Темір. Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украйнадан кейінгі 3-ші орын алады (17 млрд т ). Оның 93%-ы Қашар, Сарыбай, Соколов , Айат,Лисаков кен орындарында, Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұзбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-52%. Темір кеннің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) аймағында бар.
Марганец. Қазақстанда 11 марганец кен орны бар, ең ірі кен орындарында Орталық Қазақстан Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%-ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Манғыстау өңірлерінен де табылады. Республикамыздағы марганец рудасының қоры 408 млн т-ны құрайды.Дүние жүзі бойынша 2-ші орында.
Хром. Хромит кен орындарына 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дуние жүзінде 2-щі орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облымтарында да ашылады. ТМД елдеріндегі хромиттің 97%-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т.
Алюминий. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты – боксит. Ашылған 200 кен орнының 50-ден астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік- шығысында – Ақмола және Торғай ойысында( Арқалық торабы). Бұлардағы боксит қоры онша көп емес. Сондықтан құрамында глинозема бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестіріледі. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдынғы орындардың бірін алады.
Полиметалдар. Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, т.б металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы риддер, Зырян,т.б жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жетісу Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар.Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орндары Орталық Қазақстанда( Қызылеспе, Қасқаайғыр, т.б) барланған.
Мыс. Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны – Жезқазған. Бұл кен орын ТМД бойынша 1-ші, дүние жүзінде жетекші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады. Мысты кен орындарының ірілері- Қоңырат,Бозшакөл
Алтын. Қазақстанда 196 алтын кен орны бар. Республиканың шығысындғы Алтайда, Қолба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі Орталық қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары : кварцты желі, қайталама кварцт пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың ) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орнындары шоғырланған.
Сирек кездесетін металдар. Бұл топқа Вольфрам, молибден, Ванади, сүрме, т.б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап, т.б.) ақ полиметалл сондай- кен орындары –Жетісу Алатау мен Алтайда шоғырланған.
Рудасыз пайдалы қазбалар Асбест . Асбест кен орны магмалық жыныстарға байланысты игеріледі. Ең ірі кен орны Қостанай (Жітіқара) және Қарағанды (Жезқазған) облыстарында. Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбестің едәуір қоры бар .
Фосфорит. Қазақстан фосфориттің қоры жөнінен АҚШ-тан кейінгі 2-ші орынды алады. Оңтүстік Қазақстан аймағында, Қаратауда ірі фосфорит кен орындары (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) бар. Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кен орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Ақтөбе облысында, Жем өзеннің жоғары ағысында да кездеседі.
Тұз. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бар. Ондағы кей жерлерде тұз қабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса, калий, т.б. тұздарда кездеседі. Сондай-ақ Каспий маңы ойпатымен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған.
Қазақстан әктас, мергаль, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай. Бұлардың кен орындары республиканың көп жерінде кездеседі. Құрылыс материалдарының 1500 кен орындары ашылған.
Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Көптеген кен орындары бір-біріне жақын жатқандықтан (темір мен марганец, темір мен тас көмір, әктастар мен отқа төзімді саздар), бұларды кешенді түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Біраз пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатқандықтан, оларды қазып алу көп шығынды талап етпейтін ашық әдіспен өндіріледі. Қазақстанда барланған кен орындарының едәуір қазір пайдалануда. Солардың негізінде көптеген зауыттар салынды.
Қазақстанда минералды шикізат қорының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, көмір, темір рудасы, т.б. минералды ресурстар шексіз емес. Олардың жалпы қоры пайдаланылған сайын азая береді. Кейбір кен орындары сатылып, барлау нәтижесінде жаңа кен орындары ашылып жатыр. Мұның өзі жер қойнауы байлығын қорғауды талап етеді. Сонымен бірге кен орындарын игеру ісі табиғат қорларының (топырақ жамылғысы, жер асты және жер беті сулары, орман, егістік, жер, ауа, т.б.) жағдайына әсерін тигізеді.
Сондықтан сарқылатын қорларды кешенді әрі тиімді пайдалану және оларды сақтап, қорғау ісін жүйелі түрде жүргізу қажет. Табиғатта таза химиялық элемент кездеспейді. Мысалы, көптеген темір кенінің құрамына фосфор, күкірт сияқты сирек металдар бар. Негізгі кенмен бірге құрамындағы басқа қазбаны да айырған дұрыс. Ол үшін негізгі және бірге жатқан пайдалы қазбалар қорын жер қойнауынан неғұрлым толық алу керек. Шикізатты өндіргенде, Тасмалдағанда және өңдегенде кететін қыруар шығынмен күрескен жөн. Бүгінгі күні шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясына көшу тиімді болып отыр.