Аласа таулы өлкелер

Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңқыстау таулары жатады.

Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол бстысында Торғай үстіртімен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр – Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұланғайыр аумақты құрайды. Батыстан шығысқа қарай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал шығысында – 350 км-ге жуық.

Сарыарқа – Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Абсолюттік орташа биіктігі 500-600м. Оған млнлиондаған жыдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз,қар мен ағын су күшті әсер еткен. Бір кездегі биік таулар сыртқы күштердің әсерінен мүжіліп, алуан түрлі жер бедерлері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсақ шоқылар, жазықтар пайда болды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп,солтүстігінде, оңтүстікке және батысқа қарай аласыра береді. Ол солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасында суайырық болып саналады.

Сарыарқаның ең биік таулары қатарына шығы бөлігінде Ақсораң 1565м,Қарқаралы 1403м, Шыңғыстау 1305 м таулары, батыс бөлігіне Ұлытау 1133 м жатады. Сарыарқаның Қарқаралы Баянауыл және Көкшетау таулары өте көрікті. Жел мен жаңбырдан мүжілген жартастар өзінің ғажайып пішіндерімен таң қалдырады. Мұнда әдемі « мұнаралар», «қорған», «жеке батыр», «салт аттыны « және көл түбіне көтеріліп тұған әдемі «жұмбақ тасты» кездестіруге болады. Тау аралықтарында көгілдір мөлдір көлдер жарқырайды. Сыңсыған қарағай мен қайың, әйгілі «Жұмбақ тас», «Көкшенің шоқылары» ерекше сұлу болғандықтан, жұрт оны қазақстан Швейцариясы деп атайды.

Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде, қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км-ге созылған. Бір-біріне параллель жатқан батыс және шығыс жоталары арасында ені 15-20 км-лік толқынды жазық орнадпсқан. Оның кейбір жерлерінде ұсақ шоқыларда бар. Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара ьтұрған Шошқа көл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке. Ең биік жері – Үлкен Боқтыбай 657м.

Маңқыстау таулары Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде жатыр. Бұған Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тау тізбек тері кіреді. Қаратаудың ұзындығы 117 км, ал Ақтау 70 км-ге созылған. Олар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Маңққыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ құрылысымен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұсақтығы бар. Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы 556м.

Бұл таулар құм, кристальды тақтатастардан, қара әктастан (Қаратау) және ақ әк тастан (Ақтау) түзілген. Маңқыстау таулдарының оңтүстігінде қарақия немесе Батыр ойысы орналасқан. Ол- Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (-132 м) жатқан жері. Дүние жүзінде Израильдегі Өлітеңіз (-395 м), Қытайдағы Турпан (-154 м), Джибутидегі (Африка) Ассалы көлі (-150 м) мен Египеттегі Каттардан (-133 м) кейін бесінші орында.