Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орны

1991 ж. соңында 15 республикадан тұратын алып мемлекет — Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Оның кең байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егеменді мемлекет пайда болды. Олардың барлығы біздің елге қатысты алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды. Осылайша «жаңа шет ел» термині пайда болды.

Біртұтас мемлекет құрамында өмір сүруден «бірге, бірақ жеке-жеке өмір сүруге» өту үшін 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруды жариялады. Ал 22 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жаңа шет елдер президенттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД-ның құрамына құрылтайшылар (негізін салушылар) құқында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қосылды. 1993 ж. Дос-тастық құрамына Грузия кірді.

ТМД құрамындағы бұл 12 ел жақын шет ел деп атала бастады. Бұл жерде ара қашықтықтың қатысы жоқ, олар көп мәселелер бойынша бір-біріне өте жақын. Ең алдымен оларды тарихи тағдырластық, ұзақ уақыт бір мемлекет құрамында болу, қазіргі уақытта шешілетін мәдени және экономикалық мәселелер ұқсастығы байланыстырады. Бұл елдердің халқы Ұлы Отан соғысында бірлесіп фашизмді жеңді. Олар бірлесіп экономиканы қалпына келтіріп, дамытты, тың мен ғарышты игерді, Байкал-Амур магистралын салып, Кеңес Одағының ракеталық-ядролық қорғаныс қалқанын құрды.

Елде біртұтас халық шаруашылығы кешені құрылды. Республикалар арасында еңбек бөлінісі мен экономикалық байланыс қалыптасты. Оларды біртұтас көліктік және энергетикалық жүйелер, жекелеген сипаттағы, атап айтқанда туыстық, ғылыми және мәдени тұрғыдағы мың сан байланыстар біріктірді.

Мемлекеттік дербестік жағдайында әрбір ел өмірін өз түсініктеріне, міндеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты құрады. Бірақ, Достастықты құру саяси, экономикалық және мәдени, қазіргі мемлекетаралық байланыстарды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз экономикалық жақындасуға (интеграцияға) ұмтылды. Олар алдымен Кедендік Одақ, кейінірек — Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды (2002 ж.). Осылайша еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жөніндегі идеясы біртіндеп жүзеге асып келеді. ЕурАзЭҚ құрылуы ынтымақтастықтың мүлдем жаңа біртүтас экономикалық кеңістік құруға өту кезеңін көрсетеді.

ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҮҚТКҮ) қамтамасыз етеді. Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҮҚТКҮ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады. Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «қалқаны» да бар.

Қазақстан халықаралық ұйымдар жүйесінде. Біздің мем-лекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі — елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу. Оны тек қана екі жақты ынтымақтастық жағдайында шешу мүмкін емес. Қазақстанға қатысы бар көп мөселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүниежүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар. Оларға елдер тобының немесе бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет. Осы жағдай халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдары бар. Ең маңызды әмбебапты әрі саны үлкені — Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан). Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 192 егеменді мемлекеттерінің 191-і кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 ж., 2 наурызында бірауыздан қабылданған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері — ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымы), МАГАТЕ (атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ДДҮ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және басқалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ) мүше болуының ел үшін маңызы зор болды. Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды. Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым — Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Оны бұрынғы кеңес — қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі») құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ құрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Моңғолия Индия, Пәкстан келіп қосылды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына да қатысады. Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды. Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу, офицерлерді даярлау мәселелерін қарастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі үйымы — Еуропалық Одақпен (ЕО) бірлесуге келісімі бар. ЕО құрамында 450 млн халқы бар 25 мемлекет бар. Еуропалық Одақ — Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы — олардың қазіргі әлемдік жағдайын немесе геосаяси жағдайын (ГСЖ) айтарлықтай өзгертті.

Геосаяси жаедай — елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дуние жүзінің аудандарына қатысты алғандагы саяси картадагы орнын анықтайды. Бірақ «елдің орны» дегенде, оның географиялық мекен-жайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру — қоршаған әлемге елдің мемлекеттік (ұлттық) мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.

Ешбір мемлекеттің, тіпті ең қуаттыларының геосаяси жағдаймен санаспауы мүмкін емес. Ол геосаясаткерлер мен стратегиялық зерттеу орталықтарының зерттеу пәні болып табылады. Олардың берген кеңестері бойынша мемлекеттің сыртқы саясаты жүргізіледі.

ГСЖ өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды. Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе керісінше, нашарлауы да мүмкін.

Геосаяси жағдайға әр түрлі деңгейде баға беруге болады:

Әлемдік деңгейдедүние жүзіндегі «қуатты орталықтарға (АҚШ, Еуропа Одағына, Жапонияға, содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда;

Аймақтық деңгейде өз аймағындағы елдерге, әсіресе шекаралас мемлекеттерге (іргелес орналасқан көрші мемлекеттерге) қатысты алғанда.

Қазақстаннық геосаяси жағдайына баға беру.

Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.

Біріншіден – минералдық ресурстар байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың кұны бойынша (АҚІП-та 8 трлн доллар болғанда, бізде 4 трлн доллар мөлшерінде) Қазақстан дүние жүзінде Бразилиямен бесінші-алтыншы орындарды бөліседі. Бұл — біздің еліміздің үлкен артықшылығы, оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай біздің елімізге ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.

Екіншіден, жер көлемінің аумақты болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалқ қызметтің шағын мөлшері — елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көлемде болуына әсерін тигізеді. Қазақстанның қорғаныс шығыны 250 млн долл. аспайды (қазіргі 10 соғыс ұшағының құнындай ғана). Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.

Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді. Ол үшін табиғи өсуді көтеру мақсатында мемлекеттік демографиялық саясат жүргізілуде. Бұл мәселені шешуде елге оралмандар мен реэмигранттардың оралуының да маңызы зор.

Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, көптеген халықаралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі қалыптасуда. Оның бірінші деңгейінде — ЕурАзЭҚ және ШЫҰ, екіншісінде — Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске (АҚСШК) мүше елдер бар. АҚСШК-і еліміздің Президенті Н. Ө. Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді. Оған 20-дан астам елдер қатысады, оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан жөне Пәкстан бар.

Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншісі- құрлық ішілік жағдайы (ашық, теңізге шығу жолының болмауы). Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік рынокқа шығаратын жаңа көлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша — Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан — Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты. Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.

Екінші ерекшелігі — әр турлі мәдениеттердің, aman айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің туйіскен жерінде орналасуы. АҚІП пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда. Үкімет халықаралық деңгейде әлемдік және ұлттык діндер Форумын өткізді.

Үшінші ерекшелігі — Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпір тәрізді. Үкімет аумақтың транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды. Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республиканың қауіпсіз болуына тәуелділігін арттырады.

Төртінші ерекшелігі — екі ірі державаның — Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы. Бұл елдер Қазақстанмен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретінде маңызы зор. Бұлар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде көп мелшерде қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдайға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.

Бесінші ерекшелік — Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүктелердің») пайда болуы.

Олардың ішіндегі ең қауіптісі –Ауғанстан (халықаалық террор, есірті саудасы).Қырғызтан мен Тәжікстандағы (ішкі қақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайлардың болуы.

Алтыншы ерекшелігі –Каспий теңіз-көлінің, стсаусы туралы кесісім жасалмаған Каспий бойы аймағндағы жағдай.