Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелеу ерекшеліктері

Жер беті көлемінің бейнелену ерекшеліктері. Осыған дейін өткен тақырыптардан жердің мөлшері неғұрлым үлкен болса картада бейнеленетін аумақтың бұрмалану мөлшеріде соғұрлым арта түсетінін байқадық. Солдықтан ұсақ масштабты карталардан қашықтықта тек тұспалдап қана анықтауға болады. Ал дүние жүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықта өлшеу жұмыстары жүргізілмейді.

Жер бедерінің бейнеленуі. Жер бедері қатқабат бояулармен көрсетіледі (биіктікке оай бояудың реңі қалай өзгеретіні естеріңе түсіріңдер?).

Әр түрлі бояу сәйкес келетін биіктік сатыларының шекарасы горизонтальдармен белгіленеді. Бірақ олардың бір-бірінен биіктік айырмасы топогрпфиялық карталардағы сияқты тұрақты болмай өзгеріп отырады. Мәселен мектеп атласындағы жарты шарлар картасында горизонтальдар 0,200,500,2000,3000,5000 м сайын жүргізілген. 0метірден төмен жатқан жерлер қөю жасыл, 0 — 200 метр аралығы солғын жасыл, 200-500 м аралығы сарғыш түске, т.с.с бойалған. Әр түрлі бояудың қандай биіктіктерге сәйкес келетіндігі картаның төменгі жағындағы шекарасында көрсетілген. Биіктік шкаласын пайдаланғанда ерекше ескеретін жағдай – бір бояудың шетінде биіктік көрсетілетін барлық жерде бірдей болмайды – төменгі горизоталдан жоғарғы горизонталға қарай бірте-бірте өсе береді.

Тау шыңдары мен құрлықтағы терең ойыстардың теңіз деңгейінен биіктіктері циформен бөлек белгіленеді. Мәселен Тянь-Шандағы Хан тәңірі 6995м, Алтайдағы Ақтау (Мұзтау) 4506м, Маңғыстаудағы Қаракия ойысы – 132 м («-» таңба нүктенің теңіз деңгейінен төмен жатқандығын көрсетеді).

Жер беті суларының бейнеленуі. Жер беті сулар – мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады. Бояудың реңі тереңдікке байланысты өзгереді – тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Құрлықтың бедері сияқты теңіз түбінің бедеріде белгілі бір тереңдік сайын ерекшеленіп боялады. Тереңдік шамалары картаның түріне, қойған мақсатына оай түрлі мөлшерде алынады. Мектеп атласындағы жарты шарлар картасында бұл шама о,200,2000,4000,6000 м тереңдіктерге сәйкес келеді. Әр бір мұхиттағы немесе теңіздегі ең терең шұңғымалар анықталады. Өзендердің ұзындығы өзінің нақты мөлшеріне қарағанда қысқа болып тұседі. Өйткені шағын иілістері ұсақ масштаб бойынша белгілеуге келмейді.

Елді мекендердің бейнеленуі. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елдімекендер (мемлекеттердің астаналары, аса ірі өндіріс орталықтары,тарихи қалалар және т.с.с) түсіріледі. Елді мекендердің алып жатқан орнына дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарынан ең маңыздылары, солардың ішінде темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады. Мемлекеттік және саяси-әкімшілік шекараларды да табуға болады.