Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр.Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр – Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік – батысында Тұран ойпатымен шектеседіә.Батыстан шығсқа дейінгі ұзындығы 1200 км ,ені шығыс бқлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.
Жер бедері және геологиялық құрылысы. Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұа\рады.араларында үлкенді-кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі.Олар геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипатына қарай іштей жіктеледі. Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Ол палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан құралған аласа таулы аймақ болып келеді.
Бұл бөліктегі ең биік тауы – Қызыларай. Оның биік нүктесі — Ақсораң (1565 м). Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403 м), Кент (1460 м) таулары, одан әрәрек Баянауыл (950 м) , шығысында Шыңғыстау (1300 м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады.Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш, тұзды келеді.Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.
Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп те, қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі.Онда ертедегі палеозойдың магмасы мен шөгінді жыныстары тек биік жерлерде ғана көрініп жатады.Олар жазықтар мен ойыстарда палеоген дәуіріндегі көл және теңіз шөгінділерінің астында қалған.Мұндағы ірі ойыс – Теңіз – Қорғалжын қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады.Оның солтүстік – батысында – Көкшетау , оңтүстік – батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан.
Пайдалы қазбалары.Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке.Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады.Жезазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ,Қоңырат кен орындары мыс,темір, марганец кендеріне бай.Жайремде сирек метал өндіріледі.Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды, Жезқазған , Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.
Климаты. Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді.Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы – 14 – 18 С.Суық күндері – 40 С- қа дейін төмендейді.Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы 200— 240 , кейде 350 С- қа дейін көтеріледі.Жылдық ылғал мөлшері 200 – 300 мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі (370мм).
Өзендері мен көлдері.Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын және т.б. Олардың көбі көктемгі қар суымен қоректенеді. Жаз айларында құрғап,үзіліп – үзіліп қара суға айналады.Есілде ғана тұроақты су ағыны бар.
Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынған.Сарыарқада көл көп.Біразының суы ащы.Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай , Шортанды және Қорғалжың көлі.Қорғалжында қорық бар.
Табиғат зоналары.Өсімдіктер мен жануарлары. Сарыарқа жері дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді.Көкшетау , Атбасар өңірінде, Есіл өзенінің бойында қара топыраққа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан.Ол жерлерде егіндік өсіріледі.Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқө- шоқ қарағай,биші қаың ормандары өседі.
Дала зонасының оңтүстігін ала Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау,Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт климаты қуан, қошқыл қызыл қоңыр топырақ жамылғысына жусанды, бетеггелі, көделі,боз өсімдіктер жамылғысы таралған.Өзен бойында, тау баурайларында шабындық шалғындар,терек,қайын,қарағай,арша, тал өседі.Шөлейт зона мал жайылымына қолайлы.
Жануарлар дүниесі де дала , шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан.Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездеседі,дала мен шөлейт жерлерді ақбөкен,қасқыр, түлкі мекендейді.Көлджерінде құқстар көп.Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылды.
Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа таулары мен лолардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер : Көкшетаудағы шөкен бура,жеке батыр бейнелері,жұмбақ тас,оқ жетпес,Қрқаралыдағы тас құрбақа,Баян тауындағы мыстан кемпір және т.б. ұшырайды.Олар осы өлкелердің сұлу табиғатына қосылып, таң қалдырады.Көкшетау,Қарқаралы,Баянауыл Қазақстанның ең көрікті жерлері,демалыс орындары,туристер көп келетін аудандар.Оларға қатысты халық аңыздары мен ақын – жазушылардың шығармалары көп.