Географиялық орны.Жетісу Алатауы – Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік — батыс жалғасы.Ол солтүстік – шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік – батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан.Ұзындығы 450 км,ені 100-250 км.Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады.Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.
Жер бедері,геологиялық құрылысы.Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр.ҚӨазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғаса отырып,Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады.Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар.Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерлерде құрғақ дала боп кетеді.Аңғар бойында үйінді тастар көп.Жергілікті халық оны қорым дейді.
Жетісу Алатауының қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батысқа қарай Боротола өзеніне дейін ҚӨытай – Қазақстан шекарасы бойымен созылады.Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулар жотаға айналады.
Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар.Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Мұзтау (4370).
Солтүстік Жетісу жотасы сатылып,солтүстік – шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады.Оның алғашқы сатысы – Тастау, Ақан жайлау,Қоқыртас,Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м).Бұлардың аралығында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан.Оның ең ірісі – Ойжайлау қазаншұңқыры.Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгшей , Ешкіөлмес,Суықтау,Қарашоқы,Желдіқарағай тау жүйелері(2000 м).ҮҰшінші саты Шыбынды, Қарасарық,Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары,олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек,Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді.
Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді,бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген.Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы,Қотыпқайын,Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан.Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.
Климаты,өзендері мен мұздықтары.Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан.Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді.Тау етегінде неғұрлым құрғақ,континентті климат болып келеді.Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық,жазы қоңыр салқын,ауаның орташа температурасы қаңтарда -100-110 С,шілдеде 180 – 200 С. Жауны – шашынның жылдық мөлшері 600 – 800 мм,оңтүстік – шығыста -400 мм.
Жетісу қақпасынан Ебі желі соғады.Ол борлық,Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасынан оңтүстіңк – шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады.Ебі желі – жылы жел, жылдамдығы 60- 80 м/сек.Көбіне 1- 2,кейде 3-7 тәлік бойы соғады.Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.
Жетьісу Алатауында су қоры мол.Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды.Солтүстіктегі Ырғайты өзені Жалаңашкөлге , Жаманты өзені Алакөлге,Тентек өзені Сасықкөлге құяды.
Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады.Ол Көксумен,Быжымен Бәірге Балқашқа құяды.
Жетісу Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтаро орналасқан.Мұздықтардың көбі Солтүстік жотада орналасқан.Онда жалпы ауданы 996 км 2 – ге жететін 700 мұздық бар.Ең үлкен мұздықтары Лепсі өзенінің басында. Жетісу Алатауының мұздықтары Ырғайты,Тентек,Лепсі,Басқан,Сарқант,Ақсу,Биен сияқты жеті топқа бөлінеді.
Табиғат зоналары, өсімдәіктері мен жануарлары. Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады.Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт қалыптасқан.Таудың биіктік белдеулері шөл , шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м- ге дейін) басталады.Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр.Егістікке көкөніс, бау – бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі.Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады.Онда шырша,самырсын ағаштары өседі.Жануарлардан бұғы,аю,елік, т.б. кездеседі.
Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп.Олар зоналық зандылық бойынша тараған.