Жер планетасы-физикалық географияның зерттеу нысаны

Планеталар.Күн системасының тоғыз үлкен планеталары мына тәртіппен орналасқан: Меркурий,Шолпан, Ай мен Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун, Плутон. Планеталар орбита аралығы Күннен алыстаған сайын ұлғая түседі.

Планетелар мөлшері, химиялық құрамы, массасы, тығыздығы, айналу периоды бойынша бір­‑бірінен айырма жасайтын екі топқа Жер типтес планеталар ‑ Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, екіншіге ‑ Юпитер типтес алып планеталар ‑ Юпитер, Сатурн,Уран,Нептун жатады.Күннен ең алыста орналасқан планета Плутон әлі онша белгілі емес,кейбір сипаттарына қарап оны екінші топқа жатқызуға болмайды.Бірқатар ғалымдар оны Жер типтес планеталарға жатқызады,ал кейбіреулері оны ерекше қарап,Күннен соншалықта қашықта жатқан планета қатарына жатқызады.

Жер типтес планеталар онша үлкен емес,көбіне олар салмағы басым элементтерден тұрады және орбиталық қозғалыста үлкен жылдамдықпен айналады.

Күнге ең жақын орналасқан Меркурий планетасы,ол шамамен Жерден үш есе кіші.Меркурийден Күнге дейінгі аралық қашықтығы 46‑дан 70 млн.километрге жетеді.

Меркурийдің атмосферасының тығыздығы шамамен 50км жоғарыдағы жердің тығыздығындай болады.Кейде онда ақ түстес,қайдан шыққаны белгісіз онша тығыз емес бұлттар байқалады.Меркурийде ауырлық күші аз болғандықтан(жердікінен 3 есе аз),планетаның қойнауынан бөлініп шыққан газдар жеңіл ұшып кетеді.Меркурий атмосферасында азот,көмір қышқыл газы,атомдық сутегі,аргон,неон кездеседі.Меркурийде магнит өрісі бар деп болжайды.

Шолпан.Жер тобындағы күнен есептегенде екінші планета,одан шеңбер дерлік орбита бойынша,жердің 225 тәулігінде бір айналып өтеді.Шолпан мөлшері,массасы,тығыздығы жағынан Жерге ұқсас.Бірақ планеталардың ұқсастығына қарағанда олардың аралығында айырмашылықтар кем түспейді.

Шолпаның айналу осі оның күн маңындағы орбитасының жазықтықтығына перпендикуляр болып келеді,ал мұның өзі Шолпанда жыл мезгілдерінің ауысуы жоқ екендігін көрсетеді.Шолпнның бетін бұлт басып тұрады,сондықтан да “Венера”және “Маринер”ғылыми автоматты станцияларын ұшырғанға дейін ол жөнінде,түсінік аз болатын.

Шолпандағы бұлтардың шығу тегі және оның құрамы белгісіз,ол мұзды кристалдардан,немесе атмосфералық газдан тұра ма?

Шолпаннан әр Күннен орта есеппен 149млн.км қашықтықта Жер орналасқан.Мұнда біз оған жете сипаттама бермейміз,әзірше 1,2‑таблитцаларда келтірілген мәліметтермен шектелеміз.Кейін тиісті бөлімдерде Жер жайында толықтырамыз.

Жерді қос планета деп негісіз айтпаған.Оның серігі Ай орта есеппен 384 400км.қашықтықта орналасқан,бұл Жер‑Күн қашықтығының 0,003‑ке жуық және Жерден ең жақын планеталар Шолпан мен Марсқа дейінгі қашықтықтығының 0,01 деген сөз.Жарық бұл қашықтықты 1,28 секундта өтеді.

Ай Күн системасының ең үлкен серігі емес.Мөлшері жөнінен одан Сатурн серігі Титан (диаметрі 5 000км),Юпитер серіктері Ганимед (4940 км)және Калисто (4680км),Нептун серігі Тритон (4000 км) асып түседі.Бірақ серіктің массасының онымен қоса жүретін планетаның массасына қатынасына қарағанда,яғни планетаға әсер ету мүмкіншілігі жағынан Айға тең келетінні жоқ.

Айда ешқандай тіршіліктін бар екендігі байқалмады.Айдың фигрурасы шардан ауытқиды.Полярлық радиусы шамамен экваториялдықтан 500м қысқа,центірден солтүстік полюске қарағанда оңтүстік полюске дейінгі қашықтығы аз.

Айдың беті, әсіресе оның көрінетін жағы жақсы белгілі.ертеден теңіздер деп аталып келген қарауытқан учаскілер базальт лавалары жапқан кең жазықтар болып отыр.ашығырақ көрінетін учаскелер‑материктер‑анортозиттарымен жамылған жоталармен аңғарлар бар биік үстіртер:Материктік учаскелер Айдың теріс жағында басым.

Айдың рельефінің аса тән формасы –кратерлер.Олардың ірілерінің көлденеңі жүздеген метрге жетеді,ал кіші кратерлерінің көлденеңі не бары бірнеше одаған сантиметірден аспайды.

Ай сілкінулерге жүргізген бақылаулар бойынша Ай мен жердің ішкі құрылысы ұқсас.Айдың қыртысы (шамамен қалыңдығы 55км),мантия‑қабығы(төменгі шегарасы 800‑1000км тереңдікте) және ядросы бар,ол блқытылған болуы мүмкін.Зерттеушілер Ай ыстық болған деп есептейді.

Марс‑Жер тобындағы сыртқы планета.Оның Күнге дейінгі ара қашықтығы 200‑ден 250 млн.км ауысып тұрады.Марс Күнді толық айналып шығу үшін 678 жер тәулігі қажет.

Марс мөлшері жөнінен Жерден 2 есе,массасы жөнінен 9есе кіші.Марс пен Жердің ара қашықтығы 56дан 400млн. км ауысып тұрады.Осімен айналу периоды 24с.37мин. яғни Жердің осімен айналу периодына жақын.

Марыстың ерекшелігі‑ақ полярлық «бөріктер» қаптаған,ол қыста өсіп,жазда тартылып отырады.Өйткені Марстың оңтүстік жарты шары солтүсттіке қарағанда жылылау,оңтүстік полярлық «бөрік»күштірек тартылады,ал кейде жазда мүлдем жоғалады.

Марстың рельфінде ашығырақ көрінетін салыстырмалы көтерінкі кеңістіктер –«материктер» және қарауытқан депресиялар‑«теңіздер» бар.Сақиналы таулар мен байланысты кратерлер,циріктер көп.Марстың беті кеуек тығыз емес және жылу сыиымдылығы аз деп болжанады,ол темір тотығы гидратары қосындысы бар силикттардан құралған.

Юпитер‑Күн системасындағы еңүлкен планета.Оның массасы қалған басқа планеталардың жалпы массасының 71% қамтиды.Юпитер Жерге қарағанда Күннен бес есе алыста орналасқан және күн жылуын 27 есе кем алады,оның үстіне едәуір бөлігі шағылады.

Планетаның осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр дерлік болып келеді,ал мұның өзі жыл мезгілдері ауысуының жақсы білінбейтігін көрсетеді.

Юпитердің толып жатқан спутниктер системалары бар,оның ішінде ең үлкені –Ганимед,бұл Меркурйден де ірі.Төрт спутниктің Юпитерді айналу бағыты планетаның айналуына кері, соған қарағанда,ол Юпитердің тартылыс өрісі қосып алған кіші планеталар болуы тиіс.

Сатурн‑Юпитерге қарағанда 2 есе,Жерге қарағанда 9есе Күннен алыста жатыр.Сатурн көлемі жөнінен жерден 760 есе,ал массасы жөніне не бары 95 есе үлкен.Планета жылы Жердің 29,5 жылына тнң.Осімен айналу периоды әр ендік терде әр түрлі:25‑30 ендікте 10с14мин,ал қалған ендіктерде 10 с40мин.Күн жылуын Жерге қарағанда 98есе кем алады.

Сатурнның ерекшелігі –экватор жазықтығында жатқан 3 жартылай мөлдір сақинасы,олар Кемплердің үшінші заңына сай айналады.Сақинаның сыртқы диаметрі 27500км,қалыңдығы 100 м-ден 20км аралығында.Сатурнның 10 спутнигі бар,олар мұздан және метанан тұруы мүмкін.Күн системасындағы спутниктердің ең үлкені Сатурнның спутнигі Титан,оның метан және аммиактан тұратын атмосферасы бар.Сатурнда магниттік өрістің бар екендігі анықталмаған.

Уранның бұдан бұрынғы қаралған планеталардан айырмашылығын Жерден телескоп арқылы көруге болады.Оның Күнге дейінгі қашықтығы Күннен Жерге дейінгі аралықтан 19 есе көп.

Жермне салыстырғанда планетаның диаметрі 4есе,массасы 14,6 есе артық.Күн системасындағы барлық планеталардың көп көлбеуі –98.Оның айналуы Күннің және басқа планеталардың айналу бағытына қарама-жүреді.

Уран метаннан (80%) сутектен (2%) және ауыр элементерден тұрады деп болжанады.Уранға күн жылуы Жерге қарағанда 370есе аз барады.

Уранның төңірегінде 5 спутник айналып жүреді,орбиталардың жазықтығы Уран орбиталардың жазықтығы Уран орбитасының жазықтығына перпендикуляр.

Нептун.Жерге қарағанда 30есе қашықтықта Күн төңірегінде айналады,165 жер жылы ішінде толық айналып шығады.

Нептун 74% аммиактан және 26% ауыр элементтерден тұрады.Нептунның екі спутнигі бар .Олардың бірі Тритон.Ол қатқан газдардан тұрады және 10млн. Жылдан 1млрд.жыл мерзім ішінде Тритон қирап бұзылуы тиіс,сөитіп Сатурндағы сияқты сақина жасалуына негіз бар.

Плутон‑Күн системасындағы бізге белгілі планеталардың ішіндегі ең алыста тұратыны.Плутонның орбитасы басқа планеталардың орбиталарымен салыстырғанда өте созылынқы,сонымен бірге басқа планеталардың әсерімен оның эксцентриситеті уақыт бойынша едәір өзгереді.

Плутонға күн жылуы Жерге қарағанда 1600 есе аз барады және соған орай температура да төмен болуы мүмкін.Мұның өзі атмосфераға газдарын сұйық немесе қатты күйге айналдыруы мүмкін.