Қазақстанның климаты. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылық жасауы. Ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасұандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Өйткені Дүние жүзілік мұхиттардан мыңдаған км қашық жатқандықтанолардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.

Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратыны белгілі бір типтерін климат деп атайды. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиаатциясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.

Географияның өткен курстарынан белгілі бір орынның географиялық ендігінің, жер бедерінің және мұхиттың құрлықпен арақатынасының климатқа әсер ететінін білеміз. Климатқа әсер ететін жердің төсеніш беті (жер бедері, қар, су, топырақ пен өсімдік жамылғысы) туралы климат элементтеріне сипаттама беру кезінде айтылады. Ал климат факторларының алғашқы екеуіне жеке-жеке тоқталамыз.

Күн радиатциясы. Күнен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі. Күн радиатциясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылудыда сссссоғұрлым көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсуі бұрышы азайып, атмосфераны ұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды.

Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді. Осы бөлігін тура күн радиациясы дейміз. Күн сәулесінің бірәз бөлігін атмосферадағы су булары, мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өзіне сіңіріп және шашыратып таратады. Мұндай жағдайда Жер бетіне шашыранды радиатция жетеді. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы жиынтық радиация деп атайды. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиатция дейміз.

Күн радиатциясы түсіретін шама жарық шағылысы түсетін беткі қабат сипатына байланысты. Мысалы, қара топырақ күн радиатциясының 5 %-ын ғана, ал жаңа жауған қар 90%-ына дейін шағылыстыра (қайтара) алады.

Атмосфера әрқашан қозғалыста болады.Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары паида болады.Олардың өзіне тән температурасы,ылғалдылығы,мөлдірлілігі болад.Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен,ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып,сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады.

Қазақстан және басқа аумақтарда жүретін атмосфералық циркуляцияның басты ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляляцияның әсеріне байланысты.Мысалы,солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қозғап,2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай,Қазақстанға жетеді.Осы кезде,яғни зоналық циркуляция жүргенде,ресмпублика Еуразияның орталығында орналасқанына қарамастан,климаттың континенттігі азаяды

Ауа массаралы. Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсерін тигізеді-арктикалық,қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Қазақстан мұхиттардан өте қашықтықта жатыр.Тынық мұхит пен үнді мұхиты үстінде қалыптасатын ауа массалары Қазақстанға жетпейді.Ауаның төменгі қабатындағы ылғал жыл бойы бөлініп,жауын-шашын жазықтарға азырақ түседі.Қазақстанның климатына Атлант мұхиты мен Солтүстік мұзды мұхит және оның теңіздері ғана әсер етеді. Арктикалық ауа массалары.Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады.Арктикалық континентті ауаның температурасықыста да,жазда да төмен,сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды.Ауа өте мөлдір құрғақ болады.Бұл ауа солтүстіктен,көбінесе қыста енген кезге Қазақстанға антициклонды ауа райы орнайды.Антициклондардың әсерінен табиғатта антициклондық ауа райы,яғни үлкен көлеміндегі жоғарғы қысымдағы ауа құрғақ та ашық,қыста-суық,жазда ыстық ауа райы қалыптастырады.Арктикалық ауа жазда онтүстікте қарй жылжып отырып тез қызады және қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналады. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қаситетінің өзгеруі оның географиялық типін өзгертеді.Мұны трансформация деп атайды. Қоңыржай ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады,өйткені Қазақстан түгелімен дерлік қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.Батыстағы атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік қоңыржай ауасы деп аталады.Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жылдан өтіап,ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді.Солай бола тұрсада батыстан келетін ауа ағындары республикаға келетін жауын-шашынның көбін әкеледі.Мұхиттардан алыс қашықтықтарда көшкен ауа массасы біраз ылғал қорын жоғалтатындықтан біздің еліміздің аумағында жеткенде жауын шашын азырақ түседі.егер ауа массасы қыста температураны жоғарылатады,жазда төмендетеді.Бұдан кейін осы ауа массасы Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын континенттік ауа қасиетінде ие болады.

Тропиктік ауа массасы Қазақстанға орта Азия мен Йран аймағынан келеді.Континенттік ауа массаны Иран ауасы деп те атайды.Бұл ауаның келуі жазда байқалады.Қазақстанның қиыр оңтүстігін қамтиды.арал теңізінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің арасын қосатын сызыққа дейін жетеді.Жазда континенттік тропиктік ауа Қазақстан аумағы үстінде қалыптасады.Бүл тропиктік құрғақ ауа массасының қасиеті бар континентальді тұран ауасы оңтүстіктен келеді.Ауаның бұл типі әдетте Каспий маңы ойпаты,Тұран ойпаты,Оңтүстік қазақстан облысы жерінде байқалады.