компьютерлер мен басқа да күрделі техникалар шығаруға арналған технопарк жасалып жатқан Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.

Металды көп кажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады.

Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматыға (30%), Павлодар (12%) және Ақмола (11 %) облыстарында шоғырланған.